Шал ақын Құлекеұлы (1748 – 1819) — қазақтың төкпе ақыны. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады. Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақын ауылы (кәрі, дана) деп атаған. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға кеңінен жайылды. Баласы болмай келіп, қартайыңқыраған шағында Шал ақын Мәлібай, Мәлике деген екі перзент көріпті. Мәлібайдан қазір ұрпақ жоқ. Мәликені қалың Қыпшақ ішінде Нұрым деген кісіге ұзатқан екен, Нұрымнан Айтбай, Айтбайдан Наушабай, Наушабайдан белгілі ақын Нұржан Наушабаев туған.

Шал ақын
Tagged on: