ФорумРубрика: Кіші жүзАлаш → Кіші жүз → Байұлы → Байбақты →…Бектілеу атамызды шежіреге кім қосты?
0 +1 -1
Aliya KenjegalievaAliya Kenjegalieva Админ. спросил 1 week назад

Сәлеметсіздер ме, қадірлі ағайын!
Мен өз әулетіміздің шежіресін қарап отырып, Бектілеу атамыздың аты сайтта бар екенін көрдім.
Біздің шежіре:
Алаш → Кіші жүз → Байұлы → Байбақты → Жанбақты → Алдаберген-Әптеке → Андас → Байкелді → Шенен → Жанқара → Нементай → Күлмамбет → Сүндетхан → Бектілеу.
Бектілеу атамыздың екі ұлы болған:

  • Әбдуғали – менің әкем.
  • Нұрғали – әкемнің ағасі.

Сайтта тек Нұрғали ағайдың есімі ғана көрсетілген, ал Әбдуғали әкемнің аты жоқ екен.
Бұл деректі кім енгізгенін білгім келеді. Мүмкін, әкемнің немере ағайлары немесе басқа туыстар қосқан шығар.
Егер осы тармақты енгізген ағайын болса, немесе білетін адам бар болса, өтініш, хабарласыңыздар.
Рахмет!
Алия

Алаш → Кіші жүз → Байұлы → Байбақты →…Бектілеу атамызды шежіреге кім қосты?