Алдабергенов Қамбар 1911жылы дүниеге келген. Ұлы отан соғысының ардагері. 1941 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дарбазадағы әскери бөлімнен соғысқа аттанған. Соғыста 69-шы армияның 1083 атқыштар полкі 312 атқыштар дивизиясының қатарында болған. Ресейдегі Ширсе өзенін және Польшадағы Познань қалаларын жау қолынан  азат етуде де батырлығы мен аса тапқырлығы үшін көзге түсіп,  Берлин қаласының түбіне дейін жау әскерімен айқасқан. Ширсе өзенінен өту кезінде аға сержант Алдабергенов біздің әскердің өтуіне кедергі келтірген жау әскерінің үш пулиметін және ондаған жаяу әскерін жойғаны үшін үшінші дәрежелі даңқ орденімен марапатталуға лайықты, деп жазған екен 1083 атқыштар полкінің командирі полковник Крайнов. Жау қолында қалған Познань қаласын азат етуде де ондаған жау әскерінің солдаттарымен офицерлерін жойғандығы, полковник Плещеевтың да (тов. Алдабергенов в полне заслуживает  представление к провительственной награде орденом \”красная звезда\” деп жазған деректер бар. Сол ерліктері үшін бірнеше рет марапатталған сол қатарда: қаһармандығы үшін \”за отвагу\” медалімен, ұлы отан соғысының екінші дәрежелі орденімен және үшінші дәрежелі даңқ орденімен марапатталып қызыл жұлдыз \”красная звезда \” орденіне ұсынылған. Соғыс кезінде екі рет жарақат алған. 1945 жылы қолынан ауыр жарақат алған. Соғыс біткеннен соң абыроймен елге оралған. Екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсіріп 1971 жылы дүниеден өткен. Қазіргі таңда ардагердің ұрпақтары Түркістан облысы Төлеби ауданы Жаңаұйым елді мекенінде тұрып жатыр. 

Қамбар
Tagged on: