ФорумРубрика: Сайт туралыШежіредегі кыз балалар
0 +1 -1
Нұрбек ТұрдыақынұлыНұрбек Тұрдыақынұлы Админ. спросил 3 weeks назад

Шежіреге қыздан туған жиенді енгізбесек те, қанша баласы болғанынан мәлімет беретіндей балаларын (ұл-қыз) түгел енгізген жөн. Қыздардың өз төркінін түгендегені несі айып. Жалпы ауыз екі шежірелерде аты аңызға айналған, шежіреге арқау болған қыздар көптеп кездеседі. Домалақ ана, Қыз ене, Қызай, Мақта апай, Мұрын т.б. Тамырынан айырылған ағаштың жайқалып көгеруі, тегін білмегеннің жетісіп кетуі екі талай. Қыздар да туыс-туғандарын, төркінін білгені жөн. Бұл, қан тазалығы үшін қажет. Қазір екі-үш атасын да біле бермейтін ұрпақтар жетерлік.  Білмесе іздеп, жөн сұрағандардың әрекетін құптау  керек. Сайттың негізгі мақсаттарының бірі ақпарат, мәлімет алмасу болуы тиіс. Ақпарат неғұрлым толық болса, көпшілікке пайдасы арта түседі. 
Сайттың кемшін тұстарын толықтырып, функционалдығын арттырып, жаңартып отырмаса, бастапқы ізгі ниет, алғы мақсат орындалмай қалуы әбден мүмкін. Кез-келген сайт, берілген мәлеметтерінің толықтығымен, дәлдігімен, анық, дұрыстығымен құнды. Өз білетіндерін жазуға кедергі келтірмей, артық кеткен жерлерін түсіндіріп, қыздарын қосып қойыпты деп өшіріп әлек болғанша, (жазса, ұмытылмасын, бір-бірін біліп жүрсін дегені болар) себебін анықтап, сайттың негізгі шартын, мақсатын, ниетін көрнекті тұсқа (Ескерту: Қыздан туған жиендерді, ерекше себепсіз енгізбеген жөн) жазып қойған дұрыс. 

Шежіредегі кыз балалар
Телжан СлямұлыТелжан Слямұлы Админ. ответил 3 weeks назад

Әркімнің жеке отбасылық шежіреде болғаны дұрыс. Ал еліміздің қолжетімді ортақ шежіресінде жазудың керекгі жоқ сияқты.Білместіктен және пендешілік жасап Пайдаланушыларымыз жаппай жиендерді еңгізіп, шежіреге қианат келтіріп, берекесін алып жатқан жағдай бар.

Нұрбек ТұрдыақынұлыНұрбек Тұрдыақынұлы Админ. ответил 2 weeks назад

Иә, ондай олқылықты байқадым. енгізуге рұқсат алған соң қалаған есімді енгізе беруге болатын көрінеді. Қайсы бірін қадағалап үлгересің. іздеп тауып өшіру көп еңбекті қажетсінеді.
Меніңше бұл мәселені программист шеше алатын сияқты.
Есімді жазарда Ер-Әйел деп сұрайтындай жасаса. Содан соң жиенді енгізуге әрекеттенген кезеңде (қыздан тараған – жиен енгізілмейді) – дегендей ескертпе қайталананындай жасауға болар.
Менікі тек ұсыныс деп түсінерсіздер. Құрметпен: Нұрбек Тұрдыақынұлы

2 ответ
0 +1 -1
Мырза-əлі ХумырбекМырза-əлі Хумырбек Админ. ответил 7 days назад

Менің ойымша шежіре – жеті атамызды, кімнің ұрпағы екенімізді ұмытпау үшін , есімдерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үшін керек үшін керек. Сондықтан жиендерді қосудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Егер қыз баланы қосатын болсақ есімін ғана жазып ары қарай жалғастырудың қажеті жоқ себебі оның балалары басқа ру адамдары болады.

Ответить на Шежіредегі кыз балалар
Телжан СлямұлыТелжан Слямұлы Админ. ответил 6 days назад

Мәселе, сонда болып тұрғой. Сайтымыз интерактивті, Пайдаланушы алғашқы рет баласына рұқсат алғансоң немере-шөберелерін автоматты түрде еңгізу мүмкіншілігін алады. Білместіктен бе немесе пендешілік жасап ба ары қарай еңгізіп жатқан жағадай тенденцияға айналып кетті, Осы ақпараттың жолын алу үшін қыз баланың есімін еңгізбеген дұрыс

0 +1 -1
Аянгуль УмбетияроваАянгуль Умбетиярова Админ. ответил 7 days назад

Шежіреге қыз балалар енгізілмеген дұрыс. Шатастыру басталады. 

Ответить на Шежіредегі кыз балалар