ФорумРубрика: Орта жүзУақтың ішіндегі Балта.
-2 +1 -1
Нуржан СергазинНуржан Сергазин спросил 5 years назад

        Ассалаумағалейкүм! Менің руым Уақ. Атам Серғазин Райымжан, оның інісі Қабдыраш Семей өңіріндегі Кезеңсу, Шар ауылдарында өмір сүрген. Атам: “Біз – Уақтың ішіндегі Балта” деп айтатын. Бірақ, Балта ұрпақтары Уақ руының ішіндегі қай тармақтан тарайтыны туралы мағлұмат жоқ. Интернет желісінен іздеп, Уақ-Балта туралы мәліметтер іздеп таба алмадым. Мен өз шежіремді білуге құштармын. Ұлдарыма, ұрпақтарыма осындай маңызыды ақпаратты қалдырғым келеді. Менің жеті атам: 1. Болатбек (әкем); 2. Райымжан (атам); 3. Серғазы (бабам); 4. Алпыс (арғы атам); 5. Томан (түп атам); 6. Доске (тек атам); 7. Жетіншісін білмеймін, оны Райымжан атам Балта деп айтқан болатын. Бірақ, менің түсінігімше Балта ол Уақ ішіндегі үлкен аталардың бірі.
       Сол себепті, біздің Уақ руының қай тармағынан тарайтынымыз жөнінде, сондай-ақ ата-бабаларымыз туралы қандай да бір мәлімет білсеңіздер, шежіремізді толығырақ білуге көмектесулеріңізді сұраймын. Алдын-ала рахмет!

Уақтың ішіндегі Балта.
Қайрат МанаповҚайрат Манапов Админ. ответил 5 years назад

Ассалумағалейкум! Мәлімет менде бар Балтанын шын есімі басқаша . Нақтырыақ мәләмет басқа компта. Хабарласарсын бауырым. 87715379273 Қайрат Шоға Уақ Шөкше

1 ответ
0 +1 -1
Телжан СлямұлыТелжан Слямұлы Админ. ответил 5 years назад

Уағалейкүмассалам!  Балтаны Шоғадан таратады. Шар өңірін негізі Шоғадан тарайтын Шөкшемен, Қойбағыстар мекендеген

Ответить на Уақтың ішіндегі Балта.