Жарұхамбет  (Жәркен) атамыз.

Бұл тұлға, Шамсиден атамыздың тетелес інісі болып келеді. Дүниеге 1906 жылы келген.1931-1935 жылдары станция Тогузак деген жерде УОЗ- 1 Казахский техникум оку орнында оқыған. 1941-1945 Ұлы отан сағысына дейінгі оның омірінен айтарлықтай мәлімет сақталмаған. Нақты білетініміз соғыс кезінде жаудың тұткынына түсіп, ал соғыстан кейін халық жауы ретінде, өзі сияқты мыңдаған пленде болған жаунгерлермен бірге Үкімет алдында жазасын өтеуге бас бостандығынан он жылға құрылыс жұмыстарына Сибирьдегі Кемерово қаласына жөнелтіледі.

Сауатылығының арқасында осы өтеу жұмысы ауырға түспеген сияқты. Әкемізге жазған хаттарының бірінде табельші болып жасаймын дегені бар.

Жазасын өтеп жүріп 1947 жылы, сонда, татар қызы Банатпен кездесіп,  жанұйя құрады. Жаза өтеу мерзімі шамамен 1956-1957 жылдары аяқталған болар. Сол кезде олардың жанұясында бір қыз (Сара 1948 жылы) жіне төрт ұлдары(Шамиль 1949), (Дәулеткельді1951),  (Сабит 1954), (Маулет 1955)  болды.

Он жыл ішінде Кемерово қаласына толығымен сіңіп кетеді ау деймін, мүмкін қайын жұртыда сол маңда тұрған болар, әйтеуір сол жақты мекендеп  Жаркен атамыз елге қайтпапты.

Бірнеше рет балдарымен келіп қонақ болғаны есімде. Ол кезде ата анамыз Темір қаласында тұратын. Мені әкеміздің апасы Жамал апайға берген – ол мүлдем болек әңгіме, реті келіп жатса сол өмер кезеңімді бөлек баяндап жазармын.

Шамамен 1960 жылдары, Жаркен атамыз Сара қызын 8 класс аяқтаған соң Темір қаласының мед училищесіне оқуға түсіріп, біздің ата-анымыздың үйіне жатқызады. Терең ой астарында не жатқаны түсінікті болар – Тумалық қарым қатынас үзілмесән деген шығар, орыс елінде ұлтын ұмытпауға себеп болар деп, қаны қазақпен тұрмыс құрсын деген үміт па…, әйтеуір Сара апамыз оқуын аяқтап елде қалды. Қандағаш қаласында шойынжол больницасында біраз уақыт еңбек етті. Жаргаков Закария (1942) есімді жездеміз екеуі жанұйя құрып Руслан (1968) және Жақсылық (1970) деген екі ұлды дүниеге келтірді. Өкінішке орай жездеміздің өмірі өте қысқа болды, 1979 жылы, біраз ауырып 37 жасында қайтыс болды, ал Жақсылық баласы  тіпті 31 жасқа жетер жетпес дүниеден кетті. Сара апамызғада бұл жарықтың қызығы көпке созылмады, мойнына жазылған парызы болар 1985 жылы әкесін (Жаркен атаны), 2003 жылы анасын (Банат әжені) жерлеп, 2005 жылы өзі де қайтыс болды. Әйтеуір Руслан баласынан Дана деген немере сүйіп үлгерді – оғанда тағдырына рахмет.

Руслан Закария жездеміз бен Сара апамыздан қалған жалғыз тұяқ, біздің атамыздың жиен немересі, яғни бізге де жиен болып келеді. Ол 1992 жылы қырғыз руынан тараған Зухра есімді келін екеуі тұрмыс құрып,  1999 жылы Алла тағала оларға да Дана есімді нәрестені сүйгізді, енді сол Данадан оздеріде жиен көріп отыр. Бақытты болсын.

Ал, Жармұхамбет атамыз Банат әжеміз екеуі басына жазылған өмірдің қызығында шұжығында көрген болар. Бес баланың екеуі ерте қайты – Шамиль мен Маулет. Даулеткелді және Сабит шүкір – Кемеровода тұрып жатыр. Атамыз 1985 жылы 79 жасында дүние салса әжеміз 2003 кетті. Иманды болсын.

Мінеки Жәркен атамыз туралы білетін мәлімет жазамын деп біраз адамдардың да омірі ойдан өтті,  Атамыз бен әжеміздің Боровское ауылына Балабаевтарға барғаны да бір мәліметтердің ішінде бар .  Іздегенге сәттілік.

Кеткендер Иманды болып, барымыз бақытты да баянды өмір сүрейік.

Жармұхамбет
Tagged on: