ФорумРубрика: Ұлы жүзҚарасай Алтынайұлы!
0 +1 -1
Мухтар ОналбайМухтар Оналбай Админ. спросил 4 years назад

Ассалаумуғалейкум!  Шапрашты  Есқожадан тараған-  Алысай, Алтынай, Шуаш
Алтынайдан тараған-  Қарасай!
қалай түзеуге болады?

Қарасай Алтынайұлы!
5 ответ
0 +1 -1
Узакбай СурашовУзакбай Сурашов Админ. ответил 4 years назад

Алтынайдан Абыз. Ауыздан Қарасай батыр таратылып тұрған жоқ па ?

Ответить на Қарасай Алтынайұлы!
Узакбай СурашовУзакбай Сурашов Админ. ответил 4 years назад

Абыздан

Мухтар ОналбайМухтар Оналбай Админ. ответил 4 years назад

Алтынайдан Абыз; Абыздан Шегір, Қайдауыл, Қарасай батыр.- осындай да мәлімет бар
мен алған дереккөз;”Бәйдібек баба- Алып Байтерек. Ұрпақтар шежіресі” Алматы: Өнер. 2000

0 +1 -1
Узакбай СурашовУзакбай Сурашов Админ. ответил 4 years назад

Енді дұрыс па ? Алла разы болсын ! 87024258809.

Ответить на Қарасай Алтынайұлы!
Узакбай СурашовУзакбай Сурашов Админ. ответил 4 years назад

Қарап, тексеріп ал.

Мухтар ОналбайМухтар Оналбай Админ. ответил 4 years назад

бәрі аусып кетіптіғой,
былай дұрыс: Алтынай- Абыз -Карасай

0 +1 -1
Узакбай СурашовУзакбай Сурашов Админ. ответил 4 years назад

Түзітілгеннен кейін ауысады да. Алла разы болсын !

Ответить на Қарасай Алтынайұлы!
0 +1 -1
Шакирова КарлыгашШакирова Карлыгаш ответил 2 years назад

Ответить на Қарасай Алтынайұлы!
0 +1 -1
Шакирова КарлыгашШакирова Карлыгаш ответил 2 years назад

Шапырашты тайпасының Еміл руынан шыққан атақты Қарасай батырдың немересі Жарылғап заманында ел билеген би, қол бастаған батыр болған адам екен. Аты – Шапырашты тайпасының ұранына айналған атақты Қарасай батырдың төрт баласы – Әуез, Өтеп, Түрікпен, Көшектен бірталай ұрпақ өрбіген. Түрікпеннің үш әйелінен бес баласы болған. Бірінші әйелі біздің шешеміз қыпшақ қызынан – Тілеу, Жарылғап екінші әйелінен –Түктіқұрт, Қызылқұрт, үшінші әйелі қалмақ қызынан – Малғара деген балалар болғаны белгілі. Жетісудың айтулы батырлардың бірталайы Түрікпеннің ұрпақтары болып келеді.
Осы аталған аталарымыздың бәрі дерлік қалмақпен болған соғыстарда елін жаудан қорғап, ерлік көрсеткен адамдар. Түктіқұрт балалары Дәулет, Қаумен, Бәйтелі, Жәпек батырлар қалмақ соғысының басынан аяғына дейін қатысқан, мыңбасы, жекпе жекке шыққан айтулы батырлар. Дәулет пен Қаумен туралы Бұқар жырау: Қаумен, Дәулет қасында, Бақ дәулеті басында, – деп өзінің айтулы жырына қосқан. Қазақ халқында қашанда балаларын біріне-бірі ес болсын деп еншілерін бірге бөліп беретін дәстүр Арыс бабамыздың заманынан келе жатқан жоралғы болатын. Сол сияқты Түрікпен атамыздың екі баласы Тілеу мен Жарылғап еншілерін бірге алған. Олардың ұрпақтары кейінгі заманға дейін өздерінің еншілерін бөлмеген. Олардан тараған ұрпақтың көбі қазірге дейін атақты Суықтөбе тауының бауырындағы Қастек, Талап ауылдарында араласып тұрып жатыр. Осы заманға дейін Тілеуді айтса, оның туысы деп Жарылғапты, Жарылғаптарды айтса, Тілеулерді қосып айтады. Шежіреден шала шолатындар бұл екеуінің өзара жақындығын түсіндіре алмайды. Халық аузынан жеткен әңгімелерге қарағанда Жарылғап ағасы Тілеумен енші бөліспей, оның айтқанын екі етпей сыйлап, құрмет тұтқан екен. Жас Жарылғап екеуінің малын бағып жүріп, қырыққа дейін үйленбеген дейді. Тілеу өзі мырза адам болған, оның үйленбегенін байқамаған екен. Осы жерде әңгіме ауыздан-ауызға айтылғанынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, әсіреленіп, оқиғалары қоюланып кететінін біз ескеріп отыруымыз керек. Қазіргі заманда қырыққа дейін үйленбейтін адамдар болар, ал ол уақытта жиырмаға деиін үйленбеу мүмкін болмаған жағдай. Атамыз Жарылғап үйленбей жүрсе, ары кетсе сол жиырма болар, қырық деп соңғы айтқандар қосып алған шығар деп ойлаймыз. Бұл әңгіменің негізгі мазмұны атамыздың қай уақытта үй болғаны жайлы емес. Қазіргі ұрпаққа үлгі болсын деп, аталарымыздың өзінен үлкен ағасын қалай құрметтегені, сыйлағаны, сондай-ақ өзінің үйленетін уақыты болса да тіс жарып, бір ауыз болса да сөз айтпағаны туралы болып отыр.
Қазыбек бектің құнды деректерге бай “Түп – тұқианнан өзіме шейін” кітабында осы жоғарыда аталған батырлардың ерліктері мен олардың өмір тарихы жайлы баға жетпес мағлұматтар жеткілікті. 1710 жылы Тәуке хан Жетісуда Лабастың Көктөбенің жайлауын жаз бойы жайлап, алты айдай болады. Сол кезде Қазыбек бек Жетісудің билерімен бірге, ішінде Жарылғап би бар, Тәуке ханға сәлем беруге барады: “Алғаш мен Жетісудің барлық билерімен бірге Дулат Жаныс Бұрқыл би, Шапырашты Тауасар, Жарылғап би, Ысты Нұрмамбет би, Жалайыр Жолбарыс би сияқтылармен бірге сәлем беруге келгенмін” (212-бет) деген. Осы жерден байқағанымыз, атамыз Жарылғап Жетісудың айтулы билерінің бірі болған екен.
Жарылғап атамыз 1723 жылғы қалмақ шапқыншылығы кезінде болған қырғын соғыстарға қатысқан. Оның сегіз баласының бәрі шетінен “сен тұр, мен атайын” батыр адамдар болғанын білеміз. Оның ішінен Қастек батыр заманында Жетісудің айтулы, атақты батырларының бірі екені Қазыбек бектің кітабы арқылы тағы бір дәлелденіп отыр. Ол туралы Қазыбек бек Іленің оң қанатындағы елдің қалмақтардан қашып, өзеннің суынан өткен кезде: “Іленің сол қанатында Шапырашты Асыл Құттымбет, қазір менімен бірге қартайып отырған Асыл Еспенбет батыр, Дулат–Жаныс Өтеген Өтеғұлы, жас өрен Шапырашты–Еміл Қастек Жарылғап баласы ат үстінде қарсы алды. Бізді қырылып қалды деп естіген олар мал-жанымыз түгел Тайбақайдан өткенде қуаныштары қойына сыймады” (219-бет)– деп, сол уақытта тұтқиылдан шабуыл жасаған жаудан аман құтылған бауырларының елге қосылғанына қатты қуанған, соларды қарсы алған Шапырашты, Дулаттың игі жақсыларын айтып отыр. Бұл жердегі Қазыбек бектің айтып отырған адамдары сол уақыттағы елдің басын қосып, ата жауға қарсы күресте елге ұйтқы болған айтулы тұлғалар. Солардың ішінде жас та болса елге бас бола білген Жарылғап баласы Қастек батырдың болуы да жайдан жай емес.
Сол кездерде бекет-бекініс болған, кейін Қастек батырдың құрметіне осылай аталған бекініс үшін болған ұрыста Жарылғап ұлы Қастек батыр жау қолынан мерт болады. Сол ұрыстарға тікелей басшылық жасаған Қазыбек бек өз көзімен көргендерін жазған: “Бірақ оның есесіне Саржазық аузындағы Қастек бекінісінде тұрғандардан шығын көбірек болды. Қастек бекінісі бабаларымыз Бәйдібек, Шапырашты орнатқан ежелгі ұрыс орны болатын. Ол атақты керуен жолының үстінде, яғни Қастек асуында. Керуен осы асу арқылы асып, Лабастың күнгейінен теріскейіне түсетін. Сай аузында тұрған өндір жас Қастек батырдан айырылып қалдық. Кешке дейін сай аузын аңдып тұрған жігіттер жалығып кешкі тамаққа кетеді. Сай аузында жиырма бір жастағы Қастек көптеуілде қалады. Сайға беттеген қалмақтармен жалғыз соғысқан Қастек садақ оғы таусылғанша атысып, ақыры өзіне оқ тиіп, мерт болады. Мұны кешігіп білген Қарасай батырдың ұрпақтары Өтеп, Түрікпендер тікелей қоян-қолтық соғыс ашады. Бес жүздей қалмақ қаптап кеткен қазақтардан жеңіле бастап қашқанда біз де Саржазық аузына жеткен едік. Қалмақтар қойдай қырылды, бізден де шығын аз болған жоқ.. “Біз соғыспасақ бәрібір олар бізді тігерге тұяқ қоймай қырар еді” деп Қастектің әкесі Жарылғап кескілескен ұрыста қатты ерлік көрсетті. Қарақыстақ сайынан қашқандар төмендеп батысқа жылжып бара жатқан ойрат қолына қосылды. Ал Саржазықта қалмақтан ешкім құтылған жоқ.. Бәрі түгел қырылды. Қастек аузынан олар шыға алмай қалды” (222-бет) делінген.
Атақты керуен жолының, яғни Жібек жолының бойында, Лабастың күнгейінен теріскейіне асатын асудың үстінде орналасқан Қастек бекінісі бабаларымыз Бәйдібек пен Шапырашты салған ежелгі ұрыс орны екен. Осы құнды дерек арқылы аталарымыздың бұл жерлерді атам заманнан, яғни VII ғасырдан бері қонсыстанып келе жатқаны айқындалады. Кейбір адамдар Шапыраштылар бұл жерлерге кейін келген деген әңгімелер айтатыны бар. Ал, бұл дерек Бәйдібек бабамыз бен Шапырашты атамыздың өзі осы жердегі бекіністі салғанын нақты дәлелдейді.
Қыршын кеткен Қастек батырдың құрметіне аталарымыз біраз жердің атын қойған болатын. Қазіргі Жамбыл ауданы 1938 жылға дейін Қастек ауданы аталған. Қастек батыр мерт болған жер қазірге дейін Қастек ауылы аталады. Сол ауылда осы уақытқа дейін ағайынды Тілеу, Жарылап ұрпақтары тұрып жатыр. Сол жерден ағатын өзеннің де аты – Қастек. Кеңес уақытының өзінде Қастек батыр атындағы асыл тұқымды қой зауыты да болған. Ал, Алматы қаласындағы басты көшелердің бірі өткен ғасырдың елуінші жылдарының соңына дейін Қастек батыр атымен аталып келді. Көне заманның батырлары мен ақындарына, хандары мен билеріне қырын қараған кеңестік саясаттың салдарынан қаланың әсіреқызыл, көрсоқыр башшылары Қастек батырдың атын алып тастады. Қазір ол көше Қожамқұлов деп аталады. Енді тәуелсіздік алып, көк байрағымызды көкке көтеріп жатқан тұста елі мен жерін ерлікпен қорғап, мерт болған батырдың есімін ұрпақ есінде қалдыру үшін Алматының бір көшесін қайтадан батыр есімімен атаса ешқандай артықшылығы жоқ, бұл үлкен ғибратты іс болар еді.
Осы жерде Тілеу – Жарылғап ұрпақтарына, тіпті бүкіл Қарасай бабамыздан тараған ұрпаққа айтарымыз: сол елі үшін шейіт болып артында ұрпақ та қалмай, қыршын кеткен Қастек батырдың басына ел болып белгі, кесене тұрғызсақ батыр бабымыздың аруағы риза болар еді! Бүгінгі ұрпақ ол батыр бабамызды ұмытпай, басына зиарат етіп, құран оқып жүрсе Алла тағала риза болмай ма?!
Заманында елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін крескен ерлерді жырға қосуы арқылы айтыс өнерінде ешкімнен жеңілмеген Сүйінбай ақынның атақты “Бөрілі байрақ” өлеңінде батыр бабамыз туралы:
Жау тисе жапан далада,
Бөрілі найза атамыз,
Қарасайлап шабамыз,
Қызыл қанға батамыз.
Бөрілі байрақ астында,
Ту түсіріп, жау алған,
Қазыбек, Қастек атамыз, –
деп Қазыбек, Қастек батырлардың атын бүкіл қазақа паш етті.
Жарылғап бидің қалған жеті баласы – Қойсоймас, Қойгелді, Жәнгелді, Сатыбалды, Қараш, Қараша, Тоқтылар да алған беттен қайтпайтын, жасанған жаудан ықпайтын қайтпас, қайсар батырлар болғандығынан заманында «Жеті қабан» аталған екен. «Жеті қабан» атауы осы заманға дейін сақталған. Заманында Қараш та асқан батыр болған. Сонымен бірге ол атамыздың әулиелігі де болған. Қараш батырдың ерлігін атақты ақындар Сүйінбай мен Жамбыл бүкіл қазаққа паш етті. Ол батыр бабамыздың ерлігімен әулиелігі туралы бұрынғы уақытта ақсақалдар көп әңгімелер айтатын. Қараштың атының өзі сол уақыттағы ұрпаққа жігер беріп тұрар еді. Қараш батыр қалмақпен болған ұрыстарға қатысқаны жөнінде дерек жоқ.. Қырғыз манаптарының біздің елге жасаған шабуылдарына әлдененше рет соққы бергені жайлы әңгімелер бізге жеткен. Сол әңгімелерден білгеніміз – қырғыз манаптары Қараш батырдың заманында біздің елге тонаушылық саясатын жүргізе алмаған екен. Күнгей Алатаудағы Шапырашты, Дулатты қырғыз манаптарынан қорғауға барып мерт болған ағасы Жәнгелдінің баласы Самсы батырдың денесін ата қонысқа алып келіп жерлеуге бас болған да Қараш батыр еді. Қараш батыр да, Самсы батыр да елін манаптардан қорғаған айтулы батырлар.
1916 жылғы патшаға қарсы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде Батыс Қастек шайқасына осы екі рудың адамдарынан шыққан ерлер басшылық еткен. Азаттықтың ақ туын жоғары көтеріп, басқыншыларға қарсайып тұрып, шабуылға шыққан Сатай батырдың ерлігін ел ұмытқан жоқ.. Сондай айтулы билердің, батырлардың ұрпақтары кешегі қиын заманда көп қудалауға түскен. Сол уақытта олардың ішінде билер де өте бай адамдар да көп болған еді. Бірінші болып солар итжеккенге айдалды. Елдің игі жақсыларының айдалып, атылып жатқанына төзе алмаған шапыраштылар, әсіресе, оның ішінде Тілеу-Жарылғап ұрпақтары көтеріліске шыққан. Суықтөбе тауына бекініп алып олар Кеңес өкіметіне ұзақ уақыт қарсылық көрсетіп – бағынбаған. Сол уақыттағы аудан орталығы Қарақыстаққа және басқа да ауылдарға түнде шабуыл жасап, қызыл белсенділерді жазалай бергенннен кейін аудан орталығын ол жерден алысырақ Ұзынағаш ауылына көшіргені тарихтан белгілі. Кейбір адамдар жаңа өкіметті ұзақ уақыт мойындамаған. Суықтөбе бауырында орналасқан Қастек, Талап ауылдарының адамдарын мұндаға дейін «бандит» деп атайтынын бала кезімде талай естігенбіз. Сондай қудалау кезінде Тілеу атамыздан тараған біраз адам Қытай жеріне ауып та кеткен екен. Олардың бірталайы кейін елге оралды.
Сондай елі үшін күрескен Тілеу-Жарылғап ұрпақтарынан қазіргі заманда да бірталай ел билеген адамдар, оқымыстылар көп шыққан. Олардың бәрін бұл мақалада толық айтып шығу мүмкін емес. Сонда да болса кейбір елге танымал азаматтарды атап өтсек, артық болмас. Қазір көзі тірі, сексеннің сеңгіріне шыққан Мұхат Сейдуәлиев ақсақал көп уақыт бойы ауданның шаруашылық жұмыстарына басшылық жасады. Сондай абзал ардагер азаматтың бірі – Жүсіпәлі Нүкетаев Жамбыл аудандық партия комитетінің хатшысы, ауданның алғашқы әкімі болып қызмет істеді, ауданның эконмикалық-әлеуметтік өркендеуіне лайықты үлес қосты. Қастек батыр ауылынан бір шоғыр оқымысты ғалымдардың өсіп шыққанын айтқан жөн. Мысалы, профессор Марат Нуриев қазір Алматы статистика және экономика академиясының ректоры, көп жылдар бойы Жамбыл және Алматы жоғары оқу орындарында басшылық қызметтерінде болды. Техника ғылымының докторы профессоры Тоқтасын Мендебаев техникалық университетінің кафедра меңгерушісі, Тоқтамыс Мендабаев геология ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының докторы, профессор Арықбай Ағыбаев Қазақ Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі. Заңгерлер Серік Байбатыров Алматы обылыстық сотының төрағасы, әділет генерал-майоры Тыныбек Оңолбаев республика Шығыс көлік прокуратурасының бас прокуроры, Тілектес Бәріпбаев, Тілеулес Нақысбеков Алматы қалалық сотының алқа бастықтары.
Тілеу, Жарылғап бабалар ұрпағының арасынан бүгінде бір топ ақын-жазушылар мен өнер адамдары да өсіп шықты. Солардың қатарында ақын, сазгер Жолдасқан Құрамысов, республиканың еңбек сіңірген әртісі Балтабай Сейтмамытов, журналис-жазушылар Жұмакүл Солтиева мен Манарбек Сәукенұлы, журналистар Айдос Үкібаев пен Арман Балтабайұлы, Қазақстанның еркін күрестен бірнеще дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жүлдегері Мадияр Құрамысов және тағы басқалар бар.
Иә, еліне елеулі еңбек етіп, халықтың құрметі мен мақтанышына бөленген мұндай абзал азаматтардың тізімін соза беруге де болар еді. Оған бірақ мүмкіндік шектеулі. Алдыңғы буын ағаларының салған соқпағымен жүрген жаңа буын – жас ұрпақ дүркіреген көктей өсіп келеді. Ерлік пен елдіктің туын көтеріп, туған жердің абыройын асқақтан бабалар рухы ұрпақтарын шақырып тұрғандай. Елі мен жерін қорғаған бабалардың тағылымды ерлік жолы сайрап жатыр.

Ответить на Қарасай Алтынайұлы!