Садвакасов Жаңбырбай Қабиденұлы.
18 тамыз 1938 жылы Павлодар облысы Аққулы (бұрыңғы Лебяжі) ауданының Шарбақты ауылында туған.
Жаңбырбайдың 3 жасында 1941 жылы әкесі Қабиден соғысқа аттанып, қайтып оралмаған, хабарсыз кеткен. Шешесі Сабира Жақсыбаева күйеуі Қабиден соғыста хабарсыз кеткенің естіп мүмкін, Садуақас ақсақалға тұрмысқа шыққан болатын екен. Сондықтан Садвакасов Жангурбай атты (куәлігі) паспорты бойынша өмір сүрген. Өмірінде жұбайы Шәйза екеуі 4 ұл, 4 қыз бала сүйген, олар:
Садуакасов Боранбай Жаңбырбайұлы, 24.01.1961ж.т.;
Садвакасова Замзагүл Ж. 11.12.1962ж.т.;
Садуакасова Айгүл Ж., 3.05.1967ж.т.;
Садвакасова Майгүл Ж., 20.04.1970 ж.т.;
Садуакасов Қуантай Ж., 7.09.1972ж.т.;
Садвакасов Төлеутай Ж., 27.12.1975ж.т.;
Садвакасова Асылтас Ж., 30.01.1979ж.т.;
Садвакасов Асхат Ж., 11.07.1982ж.т.
Өмір бойы малшы болып жұмыс істеген, Жүзқарағай #1 бөлімшесінде тұрып қыстақта, ал жазғы кезде Төшлек деген жайлауда совхоз қойларын баққан.
Шешесі Сәбираның бауыры Жақсыбаев Айтпай Жаңбырбайға нағашысы болып келеді, ол адамда сол Шарбақты ауылында өмір сүріп, сол жерде жерленген. Жұбайы Шәйза Абдуахитқызы, 10.06.1940 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген және 26.09.2016жылы қайтыс болып Павлодар облысы Шарбақты ауданында Шарбақты ауылында жерленген. Жаңбырбай 17.03.2003 жылы 63 жасында өмірден озып, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылында жерленген. Олар бұл ауданға зейнеткерлікке шығып, 1999 жылы сәуір айында Лебяжі ауданы Шарбақты ауылынан Шарбақты ауданы Шарбақты станциясына қоныс аударған болатын.