Иманбердіұлы Құрманғали

Иманбердіұлы Құрманғали 1900 жылы Торғай уезі Қызылжыңғыл болысы 33 ауылында дүниеге келген. 1929 жылға дейін жүк тасушы кірекештер тобын басқарған. 1930-1933 жылдары Қызылорда қаласында «Томар-Трест» мекемесінде сексеуіл тасушылар тобын уйымдастыруға атсалысқан. 1932 жылы томар тасу тоқтайды. Осы жылы томар артелінің негізгі адамдары ұйытқы болып, «Жаңа тұрмыс» ұжымдық шаруашылығы ұйымдастырылады. Иманбердиев Құрманғали ауыл халқы иелігіндегі малдарынан жиналған қой фермасын ұзақ жылдар бойы басқарып, мал басын көбейтеді. Ұсақ мал санын бірнеше мыңдаған басқа жеткізіп, түйе санын 200 бастан асырады.

1940 жылы Сырдария аудандық Кеңес атқару комитетінің ұйғарымымен аудандық мал жайылым бөлімі құрылып, оған басшылық ету Иманбердиев Құрманғалиға жүктеледі.

Сыр бойында ұлтанды жайылым болмағандықтан ауданның 32 майда ұжымшарларының малдарын Сарысу, Телікөл бойындағы мал жайылымдарына реттеп орналастырып отыру қажет болатын. Құрманғали аудан бойынша малшылардың жағдайын көтеруге, мал басының өсуіне үлкен үлес қосты. Ол қолында барымен ауылдастарына көмектесіп, ауылдың малына мал қосқан, жоғына қарасқан, артынан бір ауыз өсек сөз ермеген, өзі де ғайбатты білмейтін нағыз азамат болған. Оның інілері – Мырзағали, Құрманәлі, Арыстанбек, Әларыстан және қарындасы Кежегүл де Құрманғалидың тәрбиесімен өсіп, ауыл арасында «Қайырымды Иманбердиевтер» деген атаққа ие болған.

Құрманғали жары Ұлболсын екеуі 1қыз 3 ұл тәрбиелеп өсірген.

Иманбердіұлы Құрманғали 1955 5 тамызда дүниеден озды.

Қадыр Әмзеевтің  \”Ауылым сұлу Сырдың жағасында\” кітабынан 

Құрманғали
Tagged on: