Әмірғасымов
Қуандық (Қажымұқан)
Әмірғасымұлы
(1949-2021ж Ақтоғай ауылында жерленген)
Руы Тобықты-Ақсақ-Сәмбет
Есдаулет-Шегенбай-Балға-Оспан-Әмірғасымнан тараған.
1949 жылғы 13 мамырда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Калинин колхозында Қазақ ССР ұлы Советінің президиумының 1940 жылғы Құрмет грамотасының иегері «Егіннің әр гектарынан 11 центнер өнім алған» , Ұлы отан соғысының ардагері отбасында дүниеге келген. 1972 жылы Қазақ Еңбек Қызыл ту орденінің ауылшаруашылық институтын «Ауылшаруашылық өнімдерін механизациялау процессі», «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1972 жылы 14 қазанда Ақтоғай аудандық ауылшаруашылығы басқармасының инженер-механигінен бастаған. 1976-1981 жылдары Мемлекеттік ауылшаруашылық техникалық бақылау инспекциясының бастығы. 1981-1983 жылдары Ақтоғай аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бас инженер-механигі. 1983-1987 жылдары Ақтоғай өндірістік жол бөлімінің бастығы. 1987-1988 жылдары Ақтоғай аудандық партия комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі. 1988-1989жылдары Ақтоғай аудандық партия комитетінің сектор меңгерушісі. 1989-1992 жылдары Халық депутаттары аудандық кеңес төрағасының орынбасары. 1992-1992 жылдары Аудандық коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының директоры. 1992-1994 жылдары Аудандық жол бөлімінің құрылыс жөніндегі шебері. 1994-2007 жылдары Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары. 2007-2010 жылдары Ақтоғай ауданы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2012 жылдан зейнеткер. Әкімшілік, партия, профсоюз және комсомол ұйымдарының алғыс хатымен, Облыс әкімінің алғыс хатымен, 2 мәрте Облыс әкімінің құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» Партиясының облыстық филиалының «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жылдық мерекесіне орай» құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық» мерекелік медалімен марапатталған.
Жұбайы: Әбілқасымқызы Кенжетай руы Сарым-Шабанбай
Ұрпақтары:
Серікбол – жұбайы Ғаниоллақызы Анар руы Шомақ, Жазира, Берікбол – Мейрамқызы Әсел руы Сарым-Шабанбай, немерелері- Ырысбек, Айша, Ақназар, Ажар, Ибраһим, Мариям, Раян Ақтоғайда тұрады.
Қуандық -Қажымұқан