Ерімбетов Кеңес Тағайұлы
Дүниеге 1968 жылдың 27 сәуірінде Оңтүстік қазақстан облысы (қәзіргі Түркестан) Ленин (қәзіргі Қазығұрт) ауданының Алтынтюбе ауылында келген. Қәзіргі уақытта Рессей Федерациясының азаматы. Ұлты қазақ.
Негізгі білімі
- 1. Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны «Солтүстік мемлекеттік медициналық университеті» Архангельск қ. РФ денсаулық сақтау министрлігі, Фундаментальдық медицина және фармация факультеті, Провизор.
- Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны «Мемлекеттік басқару университеті», Мәскеу қ., РФ білім және ғылым министрлігі. Қаржы басқарушысы (менеджері).
- Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны «К.А.Тимирязев атындағы Рессей мемлекеттік аграрлық университеті», Мәскеу қ., РФ ауыл шаруашылық министрлігі. Биологии және зоотехния факультеті. Зооинженер.
- Бүкілрессейлік жануарларды физиологиялық, биохимиялық және тамақтандыру жөніндегі ғылыми зерттеу интитутының аспирантурасы. Ақуыз және аминқышқылы зертханасы.
Қосымша білімі
- Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны «М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің» радиохимия кафедрасында біліктілігін арттырған. «Халық шаруашылығында изотоптарды қолдану, изотоптық әдістемелерді зерттеу».
- Цикл повышения квалификации в ФГУ «Ғылыми орталықта медициналық заттарды қолдану сараптамасы» ФММ біліктілікті арттыру циклы. Рессейлік денсаулық сақтау мен бақылаудың «Дәрі дәрмек заттарын биологиялық әдістемемен бақылаудың сапасын артыру. GLP ережелері және бірнеше клиникалық сынақтарды өткізудегі аспектілері (түрлері).
- «Медициналық қолданыстағы заттарды сараптау ғылыми орталығы» ФМБМсінде біліктілікті артыру. Рессей денсаулық сақтау министрлігінің «GLP-дәрілік заттардың клиникалық емге дейінгі зерттеулерін өткізу және ережелерін ұйымдастыру»
- Пущино қ. Биологиялық зерттеу зертханасында Рессей ғылыми академиясының академиктері М. М. Шемякин және Ю. А. Овчинников атындағы биоорганикалық институтында тағылымдамадан өткен.
Ғылыми атақтары
Бүкілрессейлік жануарларды физиологиялық, биохимиялық және тамақтандыру жөніндегі ғылыми зерттеу интитуты
Биология ғылымдарының кандидаты
Мамандығы: 03.01.04 – Биохимия
Бүкілрессейлік жануарларды физиологиялық, биохимиялық және тамақтандыру жөніндегі ғылыми зерттеу интитуты
Ақуыз және аминқышқылы зертханасы.
Биология ғылымдарының докторы
Мамандықтары: 03.01.04 – Биохимия және 03.03.01 – Физиология
Жүмыс тәжрибесі
- Бүкілрессейлік жануарларды физиологиялық, биохимиялық және тамақтандыру жөніндегі ғылыми зерттеу интитуты, Боровск қ. – 1991-2009 жж. Ақуыз және аминқышқылы зертханасында аға зертханашы, зертхана меңгерушісі.
- 2. Калуга облысының, Обнинск қ. «Белсенді молекулалар паркі» ғылыми зерттеу орталығынақарасты биомедициналық зерттеу институтында – 2009 жылдан осы уақытқа дейін клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер қызметінің және клиникаға дейінгі фармакалогиялық бөлімінің басшысы
- Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны «К.Э. Циолковский атындағы Калуга мемлекеттік университетінде» химия кафедрасынының менгерушісі – 2014-2017 жж
- Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны «МИРЭА – Рессей технологиялық университеті» (РТУ МИРЭА), «М.В. Ломоносов атындағы ұсақ химиялық технологиялар институты», өндірістік фармация мен биотехнология кафедрасының менгерушісі – 2021 жылдан осы уақытқа дейін.
Ғылыми басшылық
Адамның және жануарлардың биохимиялық, физиологиялық, фармакологиялық және клиникалық фармакологиялық мамандықтары бойынша 8 аспирант (ғылым кандидаттары) және 2 докторант (ғылым докторы) дайындаған.
Жобаларға қатысуы
18 жобадан артық жобаларының орындаушысы және басшысы:
– «Сколково» фонд орталығын дамытудағы жаңа технологияларды жасақтау мен коммерцияландыру;
– РФ білім және ғылым министрлігінде;
– РФ өнеркәсіп және сауда министрлігінде;
– Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекеме «Ғылыми техникалық саладағы шағын кәсіпорындардың дамуына ықпал ететін фонд» (инновацияға ықпал ететін фонд).
– Рессей-Германия бірлескен инновациялық жоба.
Сараптама жұмыстары
- Бүкілрессейлік жануарларды физиологиялық, биохимиялық және тамақтандыру жөніндегі ғылыми зерттеу интитутына қарасты 03.01.04 – Биохимия мамандығы бойынша Д 006.030.01 Диссертациалық кеңестің мүшесі.
- К. И. Скрябин атындағы медициналық ветеринария және биотехнология Мәскеу мемлекеттік академиясына қарасты 1.5.5 – адам және жануарлар физиологиясы мамандығы бойынша Д 35.2.023.01 Диссертациалық кеңестің мүшесі.
- «Биомедицина» жұрналында редакцияның алқа мүшесі.
- «Өнімді жануарлардың биологиялық мәселелері» жұрналында редакцияның алқа мүшесі.
- «ПАМ-Research» жұрналының жауапты хатшысы.
- РФ білім және ғылым министрлігінде жобаның сарапшысы
- Оқу құралдарының, монографиялардың, анықтамалардың ғылыми шолушысы.
- Кандидаттық және докторлық ғылыми дәрежені қорғау мәселелері кезіндегі диссертациялық жұмыстар бойынша қарсылас пен шолушы болған.
Жетістіктері мен марапаттары
Жануарлардан өнім алу барысында аттестациялау мен тіркеуге алу. Жалпы халықтық шаруашылық жетістіктер көрмесінде жануарларға арналған әзірлемелер мен қоспаларды экспонаттаған. Сол көрмеде РФ ауыл шаруашылық министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған.
Калуга облысының губернаторы мен Калуга облысының экономикалық даму министрлігінің бірнеше рет құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ғылыми жетістіктері үшін Бірінші Рессей президентінің екі мәрте стипендият лауреаты болған.
Жариялымдары
Рессей және шет ел басылымдарында 160 астам ғылыми мақалалары жарық көрген, оның ішінде анықтамалық оқулықтар, өнердегі табыстары үшін патенттері, ғылыми ұсынымдары.
Рессей, Еуразия, Еуроодақ, АҚШ елдерінен 50 астам өнердегі табысына патент берілген. Жаңа дәрілік заттарды әзірлеу бойынша монографияның бірлескен авторы.
Мәлімет берген: Ерімбетов