Мұрат Бектенұлы  Бектенов  1946 жылы  17 тамызда Атырау облысы бұрынғы  Новобогат ауданы, қазіргі  Исатай  ауданындағы  Нарын құмы,  Айбас ауылында дүниеге келді. 

            1953 жылы  Айбас ауылындағы  Абай бастауыш мектебінде мектепке барып,  орталау мектепті Жамбыл атындағы жетіжылдық мектепті 1960 жылы бітіріп, оқуды Новобогаттағы  Аманкелді орта мектебінде, кейін Атыраудағы Абай мектебінде жалғастырды. 1964 жылы Атырау ауылшаруашылық техникумында оқыды.

            1965 жылы әскер қатарына алынып, 1968 жылға дейін Отан алдындағы борышын өтеген. Әскери қатарда  жүріп, Қазақстан ЛКЖО орталық  комитетінің  жанындағы  (Алматы) курсда,  әскери жолдамамен білімін  көтерген. Еңбек  жолын Гурьев үй  құрылыс  комбинатында  комсомол комитетінің  хатшысы болып  бастады.        

            1969 жылы өзіме тете інісі 1949 жылы туған Абат Ресейдің Тюмень қаласындағы мұнай инстутында екінші курсында оқып жүріп қайғылы оқиғаға ұшырап қайтыс болуына байланысты қаладағы жұмысын тастап ата- анасына ауылға  оралады.

            1969 жылдан «Жайықмұнайгаз»  басқармасында мұнай  өндіруші   оператор болып  бастап,  мұнайды  дайындау және айдау (цех ППН) бөлімшесінде цех  шебері, 1973 жылы 11 сәуірде Еділ-Жайық қосөзеннің ортасында  мұнай  кендері көптеп ашылуына  байланысты «Жайықмұнайгаз» басқармасы құрылып, түрлі  басқарма жүйесінде басқару  бөлімдері ашылуына байланысты, ең алғашқы Орталық  инженер-техникалық   қызметінің аусым  бастығы  (ЦИТС) болып жұмыс жасады. Осы  жұмыс жасап жүрген кездерінде 1977 жылдары техникалық транспорт  бөліміне жіберіліп,  Мартыши қазіргі (Салтанат Балғымбаев) көлік керуен бөлімшесінде  басшылық  қызмет атқарды. Соңғы  жылдары «Жайықмұнайгаз»  өндіру  басқармасына қарасты арнаулы көліктер керуенінде әр түрлі  жұмыстар жасап, 2009 жылы  қазан  айында  құрметті еңбек демалысына  зейнеткерлікке  шықты.

            1970 жылдардың  бас кезінде Махамбет аудандық «Малды өңір»  газетінің кейін,  Исатай  аудандық «Нарын таңы» газетінің штаттан тыс тілшісі болып, мұнайшылар өмірінен очерктер, репортаждар жазып, әріптестер  мұнайшылардың ерен еңбектерін, еңбек озаттарының жұмыс барысындағы жеттістіктерімен мұнайшы деген күрделі де қыр-сыры алуан түрлі атқаратын жұмыстарын мән – жайын жазып өрен еңбектерін насихаттауға үлес қосты. Осы  уақыттар ішінде сонымен қатар өлке тарихынан материалдар жинап, Нарын өңірінде өмір сүрген  ақын-жыраулардың  шығармаларын, атақты билердің шешендік сөздерін жинаумен айналысты. 

            2008 жылы қосөзен аралығында  мұнай  өндіріле бастағанына 40 жыл,  «Жайықмұнайгаз»  басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай осы өңірдің мұнайды іздестіру өндіру тарихы және оған ат салысқан майталман мұнайшы еңбеккерлер туралы обылыстық «Мұнайлы астана» және «ЭмбаМұнайГаз» мекемелеріне тарайтын ведомостлық «Мұнайлы мекен» газеттеріне қос өзен аралығындағы мұнайды игерушілер және өндірушілер туралы көлемді мақала жариялады. Осы мақала «ЭмбаМұнайГаз» бірлестікпенен сол кездегі «ЖайықМұнайГаз» өндіру басқармасының, басшыларының назарына ілігіп жазған мақаласын жоғары бағалап, осы мақаланың желісінде оған кітап жазуды ұсынды. Жазушы журналист інісі Самат Бектенұлымен ақылдаса отырып, Еділ Жайық қос өзенінің ортасындағы Мұнай игерушілер туралы кітап жазуға кірісіп. Бас аяғы төрт ай жарымда   тарихи–деректі 490 беттік кітап жазды. Бұл кітап Туркия, Стамбул қаласындағы «IMAK OFSET» баспаханасынан шыққан, таралымы 1500 данамен «Қос өзен мұнайшылары» атты кітабымшығып, мұнайшыларға және оқырмандарға таратылды.

           Нарын өңіріндегі  абыз ақсақалдардың әңгімелерінің желісінен ұққан, ойына тоқыған өмір белестерінен туындаған естіп білгендерін жинақтап қағазға түсіріп отырды. Бұрын соңды ел ішінде айтылып жүрседе халық бірі біліп, бірі білмеген Нарын құмының атақты төкпе ақыны Шанайұлы Шынияздың өлеңдерін молда Дәрісқали Иманғалиұлынан ауызынан жазып алды. Нарын өңірінің атақты молдалары Жұбан оның шәкірті Жақия ұлы Қайыр, Нарындағы Тума мештінің ұстазы болған Хисметтола Ахон Қазіреттің ұрпақтары «Тума» мешті сөз болғанда жеті Қазіреттің атағы бірге аталады. Олар – Қондыбай, Сұлтануайыс, Құбайдолла, Қисыметолла, Сиражиден, Қабеболла, Сүндет Қазіреттер. Дәрісқали молда осы Қисметолла Ахон Қазіреттің шәкірті емдеу факултетін бітірген екен. 

            2009 жылы осы өңіріміздің  Нарын құмында өмір сүрген қасиеті ел аузында аңызға айналған атақты молдалар, сынықшылар мен емшілер туралы тарихи деректі баян «Қасиетіңнен  айналдым» атты кітабы, Алматы қаласы «ҚазАқпарат» баспасынан 170 беттік 1000 данамен оқырманға ұсынды.

            2014 жылы таңдаулы әңгімелері, публицистикалық мақалалары мен очеріктерді құрастырып, 415 беттік  «Атырау ақпарат» баспасынан «Айшықты әлем»  атты кітабын шығарып, оқырмандарға  ұсынды.  Бұл кітабында ел ардақтылары, Ұлы Отан соғысындағы өңіріміздегі азаматтардың ерлік істері, қиын – қыстау кездегі асыра сілтеу заманындағы ардақтыларымыздың қиын дағдылары, тағдыр тәлкегіне түскендермен бірге аты аңызға айналған асыл ерлердің өмір – жолдары баян болады. Атақты  күйші Құрманғазы ұрпақтары, халық жауы атанған танымал күйші Бекмағанбетов Жаңбырбай, ғасырда бір туар күйші жерлесі Қаршыға Ахмедияровтың өмірінің аянышты соңғы күндерінің өзімен бірге болған кездерін баяндады.

            2013  жылы Атыраудың  абызы атанған Ғатих Маштаховтың соңында қалған мұрасы-қол жазбасын жиыстырып, баспаға   әзірлеуде редакторлық қызмет атқарды. Бұл кітап өңір шежіресіне толы «Заман сыры» деп аталатын тарихи-деректі ғұмырнамалық эссе кітапты  құрастырып  әдеби өңдеген жазушы, Қазақстан Журналисттер академиясының академигі, Қазақстан мәдениет қайраткері інісі Самат Бектенұлы Ибраим,  ұлы Жансих Ғатихұлы еді.  Осы кітап  «Алматы»  қаласы «Абзал-Ай» баспасы , 2013-496 бет.

             2014 жылы Атырау өңіріне танымал ауылшаруашылығының ардагері Ленин, Октябрь революциясының ордендерінің иегері: КПСС  ХХІІІ съезіне және Қазақстан коммунистік партиясының ХІІІ және ХІV съездеріне делегат болып қатысқан, 25 жылдай Чапаев совхозының  №2  қой фермасын басқарған Хатима Дайырова туралы «Қайраткер қыз Хатима» атты белгілі жазушы жерлесі Рахмет Иманғалиевтің кітабы шығып, ол сол кітапқа  толықтырулармен жеке бөлімдер енгізіп, Хатима апаймен жұмыстас  болған малшыларменен жұмысшылардың ерен еңбектерін барынша жазып көмектесе отырып,  тұтастай алғанда құрастырушы редакторлық қызмет атқарды. Кітап  Алматы қаласы «Арыс» баспасынан 500 данамен басылып шығып оқырмандарына жол тартты.

            2015 жылы Нарын өлкесі шежіреге толы таусылмас тарихи қазына. Өткен дәуіріміздің Бердіұлы Мүсірәлі (1818-1902 жж.) туралы сыр шертсе әкесі Берді, шешесі Беріш Қаратоқай Құлбарақ батырдың туған қарындасы  Марал әже туралы баян болады.  Мүсірәлі Бердіұлы  Жайық өзенінің Самар бетіндегі Нарын құмындағы Қаңбақты ауылынан 40 шақты үйді жайықтың бұхар бетіне  көшіруге, сол кездегі Гурьев уезінің басқарушыларынан  рұқсат алып,  қазіргі Индер ауданының 8-9-шы ауылына  көшіріп барып қоныстандырғаны туралы еңбегі жөнінде өмірімен қызметі туралы, ол өмір сүрген кездегі Нарын-Жайық елінің өмір тұрмыс тіршілігін, салт-дәстүрін, саяси қоғамдық, әлеуметтік қатынастарынан  шынайы сыр шертеді. Сонымен бірге Атырау  өңірінде алғашқы малдәрігерлік мал емдеу орталығын ашқан Бердиев Ғұбайдолла жөнінде жақсы мағұлыматтар келтірілген. Берді ұрпағынан тараған  елге танымал адамдардың  тарихы туралы, ұрпағы Жайлашев Жақсылықтың  қол жазбаларын жинастырып,  баспаға әзірлеп редакторлық қызмет атқарды.  Бұл кітапта Бердиевтер ұрпағының қыр-сыры олардың ел игілігіне атқарған қызметтер туралы «Дәуір жаңғырығы» атты кітапты жазып, әзірлеп, әдеби өңдеп Атырау қаласы: «Ағатай» баспасы, 2015ж. 260 бет болып жарық көрді.

            2015 жылы маусым айында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы атап өту қарсаңында журналисттер арасында «Атыраудан шыққан майдангерлер»  атты шығармашылық конкурсқа қатысып, мен ұсынған «Құраш жүздеген фашисті жер жастандырды», «Әкесі жұмысшылар батальонында, баласы жаяу әскерде болды», «Екі майданның жауынгері» тақырыбындағы мақаласындағы кейіпкерелері Жонабаев Құраш, Балмолда және оның баласы Хамит, Талпақов Айсағали туралы деректі материалдары үшін III дәрежелі Атырау облыс әкімінің дипломымен  және ақшалай сыйлығымен марапатталды. Осы Россияның орталық архивінен іздестіру еңбегінің   арқасында, кейіпкерлерінің  Ұлы Отан  соғысында көрсеткен  ерліктерін,  мәңгілік  есте  қалдыру  үшін  Талпахов Айсағалиға  Махамбет  ауданынан осы кісіге көше беру туралы ұсыныс жасаған болатын. Аудан басшылары осы мақаласы желімінің Талпақовтың ерлік істерін тарихи архивтің негізіне сүйене отырып 28- ші маусым 2016 жылы  Махамбет селосынан көше атағы беріліп, салтанатты ашылуына қатысты. Екінші мақаласына арқау болған Мыңтөбе елдімекенінің тумасы, неміс фашисттеріне қарсы Отан қорғау, Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін Тұщықұдық ауыл советіне қарасты колхоздарда жұмыс жасап, 1957 жылы Чапаев совхозында жылқы баққан, кейін осы совхоз көлемінде құм өңірінде почта тарату жұмыстарын атқарған Жонабаев Құраш туралы «Құраш жүздеген фашисті жер жастандырды» атты мақала жазған. Бұл кісі Ұлы Отан соғысында төрт жыл қатарынан соғыста болып төрт орден иегері болған.

              Жонабаев Құрашқа  Исатай ауданы, Тұщықұдық  ауылынан  көше атын беру жөнінде жергілікті өкілетті органдарға ұсыныс берген. Ұсынысын жан–жақты талқылай келіп, Атырау анемистиялық комиссиясынан аудан шешімдерін бекіту  жөнінде ұсыныс жолданды.  Анемистиялық комиссияның шешімімен Тұщықұдық елді мекенінде Жонабаев Құрашқа көше аты берілді.

            Балмолдин Хамитқа  Исатай  ауданы, Хамит Ерғалиев ауылынан көше атағын беру жөнінде жергілікті өкілетті органдарға ұсыныс берген. Сол ұсынысты аудан басшылары қолдап, Атырау анемистиялық комиссияның шешімімен Хамит Ерғалиев елді мекенінде Хамит Балмолдинге көше атағы берілді.

           «Қазақстан Атырау» телеарнасының «Жайық жауһарлары» шығармашылық түсірілімінде «банды атанған» Кенжеахметұлы Аманғали туралы, зобалаң заманның  құрбандары күйші Бекмағанбетов Жаңбырбай, Нарынның нар кескен ағиық ақыны Сүгірі Насихат, Нарын құмынан Жайықтың Бұхар бетіне елін көшіріп қоныстандырған сол кездің атымен атағанда правитель атанған күйші Бердиев Мүсірәлі, жергілікті композитор Қазақстан мәдениет қайраткері, ұстаз күіші Шәріпов Шамшиден, жергілікті әуесқой композитор Мұхтаров Қазекештер туралы түсірлген шығармашылық  хабарларды дайындауға және оларға керекті деректер мен материалдар жинап шығаруға көмектесіп мұрынды болды.

           Нарын құмы Сарытөбе ауылының тумасы атақты теңізші тоғыз орден иегері қазақтан шыққан тұңғыш «Сүнгур қайықтың» капитаны болған 1-ші ранглі  полковник Ихаров Қуанғали туралы мәліметтер жинап, оның «Матрос из Казакстана» деген кітабын тауып және арнайы фото партретін жасатып өмір дерегімен қоса Исатай ауданының өлкелік мұражайына тапсырды.

           Исатай  Ауданның Забурын совхозының атақты шопаны Социалистік еңбек ері Нұрмұқанов Мүсілімнің  жеке портретін  жасатып аудандық мұражайға тапсырды.

            1726-1739 жылдар аралығында Қазақ елінің жерін Құба қалмақтардан тазартудағы Кіші жүздің Әбілқайыр ханы бастаған соғыста Құттығай Сатыбалдыұлы (1702- 1743) – батыр, қолбасшы. XVIII ғасырдың I-ші жартысында қазіргі Шыңғырлау ауданының аумағында өмір сүрген. Тегі- Беріш руының Жайық атасынан. 1728 жылы Бұланты өңірінің бойында, 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Аңырақай жазығында болған шайқастарға Тайлақ батыр басқарған кіші жүз әскерінің сапында қатысқан. Құттығай елге оралысыменен Шұбар, Саржала батырлармен бірге құбақалмақтардан Тайсойған, Нарын өңірлерінде азат етеді.  1738 жылы 11 айға созылған жиырма мың үйлі қалмақты қазақ даласы арқылы Қытай шекарасына орай тықсыра қуған жорықта Құттығай мың бас ретінде қатысады. ( Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы 375- бет, «Арыс» баспасы, Алматы, 2002- жыл.) Осы Құттығай батыр жөнінде Исатай ауданының өлкелік мұражайында мағұлымат беретін арнайы тақта орнатқызып бұрыш жасақтады. Құттығай  батыр жерленген Орал облысы Шыңғырлау ауданы Торыатбас тауының Тіксай елді – мекенінде батыр  басына  ұрпақтары ескерткіш белгі қойылып мемілекеттік қорғауға алынды. 

            2012 жылы Қазақстан Журналистика саласындағы жарияланған түрлі басылымдардағы мақалалары мен әңгімелері, очеріктері, репортаждары талдай келіп Мұрат Бектенұлын  Қазақстан Журналистер Одағының мүшелігіне  қабылдады.

             Атырау қаласынан  шығатын республикалық қоғамдық  саяси газет «Мұнайлы Астана» газетінің редколегия  мүшесі болды.

            Мұнай өндіру саласында 40 жылдың үстінде еңбегі ескерусіз болған жоқ. «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай газ компаниясы Құрмет грамотасымен, «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы Құрмет грамотасы  және  «Жайықмұнайгаз»  басқармасының  басқарма және кәсіподақ комитеттерінің Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталды, сонымен қатар  Атырау облысы әкімінің  Алғыс хаттарына  ие болды.

            1973,1976,1978,1979 жылдары социалистік жарыстың төс белгісімен, Х-ХІ-ші бесжылдықтың  озат төс белгісімен, коммунистік  еңбектің үздік белгілерімен бірнеше рет марапатталды.

            1989 жылы 19 мамырда СССР  Жоғарғы президиумының атымен  «Еңбек ардагері» (Ветеран труда)  медалімен марапатталды.

          2016 жылы  Алғашқы қос өзен игерушілер қатарында 40 жылдың үстіндегі еңбегін құрметтеп және 70 жасқа толуына орай Қазақстан республикасы Мұнайгаз кешені   қызыметкерлерінің касіподағының «Казмұнайгазкәсіподақ» құрмет төс белгісімен марапаталды.

          2018.ж. Қызыл үй елді мекеніне 105 жыл толуына байланысты «Қызыл үй менің мекенім» атты кітапты  Мұхамбет Сыехов екеуімі бірлесіп жазып, Алматы қаласында «Сардар» баспасынан басылып шықты. Онда осы «Қызылүй» елді мекеннің өткендегі мен кешегісін және бүгінгі өмір тіршілігі,тынысы, тарихынан сыр шертеді.

            2019жылы  Сәуір      айында Исатай ауданының  мәслихат сессиясының шешімімен Исатай ауданының Құрметті  азаматы атағы берілді.                                                                          Жұбайы Ұлдай Ізтелеуқызы-малдәрігері зейнеткер, екеуі үш бала тәрбиеледі.

Мұрат Бектенұлы
Tagged on: