Қазақ шежіресі.  Нұх Пайғамбардан Қазаққа дейін.

 

        Көзі ашық, құлағы түрік, аузы дуалы, сөзі уəлі көпті көрген көнекөз қариялардан естуім бойынша :

        Нұх пайғамбардан Қам, Сам, Яфат деген үш ұл болған. Сам деген ұлынан – Арыс, Ғабар, Шалық, Арпақшат, Арғон, Аштақ, Тарах деген жеті ұл туған. Тарахтан (кіші ұлынан) – Азар туған, Азардан Ыбрахым пайғамбар.

      Ыбрахым пайғамбардан – Ысқақ, Смағұл деген екі ұл болған. Смағұлдан – араб халқы тарайды. Ысқақтан – Хайдар, Хайдардан – Түрік, Түріктен – Табиғи туады.

      Табиғидан – Массағат, Кассах, Махалла, Сах деген төрт ұл туған. Сахтан – əнсары, Əнсарыдан – Хамит, Хамиттан – Аннас, Укас  сахабалар туған. Укас сахабадан – Кавказ халықтары тарайды.

       Аннас сахабадан Мадат, Охастин, Ғажат, Сыбай деген төрт ұл туған. Мадаттан – Өзбек, Ұйғыр, Гагауз (қашқар) тарайды. Охастиннен – Түрікмен, Текежаумыт, Балқар, Құмық тарайды. Ғажаттан – Ноғай, Татар, Башқұрт тарайды.

     Сыбайдан – Алаш жалғыз туады. Қазақта атамыз Алаш, керегеміз ағаш деп тегін айтылмаған.

     Алаштан – Жайылған, Сейілхан деген екі ұл туған. Сейілханнан – Қыпшақтар (половцы қыпшақ, ұлт қыпшақ).

   Жайылғаннан – Разақ  (қарақалпақ), Қазақ, Созақ, Қырғыз таралған.

    Созақтан – Могол, Моголдан – Ақсақ Темір, Ақсақ Темірден – Ұлықбек, Бабур тарайды.

    Қазақтан – Жұман, Жұманнан – Əбілқайыр, Əбілқайырдан – Ақарыс (Ұлы жүз), Бекарыс (Орта жүз), Жанарыс (Кіші жүз) тарайды.

Дереккөз: Ел аузынан.

Мақала авторы: Сұраш Ұзақбай Арапбайұлы

Поштасы  24122019n@gmail.com

Асан
Tagged on: