Ысық – қазақ халқының құрамындағы тайпа. Шежіре деректеріне қарағанда, Кіші жүздегі байұлы бірлестігіне кіретін бақсиықтан өрбиді. Ы-тан ақсары (асан, кілеш), сарыбай (тоғыншы) рулары тарайды. Таңбасына қарап кейбір этнограф ғалымдар Ы-тың ертедегі тарихын Жетісуды мекендеген Ұлы жүз тайпаларымен байланыстырады. Шежіре деректері бойынша есентемір, шеркеш және Ы. руларының бәрі байұлы бірлестігіне кіреді. Соған қарамастан көптеген ғалымдар олардың өзара туыстығына күмәнмен қарайды.2004 жылы Өлке баспасынан Кіші жүз Байұлы Ысық руының шежіресі шықты. Сол кітапта көрсетілгендей Ысықтан Ақсары мен Сарыбай тарайды, ал Ақсары Асан және Келім болып бөлінеді. Сарыысық Келімнің ұрпағы. Ысық аңыздық емес, тарихи тұлға. Ол маған, жалпы біздің құрбыларымызға он бесінші баба. Егер әрбір жаңа ұрпақ дүниеге жиырма бес жыл сайын келеді десек, Ысық он жетінші ғасырдың орта шенінде өмір сүрген. Одан әрірек тегі Бекарыс тұқянымыз қазақтың алғашқы алғашқы хандығын құрған Керей, Жәнібекпен тұтас жасаған. Қазақ шежіресінде ру, тайпа, ата-тек таратылуымен қатар, оларға байланысты тарихи оқиғалар, ірі кемеңгер тұлғалар, әулие-әмбиелер, батырлар, би-шешендер, ғұламалар, ақын -жазушылар, сазгерлер туралы деректер қоса баяндалады. Осы үрдісте Ысық руынан шыққан әулие Оңай ата, Естай батыр, Қаратау би, Құныскерей мерген туралы шығармалар да кітапқа енгізілді. Дегенмен, олардың бақан сияқты таңбалары (масқарлардікі де) бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Сол себепті этнологтар (В.Востров, т.б.) бұл бірлестіктерді Орта жүздегі найман тайпасымен тығыз байланыстырып, негізгі ұйтқысы наймандар болуы ықтимал деген пайымдау жасайды. Ы-дың келесі бір дөңгелек таңбасы дулаттардың таңбасымен үйлеседі. Ілкі замандардағы дерек көздерінің тапшылығынан Ы-дың әуел бастағы тарихы мардымсыз зерттелген. Ы-тар туралы алғашқы мәліметтерді М.Тевкелев жазбаларынан кездестіруге болады. Кейінірек Ларионов рапортында, А.Левшин еңбегінде де кездеседі. Бұл мағлұматтарға қарағанда, Ы. рулары Қазақстанның батыс аймағында мал ш-мен айналысқан. Ұраны – Бәйтерек, таңбасы – бақан, жарты үшбұрыш, дөңгелек.

 

 

 

Кілеш
Tagged on: