ЖАҢАБАЙ ҚАРЫМСАҚҰЛЫ. . . (1910-1973)
Ал Жаңабай атамызда соғысқа Орынбай кісілермен қатар
кетіп, соғыста екі мәрте жарақат алған. Бірінші жарақаты жеңілдеу болған ол жазыла сала өзі сұранып екінші мәрте қайта кеткен соғысқа кіріскеніне екі үш ай өткенде екінші мәрте ауыр жарақат алып бір аяғы илікпей қалған күйі елге қайтқан.Бірақ сонда да соғыстан кейін өзінің сауаттылығы және қайсар мінезінің арқасында колзозда мақта бригадирлігі жұмысын атқарған екен. Жаңабай атамыз бригадирлік жұмысын атқару кезінде жылдық жоспарды артығымен орындаганы үшін 1966-1967 жылдары түрлі марапаттарға ие болған “Еліне сіңірген еңбегі үшін” жұлдызымен марапаттталған.”Социалистік Қазақстан”,”Лениншіл жас”,”Еңбек туы” газеттерінде ол кісі жайлы мақалалар жариаланған.Ол кісі кезінде өкімет тарапынан ерен еңбегі үшін деп ұсынылған “Жигули” “Волга” автокөліктерін айдай алмаймын деп кері қайтарған екен. Жаңабай атамыз бірде таңда жұмысқа шығып атымен жүрген жерінен аты бірдеңеден үркіп құлаған кезде әлгі соғыста жараланып илікпей қалған аяғы үзеңгіден шықпай қалып,үріккен ат біраз жерге сүйреп әкеткен екен. Осыдан кейін ол әлденеше рет ауруханаларға түсіп, ақырында 1973 жылы қайтыс болады. Жаңабай атамыздың жеңгелей алған жұбайы Зейнеден:Құрасбек деген ұл, екінші жұбайы Зибадан:Таңсық,Ынтық деген ұлдар және Сапаркүл,Раушан,Несібелі,Гүлжан деген қыздар тарайды