ФорумРубрика: Сайт туралыЖаңа 2019 жыл құтты болсын
2 +1 -1
Телжан СлямұлыТелжан Слямұлы Админ. спросил 5 years назад

Құрметті ағайын, достар!
Сіздерді Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа 2019 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа 2019 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспіз!
Ізгі ниетпен, сайт әкімшілігімен модераторлар бауырларыңыз!

Жаңа 2019 жыл құтты болсын
1 ответ
0 +1 -1
Құсайын ҒайноллаұлыҚұсайын Ғайноллаұлы Админ. ответил 5 years назад

Рахмет. Сізге де басталған жыл қуаныш пен бақыт әкелсін! Ұрпағыма руымның шежіресін анықтап қалдыру мақсатында 10 шақты жылдан бері мәлімет жинап жүрмін. Өткен ғасырдың ортасында әкем құдаларынан (Ысық руынан) шежіремізді көшіріп алған. Онда: Байұлы – Сұлтансыйық – Алаша – Ақберлі – Барамық -Тоқбас – Құлыкей – Сары – Есіркеп – Жанақ – Сатай – Тоғызбай – Балмағамбет (Жармағамбет, т.б.) – Қабдырахман – Қабиболла, Қамидолла, Шайқы, Мүтиғолла, Ғайнолла – … – делінген. Осы жылдың наурыз айында Жармағамбет бабамыздың ұрпақтарының шежіресінде: Байұлы – Сұлтансыйық – Алаша – Ақберлі – Барамық -Тоқбас – Құлыкей – Есіркеп – Қалдыаман – Жанақ – Түрікпен – Сатай – Тоғызбай – Балмағамбет (Жармағамбет, т.б.) – Қабдырахман – Қабиболла, Қамидолла, Шайқы, Мүтиғолла, Ғайнолла – … – делінген, олардан әрі қарай жалғасатын әлі үш ұрпақ бар. Сіздің сайтыңыздағы Тоқбастың Қошқарбай мен Қожанай қатарына үшінші етіп Құлыкей бабамызды қоссаңыз жақсы болар еді.

Ответить на Жаңа 2019 жыл құтты болсын
Айбар ТасболатовАйбар Тасболатов Админ. ответил 5 years назад

Сізбен қалай хабарласамыз байланыс номеріңізді қалдырыңыз

Құсайын ҒайноллаұлыҚұсайын Ғайноллаұлы Админ. ответил 5 years назад

Кіші жүз Алаша руындағы: Қаратоқай, Бәйімбет (Бейімбет) пен Зорым Шағалақтың балалары болғандықтан оларды Барамықтың балалары қатарына қате қосылған (алып тастау керек). Менің телефоным 8-7718650642