ФорумРубрика: Орта жүзНайман хандары
1 +1 -1
Дархан ЖолдыбайДархан Жолдыбай Админ. спросил 1 month назад

Қай себептен шежіреде Найман хандары жоқ ? Инаныш Білге Бұқа деген және тағы басқа ? Әлде бұлар жазылмағанба орталарында қалып ? 

Найман хандары
Телжан СлямұлыТелжан Слямұлы Админ. ответил 1 month назад

Тумалас кз сайтында, Найманнан кәзіргі заманда қалыптасқан рулары – ҚАРАКЕРЕЙ, МАТАЙ, САДЫР, ТӨРТУЫЛ, САРЫЖОМАРТ, БУРА, КӨКЖАРЛЫ, БАҒАНАЛЫ, БАЛТАЛЫ, ТЕРІСТАҢБАЛЫ жазылған. Тумалас кз сайты осы қалыптасқан руларды жастарға, өскелең ұрпаққа жеткізіп және ары қарай жалғастырып жатса – жұмысы, мақсаты өз тарапынан іске асып жатыр деп білемін. Өкіреш, Домбауыл, Елата, Белгібай, Сүгірші, Сүйінші (Сүйініш), Төлегетай және тағыда басқа есімдер – ортақ нұсқа жоқ және ауызша шежіре, нақтылы тарихи-деректерге факті болып негізделінбейтіні мәлім. Тумалас кз сайты анау дұрыс, мынау қате деп ешқашанда айтпаған және айтпайды. Келешекте тарихшыларымыз, этнографтар, шежіретанушылар, ғалымдарымыз Найман шежіресін бір жүйеге келтіреді деген ойдамыз. Ізгі ниетпен, Найман руының модераторы Телжан Слямұлы