Дуайдан Тілеулі ғана бар. Ал, Сұраулы деген Тілеуліге жеңгелері қойған аты. Тілеуліден Бөшік. Бөшіктен Батпақбай, Салтақбай, Жақсылық, Қоразғали, Түсіп, Сүлеймен, Əміре, Қоңқай, Мұқыш болып 9 ұл тарайды. Дондағұл мен Дуай Мамайдың бəйбішесінен туады екен. Андағұл, Сандағұл, Өтеміс, Шектібай тоқалдан туыпты. Бірақ, Дондағұл мен Дуай бəйбішеден тусада Андағұл мен Сандағұлдан жасы кіші екен. Дондағұл мен Дуай мыңды айдаған, шіріген бай болыпты. Дондағұлдың кіндігінен он ұлы он отау болса, Дуайдың кіндігінен Тілеулі ғана жəне одан Бөшік жалғыз болыпты. Бөшік өте шаруақор, батыл, істің ыңғайын білетін іскер, ақылды азамат болып ер жетіпті. Дондағұл мен Дуай соғымға жылқыларын жаз жайлаулары мен күзектері Қалбатаудан қазіргі Қызылкесік ауылының аумағындағы қыстақтарына жылда бірге айдатып əкеледі екен. 
Бір жылы Дуай Дондағұлдың он ұлы Қалбатауға соғымдық жылқыларын айдап алып келуге кетіп қалғанын естиді. Естиді де қапаланып, менің жалғыздығымды бетіме басқаны ғой деп қапаланып отырады. Оны көрген сезімтал немересі Бөшік: \”Ата, қапаланба! Алла бұйырса, соғым басына Дондағұл атамды бірінші болып шақырып, соғым басын бересіз\”,-дейді де, өзі жедел бірнеше күн бұрын кетіп қалған ағаларының артынан жөнеледі. Соғымға деп семіз жылқыларды етін жініктірмей, баппен айдап, Дондағұлдың  ұлдарынан бұрын əкеп, сояды. Дуай бай Дондағұлды соғым басқа бірінші болып шақырған екен. Сонда, Дондағұл: \”Оның жүріп, Дуайдың бір жалғызына жетпедіңдер\”,- деп балаларына қатты ұрысқан екен. Бізге ауыздан ауызға жеткен осы əңгімеден Бөшіктің өте намысшыл, төзімді, айлакер, шаруаның ыңғайын білетін шаруакеш жəне ақылды азамат болғанын көреміз, мақтан тұтамыз.

Дуай
Tagged on: