БАЙКЕНЖЕЕВ ШӘКІРАT

БАЙКЕНЖЕЕВ ШӘКІРАT 1930 жылы Аламесек ауылында дүниеге келген. Осы ауылдағы № 124 орта мектеп қабырғасынан шыға сала Ұлы Отан соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезіндегі еңбекке араласқан.
1953-56 жылдар аралығында әскер қатарында болып, Отан алдындағы абыройлы міндетін атқарған. Елге оралғаннан кейін сол кездегі «екінші тың» деп аталатын қой шаруашылығына бір топ жастармен бірге барып, 1958-70 жылдар аралығында Жаңадария совхозында шопан болып еңбек еткен. Еткен еңбек далаға кетпей, 1966 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, 1970 жылы «В.И. Лениннин 100 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған. 1971-97 жылдар аралықта туған ауыл Ақарық совхозынa келіп күріш еккен. Бұл жақта да адал еңбектің арқасында абыройға бөленіп, 1990 жылы «Еңбектегі ерлігі» медалімен марапатталса, 1995 жылы совхоз тарапынан озат күрішші атанып, астына ат мінгізген. Байкенжеев Шәкірат еңбектің қай саласында болмасын абыройға бөленген жан. Шәкірат отбасында 7 ұл , 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Қазіргі таңда 7 ұлынан 18 немере, 9 шөбере сүйіп отыр.

Шәкірат
Tagged on: