ФорумРубрика: Кіші жүзАдайлар, көмектеріңіз керек еді?
0 +1 -1
Ержан ЕрсайынЕржан Ерсайын спросил 6 years назад

Есімім Ержан. Руым – адай. Орал қаласынанмын. Тұрсын атам 1909 жылы дүниеге келген. Аштық жылдар кезінде осы Орал облысына аударып жіберіпті. Әжемнің айтуы бойынша 1914 жылғы дүниеге келген аман қалған жалғыз қарындасының есімі Бөкел. Басқа ақпарат жоқ. Енді толық жеті атамды ұмытып қалғалы көп болды. Есімізге түсіп қоймады. Мен дүниеге келгенде Тұрсын атам өмірден озып кеткен. Бірақ қалдырып кеткен қағазы бар еді. Бірақ кішкентай кезімде жоғалтып алғанмын. Әкемнің де, әкемнің ағасының да  есінде қалмапты.
Адай – Құдайке- Қосай – Тіней – Таңат – Қоңыс – Есембай – Қышан – ? –  Баймағамбет – ? – Шакен – Тұрсын – Ерсайын – Ержан
Маған жоғарда көрсетілгендей Қышаннан кейінгі аталардың және Баймағанметтің ұрпақтарының есімі керек, мүмкін еске түсер. 
Рахмет.

Адайлар, көмектеріңіз керек еді?
Айсагали СадуакасовАйсагали Садуакасов Админ. ответил 6 years назад

Қазір сайтта ондай ақпарат толтырылмаған, себебі Қосайдан тарайтын ұрпақтар әлі толтырып жатыр. Сайтты тексеріп тұрыңыз жақын арада қосылу мүмкін. Рахмет.