Өмірбаян.
1991 жылы науырыздың 24-ші жұлдызы Моңғолия, Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген.
1997 жылы әкесінің жұмыс лауазымының өзгеруіне байланысты Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласына көшіп барған. Сол жақта балабақшада тәрбие алып, 1999 жылы қалалық \”№18-ші шет тілдер\” мектебіне жапон тіл сыныбына 1 сыныпқа барған.
2006 жылы ата-анасы, аға, әпкелерімен бірге атамекен Қазақ еліне қоныс аударып, Жетісу обылысы, Текелі қаласына қоныс аударған.
2009-2012 жылдары аралығында Астана қаласындағы \”Қаржы академия астындағы колледж\”-де білім алған.
2012-2015 жылдары Алматы қаласындағы Сулейман Демирел атындағы университетінде \”Есептеу техникасы (IT)\” мамандығы бойынша бакалавр дипломын алған.
2015-2018 жылдары Сулейман Демирел атындағы университте магистратура оқып, \”Техника ғылымдарының магистрі\” дәрежесін алған.
Еңбек жолы.
2014 ж. Сулейман Демирел университетінде оқытушының көмекшісі;
2015 ж. Toyota Motor Kazakhstan компаниясында IT маманы;
2015 ж. Борлас Консалтинг компаниясында кеңесші, бағдарлама әзірлеуші;
2016 ж. Magnum Cash&Carry компаниясында бағдарлама әзірлеуші;
2018 ж. Magnum Cash&Carry компаниясында аға бағдарлама әзірлеуші;
2021 ж. Kaspi банкінде аға бағдарлама әзірлеуші;
2021 ж. Chocofood компаниясында аға бағдарлама әзірлеуші;
2021 ж. Small компаниясында бөлім бастығы;
2022 ж. Big Black Box компаниясында команда жетекшісі;
2025 ж. Big Black Box компаниясында техникалық директор;
Отбасы.
Әкесі Қалидолда Моңғолия, Қобда аймағында 1956 жылы қаңтардың 25 дүниеге келген. Мектеп бітіріп, Ресейдің Волгоград қаласында Ішкі істер министрлігінің Жоғары тергеу институтында жоғары білім алып, кейін Мәскеу қаласында Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында екінші дипломын алған. Полиция полковнигі. Анасы Дариға тарих-география пәнінің мұғалімі, кәсіпкер.
Ерқұлан үйінің кенжесі, әпкесі Бақытгүл 1980 ж., ағасы Еркін 1984 ж. және әпкесі Еркежан 1988 жылдары дүниеге келген. Әпкесі Амангүл 1982 жылы дүниеге келіп екі жасында шетінеген. 2019 жылы шеруші-құрман руының қызы Бекболат Алтынжүзікпен неке қиған, бүніңгі таңда 3 балалары бар. Әдия, Әмір, Ахмет-Әлі.
Бүгіңгі таңда Алматы қаласында тұрып жатыр.
28.03.2025 ж.