Алтыбаев Ғани Шамсиденович

Алтыбаев Ғани  Шамсиденович 1929 жылы « мамыр күні Қостанай облысы Меңдіқара ауданы, Балықта ауылында  дүниеге келген.

1941-1945 Ұлы отан сғысы  басталған кезде әкесі майданға жөнелтілген соң, Ақтөбе педагогикалық институтын тамамдаған әкесінің інәсі Алтыбаев Бақытжан атамызға ілесіп Темір қаласына көшіп келеді.

1946 жылы, он жеті жасында, Ақтөбе педагогикалық училищесін тәмамдап, Темір ауданының (казіргі Мұғалжар ауданы) Жарқамыс ауылында мұғалім болып еңбек жолын бастаған.

Орал қаласындағы педагогикалық институтын қазақ тілі және қазақ эдебиетәі маманы ретінде 1965 аяқтап, осы ауданның оқу бөлімінде 40 жыл еңбек еткен мәртебелі ұстаз болды.   

Алтыбаев Ғани Шамсиденович Мұғалжар аудан Пролетар совхозының Көктөбе (Восток), Елек (Золотонош), Аккемер елді мекендеріндегі мектептерінде көп жылдар еңбек еткен.    

     Өз басына түскен өмір тәлкегіне төтеп бере алған беделді де, қайратты адам болғанын әлі күнге дейін  ауылдастары да, әріптестері де, шәкірттері де шынайы жылы сөзбен еске алады.

 

 

Ол қайда жүрсе де еңбегіне адал, әділ жан болған.

Сол уақыттағы, Ғани Шамсиденович пен әріптес болған мұғалімдер оның мықты әдіскер, қашанда ортада беделді болғанын айтады.

1971 жылы Елек (Золотонош) ауылындағы ашылған мектепке алғашқы директорі болып тағайындалды.

Қашанда мектеп шаруасы ол үшін бірінші орында болды. Өзінің қарамағына келген жас ұстаздарға үлгі – өнеге бола білді. Керекті әдістемелік көмек беретін еді дейді, әкемібен жұмыстас болған мұғалімдер.

Елек (Золотонош) ауылының тұрғындары әлі күнге дейін оны жақсы сөздермен еске алады.

1974 -1989 Аккемер орта мектебінде директор, завуч, ұстаз ретінде еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан.

Ғани Шамсиденович  жұбайы Әлия екуі көп балалы семья қатарында болды. Олар бес ұл және төрт кыз баланы өсіріп өндәрді.

Ұлдарының үлкенлерін қасына алып жанұйялық комбайншылар звеносын құрап егін науқанынада бірнеше жыл үлесін қосқан. Бұл еңбегі мемлекет тарапынан медельмен марапатталган.

Ғани
Tagged on: