Мусағалиев Нағым  1922 жыл мамыр айында Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Қызылжар ауылдық советінде қарапайым шаруалар әулетінде дүниеге келген. Әкесі Тулеков Мусағали анасы Тулекова Назимше. 
Атам 1940 жылдары Тайпақ ауданы Еңбекші ауылында 7 кластық ал 1941 жылы Қызылжар ауылдық советінде 8 кластық оқуын тамамдап, 1941 жылы 19 жасында Тайпақ ауданы Коминтерн совхозына жұмысқа орналасады. 
Майдангер жолы 1942 жылдың қаңтар айы яғны атам 20 жасында совет армиясы қатарына әскерге шақырту алуынан басталады. 1942 жылдың қаңтар-сәуір айларында  Бугуруслан қаласындағы 202-атқыштар девизиясы 362-ші полкіне курсант болып қабылданып, курсты 2 айда тамамдап кіші сержант шенін алады. 
1942-1944 жылдар аралығында 240-шы атқыштар девизиясы 692-ші артелериялық полк құрамында Украина майданында зеңбірек командирі әскери шенінде шайқастарға қатысады. 
1944 жылдың қаңтар айында майданда жарақат алып мамыр айына дейін  Беков станциясындағы 5336-шы эвокогоспиталда болады. 
1944 жылдың мамыр айынан шілде айы аралығында Пенза қаласындағы қосалқы полк қатарында, ал 1944 жыл тамыз айы 1948 жылдың желтоқсан айына  дейінгі уақытта70-ші девизия 258-ші полк құрамында зеңбірек командирі шенінде әскери борышын атқарған.
Ұлы отан соғысына қатысқан уақытында екі жеңіл және бір ауыр жарақат алады. « Ерлігі үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медалдарымен марапатталған. 
1942-1948 жылдары Совет армиясы қатарында 6-жыл болған атам ауылына  оралған соң 1949 жылдың мамыр айында Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Тайпақ ауылына учаскелік инспектор милиции қызметіне қабылданып 1974 жылға дейін аудандық ішкі істер сапында түрлі қызметтер атқарған. 1949- 1974 жылдың ақпан айына дейінгі уақытта 31 жыл 6-ай 25 күн ішкі істер министрлігі қатарында еліне қалтықсыз қызмет атқарып 1974 жылы милиция капитаны шенінде еңбек демалысына шыққан  Ішкі істер министрлігі қатарында қызмет атқарған жылдары көптеген медаль және мақтау қағаздармен марапатталған. Жолдасы Жұмақпен 4-ұл,1-қыз өмірге әкеліп өсіріп тәрбеледі.

Нағым
Tagged on: