Исабай Қарымсақ бабамыздың үлкен ұлы атамыз момын, сабырлы және байыпты келген кісі болған екен.Ол кісі анасынан ерте айрылған кезде әкесі Қарымсақтың кейнгі жұбайы Тәжі апамыздың қамқорлығына өтеді. Қарымсақ атамыз қайтыс болған соң Тәжі апамыз есейген баласы Исабайды Зейне атты қызға үйлендіреді.Зейне апамыз шаруаға бейім ұғымтал келін болып шығады.Тәжі әжемізден үй шаруасын түгелдей өзіне алып,енесіңің де әулеттің де алғысын алған екен. Үлкен кісілердің айтуы бойынша ол кісі қан қысымынан қайтыс болған екен. Колхоздастыру кезінде бұрынғы отырған Қарымсақ қыстаққа барып қайтпақшы болады. Ағасының қыстақтан кешігіп жатқанынан сезіктенген інісі Әріпбай артынан іздеп барса жүзін құбылаға бұрып алдына жаюлы беторамалға басын тигізген күйі жантәсілім етіпті. 17.18жасар бозбала өлімді алғашқы көруі болса да бар есін күшін жинап ағасының атын жетекке алып, өз мінген атында ағасын алдына құшақтап алып келе өкіре құлаған дейді. Исабай атамыз бен Зейне апамыздың жалғыз ұлы Әшірбай атадан кәзіргі күні бірталай ұрпақтары өсіп өніп отырған жайы бар ол жайлы әлі төменде айтатын боламыз  Исабай Қарымсақ бабамыздың үлкен ұлы атамыз момын, сабырлы және байыпты келген кісі болған екен.Ол кісі анасынан ерте айрылған кезде әкесі Қарымсақтың кейнгі жұбайы Тәжі апамыздың қамқорлығына өтеді. Қарымсақ атамыз қайтыс болған соң Тәжі апамыз есейген баласы Исабайды Зейне атты қызға үйлендіреді.Зейне апамыз шаруаға бейім ұғымтал келін болып шығады.Тәжі әжемізден үй шаруасын түгелдей өзіне алып,енесіңің де әулеттің де алғысын алған екен. Үлкен кісілердің айтуы бойынша ол кісі қан қысымынан қайтыс болған екен. Колхоздастыру кезінде бұрынғы отырған Қарымсақ қыстаққа барып қайтпақшы болады. Ағасының қыстақтан кешігіп жатқанынан сезіктенген інісі Әріпбай артынан іздеп барса жүзін құбылаға бұрып алдына жаюлы беторамалға басын тигізген күйі жантәсілім етіпті. 17.18жасар бозбала өлімді алғашқы көруі болса да бар есін күшін жинап ағасының атын жетекке алып, өз мінген атында ағасын алдына құшақтап алып келе өкіре құлаған дейді. Исабай атамыз бен Зейне апамыздың жалғыз ұлы Әшірбай атадан кәзіргі күні бірталай ұрпақтары өсіп өніп отырған жайы бар ол жайлы әлі төменде айтатын боламыз

Исабай
Tagged on: