ФорумРубрика: Кіші жүзАлаша Тоқбас
0 +1 -1
Құсайын ҒайноллаұлыҚұсайын Ғайноллаұлы Админ. спросил 5 years назад

Ұрпағыма руымның шежіресін анықтап қалдыру мақсатында 10 шақты жылдан бері мәлімет жинап жүрмін. Өткен ғасырдың ортасында әкем құдаларынан (Ысық руынан) шежіремізді көшіріп алған. Онда: Байұлы – Сұлтансыйық – Алаша – Ақберлі – Барамық -Тоқбас – Құлыкей – Сары – Есіркеп – Жанақ – Сатай – Тоғызбай – Балмағамбет (Жармағамбет, т.б.) – Қабдырахман – Қабиболла, Қамидолла, Шайқы, Мүтиғолла, Ғайнолла – … – делінген. Осы жылдың наурыз айында Жармағамбет бабамыздың ұрпақтарын алған шежіресінде: Байұлы – Сұлтансыйық – Алаша – Ақберлі – Барамық -Тоқбас – Құлыкей – Есіркеп – Қалдыаман – Жанақ – Түрікпен – Сатай – Тоғызбай – Балмағамбет (Жармағамбет, т.б.) – Қабдырахман – Қабиболла, Қамидолла, Шайқы, Мүтиғолла, Ғайнолла – … – делінген, олардан әрі қарай жалғасатын әлі үш ұрпақ бар. Сіздің сайтыңыздағы Тоқбастың Қошқарбай мен Қожанай қатарына үшінші етіп Құлыкей бабамызды қоссаңыз жақсы болар еді.

Алаша Тоқбас
Айбар ТасболатовАйбар Тасболатов Админ. ответил 5 years назад

87785595659 хабарласыңыз

Құсайын ҒайноллаұлыҚұсайын Ғайноллаұлы Админ. ответил 5 years назад

Менің ватсап пен телефоным: 8-771-865-0642

Құсайын ҒайноллаұлыҚұсайын Ғайноллаұлы Админ. ответил 5 years назад

Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар: біреу тайына, біреу атына мінгенде. бір бала жыламсырап қарап тұрып қалды. Мұны көріп, Байұлы қасына барып:
— Сен неге атыңа мінбейсің? — деді.
Бала қамығып:
— Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, — деді.
Сонда Байұлы аттан түсіп жаяу әкесіне барып:
— Мен атқа мінгенде, ер-тоқымымен маған бір жорға тай атап едіңіз, сол тайымды біреуге берсем сіз ұрыспайсыз ба? — деді.
Әкесі:
— Кімге бересің? — деді.
Бала қысылыңқырап тұрып, жаяу жылап тұрған жарлының баласын көрсетті. Бұған әкесі де түсініп, бетінен сүйіп:
— Тайыңды кімге берсең де ерік өзіңде,- деді.
Сонан соң Байұлы қуанып, тайды ерттетіп, манағы балаға әкеп беріп, қасына ертіп алды да, шауып кеп, көп балаға қосылды. Сол уакытта бір аксақал жақсы кісі қонақ болып жатыр екен, Байұлынын әлгі мырзалығын көріп, разы болып, сыртынан бата берді:
— Ей, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер.- деп. Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында Байұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай, руға бас болды. Он екі ата Байұлы деген ру сонан болды деседі.
Қыдырқожадан үш бала болған: Сұлтансиық, Қыдырсиық, Бақытсиық. Сұлтансиықтан бес бала: Байбақты, Алаша, Масқар, Тана, Қызылқұрт. Қыдырсиықтан алты бала: Ысық, Беріш, Адай, Таз, Есентемір, Шеркеш. Бақытсиықтан бір бала қалған: Жаппас. Байұлының тоқалы Алтын жетім қалған Жаппас немересін өзінің балаларына қосып өсірген. Алтын деген — Қыдырқожаның (Байұлының) кіші тоқалы. Байұлы қарттың үлкейгенде орта жүздегі Қыпшақтан айттырып алған ең кіші әйелі. Яғни, Алтын деген — Қыпшақтың қызы. Сондықтан, Алтын-Жаппастар қазіргі кезде де Еділ-Жайық бойынан гөрі Сыр мен Арал бойында көбірек тұрады. Осы айтылған барлық 12 ру «он екі ата Байұлы» деп аталады.

1 ответ
0 +1 -1
Құсайын ҒайноллаұлыҚұсайын Ғайноллаұлы Админ. ответил 5 years назад

Сайт қызметкеріне көп-көп рахмет. Бақытты болыңыз! Ісіңіз алға бассын.

Ответить на Алаша Тоқбас