ФорумРубрика: Орта жүзАссалаумағалейкум
0 +1 -1
Тимур АлдажаровТимур Алдажаров Админ. спросил 6 months назад

АЛАШ- СОСЫН ЖУЗДЕР , НАЙМАН КЕТЕДІ. Негізі Найманнан кейін тағы екі атамыз барғой? Оларды енгізу мүмкін бе? Найманнан  Қытай деген бала болған,себебі қытайдай ұрпағы көп болсын деп қойған екен. Ол кісі өмір бойы шүкір деп жүреді екен,жұрт содан Шүкірші деп атап кетіпті.  Осы шүкірші атадан Төлегетай деген атамыз тараған. Төлегетайдан барып Қаракерек атамыз болған. Осы бір екі аралықты түзетіп жіберсек, келешек ұрпағымыз толықтай шежіресін білер еді деп ойлаймын. Бұл Менің 95кеп өткен атамның және оның әкесі 115кеп өткен үлкен атамның ұрпақтарына жазып берген деректерінен алынып отыр. Сондықтан бұл нақты мәлімет 100пайызға.

Ассалаумағалейкум
1 ответ
0 +1 -1
Телжан СлямұлыТелжан Слямұлы Админ. ответил 6 months назад

Тумалас кз сайтында, Найманнан кәзіргі заманда қалыптасқан рулары – ҚАРАКЕРЕЙ, МАТАЙ, САДЫР, ТӨРТУЫЛ, САРЫЖОМАРТ, БУРА, КӨКЖАРЛЫ, БАҒАНАЛЫ, БАЛТАЛЫ, ТЕРІСТАҢБАЛЫ жазылған. Тумалас кз сайты осы қалыптасқан руларды жастарға, өскелең ұрпаққа жеткізіп және ары қарай жалғастырып жатса – жұмысы, мақсаты өз тарапынан іске асып жатыр деп білеміз. Өкіреш, Домбауыл, Елата, Белгібай, Сүгірші, Сүйінші (Сүйініш), Төлегетай, Қытай (Қатай) және тағыда басқа есімдер – ортақ нұсқа жоқ және ауызша шежіре, нақтылы тарихи-деректерге факті болып негізделінбейтіні мәлім. Тумалас кз сайты анау дұрыс, мынау қате деп ешқашанда айтпаған және айтпайды. Келешекте тарихшыларымыз, этнографтар, шежіретанушылар, ғалымдарымыз Найман шежіресін бір жүйеге келтіреді деген ойдамыз. Ізгі ниетпен, Найман руының модераторы Телжан Слямұлы

Ответить на Ассалаумағалейкум