Шамсиден
Бұл атамыз біздің ұрпаққа тікелей атамыз болып келеді. Алтыбай бабамыз бен Сартай әжеміздің тұңғыш ұлы. Осы жерде айта кеткен жөн болар, бұл адамдарды өз замандастарының сауаттылар қатарына жатқызуға болады, неге десеңіз алты ұлдарының өсіп ер жеткендері Шамсиден, Жармұхамбет(Жаркен), Бақытжан, Шаяхмет оқу орындарын аяқтап сол кездегі қазақ интелегенциясының қатарында болған.
Бабамыз Алтыбай 1926 жылы қайтыс болған, сонда Шамсиден атамыз 24-25 жаста. Ол кез – Совет үкіметінің енді орналасып, бұрыңғы байлар мен кедейлер арасындағы жан-жалдар толығымен әлі аяқталмаған ала-сапран кез деп ойлаймын. Атамыз Шамсиден басында мұғалім содан соң милиция болды деген ауызша мәліміттер бізге жеткен. 1927 жылыдүниеге Шамсиденнің қызы –Жамал келген, 1929 жылы біздіңәкеміз Ғани, 1931 жылы Мүслима деген сәби болған. Ал тікелей әжеміздің аты, тегі қалмаған тек мына сурет
Мындағы арттағы түре тұрғандар Қазмұхамбет, Бақытжан және шаяхмет, отырғандар – Жармұхамбет, Шамсиден, жолдасы біздің тікелей әжеміз және Сартай үлкен әжеміз, алдарындағы – әкеміз Ғани, Мүслима және Жамал апа- әкеміздің апасы.
Осы суреттен кейін Шамсиден атамыздан хабар болмайды, әжеміз екі баламен (Ғани, Мүслима) тқркіндеріне кеткен болу керек, Сартай Әжелерімен Жамал апмыз қалады Бақытжан мен Жармұхамбет оқуда. 1935 жылы Қазмұхамбет қайтыс болады. Сонда шаңырақты ұстап қалған Сартай әжеміз болып тұр.1938-1939 жылдары Бақытжан атамыз Ақтөбе мұғалімдік институтын аяқтаған соң Темір қаласына жұмысқа жолдама алып анас Сартайды, інісі Шаяхметті Жамал апамызды көшіріп алады. Ал атамыз Шамсиденнің 1942 жылы соғыс майданына шақырылғаны және сол майданнан соңғы хаты бар.
Ие. Әр адамның тағдыры ерекше ғой – оны ештеңе өзгерте алмайды. Жатқан жерлері жарық болып, иманды болсын