ҚАЙШЫЛЫ – ескіден келе жатқан қазақтың ежелгі руының бірі. Бұл ру өкілдері жер жүзіне тарыдай шашылып кеткен. Қазіргі уақытта негізінен Қазақ халқының Ұлы жүз құрамындағы Сіргелі тайпасының құрамына жатқызылады. Және бір бөлігі Жалайыр тайпасының құрамында да аталады. Кіші жүз Төртқараның ішінде Қайшылылар кездеседі деген дерек те бар. Бұлардан басқа Қарақалпақ, Солтүстік Кавказ,Өзбек халықтарының құрамдас руы ретінде де кездестіреміз. Тіпті сонау Иран Ислам Республикасының оңтүстігіндегі Фарс провинциясында көшпенді ғұмыр кешетін Қашқайлардың (Әзірбайжан мен түрікмен тілдерінің ортасындағы жеке тілде сөйлейді) құрамында жеке ру ретінде Кайшуглы, Гайшгулы немесе Гашгули атауымен кездестіруге болады. Міне осыншама территорияға шашылған ру өкілдерінің түп-төркіні қасиетті Қазығұрт пен қарт Қаратау (бүгінгі күні Бәйдібек ауданындағы Үсіктас ауылы) саналады.Қазіргі күні қазақ құрамындағы Қайшылы ұрпақтары негізінен Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш, Шардара аудандарында, Өзбекстанның Ташкент қаласының бірнеше бөліктерінде: 4 жильгородокта, Қыбырайда, Шыршықта топтасып тұрады. Таңбасы барлық Қайшылыға ортақ \”Х\” (қайшы) таңба, ұраны «Байсүгір».

ҚАЙШЫЛЫ АТАУЫНЫҢ ШЫҒУЫ
Таңбасының қайшыға ұқсастығына байланысты және тағы бір нұсқада Қайшылы атауының шығуы ауыздан ауызға айтылып келе жатқан “Ойсын қырғыны”аңызымен байланыстырылып айтылады. Аңыз бойынша Ойсынның отыз ұлы болған екен олар; Әліхан, Бақырхан, Қорқыт, Төбеке,Тура, Шолақ, Бәйгел, Әмірбек, Өтеп, Тыныбек, Шыныбек, Нұрбек, Нұрымбет, Құлымбет, Қосақбай, Алшынбай, Жұрынбай, Байымбет, Жарымбет, Садық, Сыдық, Төлеп, Арыстан, Бораш, Жарас, Жанас, Сырымбет, Тұрымбет, Жалманбет(З.С.Қаржани). Кейбір шежіреде оның 16 әйелі болғаны жайлы айтылады да ұлдарының тізімі өзгертіледі, бұдан бұл тізімде жүйеге келмейтін қайшылық бар екенін аңғаруға болады.Мүмкін шынында Ойсынның отыз баласы болған шығар, мүмкін Ойсын қырғынына дейінгі Ойсын бірлестігіндегі рулардың санымен осылай айтылған болар,оны біз дөп басып айта алмаймыз. Осындай сәйкессіздіктерге қарамастан айтылып жүрген“Ойсын қырғыны”аңызы шыныменде бір болған оқиға төңірегінде өрбігені анық. Айтылып ,жазылып жүрген рулар шежіресінде Ойсылдың Төбеке батыр деген баласынан Өтеп батыр туады. Өтеп батырдың Сырымбет,Тұрымбет деген ұлдары болады. Сырымбеттің жұбайы Ізбике Жәнібек хан ордасында киім тігетін ұстасы болған. Ал енді Ойсылдың тағы бір баласы Әліханнан Арыстан батыр одан Бораш мырза тарайды. Бораш мырза Жеңешесі Ізбике Қайшылыға киім тіктіруге келіп жүргенде Жәнібек ханның қызы Аманбикемен көңіл жарастырады да уақыт өте аяғында хан қызының аяғы ауырлап қалады. Бораштың алдында Алшын Қыдырбайдың қызынан алған бәйбішесі болған. Қызының Бораш мырзада ойы бар екенін және одан аяғы ауырлап қалғанын білген Жәнібек хан алғашқыда қызын оған бермек болады. Алайда аңыз бойынша оның уәзірі Қырғиқабақ \”Хан қараға қызын бермес болар\”деп оны айнытады. Сөйтіп уәзірінің берген ұсынысымен Ойсын және оның бетке ұстар азаматтарын тоқсан тоғыз киіз үй тіктіріп құдалыққа шақырады, құдалыққа кірерде қару жарақтарын жиып алады. Сөйтіп әр үйдің алдына қаруланған жендеттерін қойып жау шапты аттаныңдар деп атау салып, жау кеп қалды екен деп үйден жүгіріп шыққандардың бәрін қырып салған екен. Ойсын қырғыны аңызы осылай қалған екен, кейін сол ойсын қырылған жердегі төбені өлікті деп атап кеткен екен. Құдалық тойға бармай қырғыннан аман калғандар жорықта жүрген тубегі Арыстан,Тұрымбет батырлар болған. Сырымбет батыр қырғында мерт болады оның артында қалған жұбайы Ізбикемен ұлдары Нан және Тола қалған.Аңыз бойынша Қайшылы руы таралуының басында тұрған осы ұлдары Нан менТола.Қайшылы атауының шығуы Сырымбеттің әйелі Алтын Қайшылы Ізбикеге байланысты болған. Ізбике ана хандықтағы шебер тігінші болғандықтан, ханның өзі оған алтын қайшы сыйлаған екен. Сондықтан халық Ізбике ананы – Алтын Қайшылы Ізбике деп атап кеткен екен. Қырғынды есіткенде Ізбике ана бір баласы Толаны төркіні Жалайыр еліне жіберіп,бір ұлы Нанды өзімен алып қалған. Осы балалардан тараған ұрпақ Ізбике Қайшылының атымен Сіргелі және Жалайыр Қайшылылар болып аталған екен. СІРГЕЛІНІҢ ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫ Хан қызы бұл оқиғадан кейін жасырын босанып хан әкесінен қорқып баласын көңнің арасына жасырып қояды. Кейін оны ордада тігінші болған Қайшылы Ізбикеге беріп қамқор болуын өтінеді, ол баладан кейін Көңірдек руы шығып тарайды.Арыстан Тұрымбет батырлар жорықтан келген соң қол жиып Жәнібек ханнан бауырларының кегін алмақшы болған кезде Жәнібек хан шалғайға қөшіп кетіп ізін суытқан екен. Тұрымбет әмеңгерлік жолымен ағасы Сырымбеттің жұбайы Ізбикеге үйленеді,олардан Манап деген ұл туады және одан кейін Тутаңбалы руы тарайды. Ал Бораштың бірінші әйелі Алшын Қыдырбай қызынан туған Құбасайдың ұлдары Ақсйық,Қожасиық,Құлымсиықтан; Батыр, Жайдақ,Қарабатыр,Шалдар,Байжігіт,Айтбозым,Елібай,Жаңабай рулары тарайды. Кейін олар Қайшылы,Көңірдек,Тутаңбалымен қайта бірігіп он екі ата Сіргеліні құраған екен олар; Қайшылы,Тутаңбалы,Ақкөңірдек,Қаракөңірдек,Батыр,Жайдақ,Қарабатыр,Шалдар,Байжігіт,Айтбозым,Елібай,Жаңабай. Сіргелі  таңбасы тайға анасы еміп қоймау үшін  кигізетін сіргеге байланысты шыққан делінеді. Сонымен қатар Сіргелі атауының шығуы Сыр өзенімен байланысты екені туралы нұсқа да бар.Сіргелі тегі туралы Shejire ДНҚ жобасының ғылыми жетекшісі Жақсылық Сәбитов ежелгі Ғұндар – Сіргелі, Керей, Керейіт, Уақ руларына жақын болған деген тұжырымға келіп отыр.Жақсылық Сәбитов бұл тұжырымға Солтүстік Қытай аумағындағы Эгин-гол, Дуурлик Нарс және Баркөл қорымдарында жерленген жауынгерлерінің ДНК-ларын зерттеп келген соң жариялаган.Ал Хуннулар 4 миллион шаршы шақырымға жуық иеліктері бар қуатты тайпалық бірлестік болған. Осы Ғұн тайпаларынан қорғану үшін қытай императоры Ци Ши Хуанди Ұлы қытай қабырғасын тұрғызды. Біздің дәуіріміздің I ғасырында Қытай хан империясымен соғыста жеңілгеннен кейін,Хуннулар батысқа қарай бет алды, онда олар Гундар деп аталды. https://www.inform.kz/ru/dnk-issledovanie-podtverdilo-rodstvo-kazahov-s-andronovcami-i-gunnami_a2799114?fbclid=IwAR2Smpks_mxArKokZwB6xuqptXbRihl6-5Mn02lemHzYoSb2lKqUSGIkv4Y Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің \”Елдің тарихы мен мəдениеті – Болашағы тұтас ұлт\” тақырыбында өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Әлібек Асқаров ғалымдар зерттеуіне сүйене отырып мәлімдеді.

https://abai.kz/post/40718?fbclid=IwAR1lmWwH_JAiDkeemmHAswdnbJx83ULlsvpOo15dPpYrYiLQ5dPJQ8BgkVA
Сонымен қатар Керей,Уақ руларының ашамай таңбасы \\”Х\\” мен Сіргелідегі Қайшылының қайшы \\”Х\\” таңбасы ұқсас келеді

ҚАЙШЫЛЫЛЫ ТАРМАҚТАРЫ

СІРГЕЛІ ҚАЙШЫЛЫ; Андақожа,Наурыз,Темір,Көшей,Сырлыбай,Жылкелді,Көшек деген аталардан тұрады.

ЖАЛАЙЫР ҚАЙШЫЛЫ; Ербөлек, Байғұтты Жөнқұтты, Бейсембек, Мәмбетәлі деген аталардан тұрады.

ҚАРАҚАЛПАҚ ҚАЙШЫЛЫ: Ақымбет,Жуансан,Қатерқожа,Танамырза,Бақы,Төре,Көрпе,Сыйпақ,Ежақ деген аталардан тұрады.

СІРГЕЛІ ҚАЙШЫЛЫ АТАЛАРЫ:

АНДАҚОЖА АТАСЫ: Байкелді,Айдос,Өтепбай деген кіші аталарға бөлінеді. Байкелді тармағынан өрбитін Қарымсақ ата бақуатты,беделді ел ішіндегі дау дамайды шеше білетін турашыл кісі болған екен. Соның бірінде Қайшылының Сырлыбай атасы ішіндегі Қалымбет деген кісі рулас бір жесір қалған келіншекке көзі түсіп басы дауға қалады. Осы жағдайды ушықтырмас үшін Қалымбетпен жақсы таныс Қарымсақ бабамыз ол келіншектің де Қалымбетте ойы бар екенін ескере отырып, екеуін де өз әулетімен бірге ертіп, Қайнарбұлақ өзенінің төменгі ағысына келіп қоныстанған екен. Кейін ол жер Қарымсақ қыстағы атанады. Ол мұнда Пошан датқамен бірігіп диірмен салдырған және одан түскен пайданы екеуі бөлісіп отыратын болған. Қарымсақтың турашылдығын бағалаған Пошан датқа ел ішіндегі дау дамайды екеуі бірлесіп шешіп отырған екен.

НАУРЫЗ АТАСЫ; Жаманай Жаңбыр, Бектас деген кіші аталарға бөлінеді. Бектас тармағынан; Нұршаұлы Дүйсебай болыс. Жаңбыр тармағынан би-болыстардан атақ даңқы абыройы кем болмаған Дәулетұлы Керім мырза.Кеңестік кезеңде аудандық аудандық партия комитетінің бірінші хатшы қызметінде болып,Кеңес одағы комунистік партиясының 21-сьезінде делегат болып қатысқан Тайбекұлы Тәліп шықты.

ТЕМІР АТАСЫ; Байдәулет,Байтоқ деген кіші аталарға бөлінеді. Байдәулет тармағынан Есбайұлы Байсүгір батыр.Жоңғаршапқыншылығы кезінде 18ғ Әбілқайырхан бастаған үш жүздің қолы біріккен шайқаста Қайшылы руының жасақтарын басқарған батыр. Есейе келе елбасшысы болды, сондықтан оны Байсүгір әкім деп те атаған.Оның есімі Сама-биден кейінгі Қайшылы руының ұраны болған.Байсүгірдің Рүстем деген баласынан туған немересі Мүсірәлі батыр.Ол Қоқан ханынан датқа лауазымын алып,Қаратау мен Арыс өзені аралығындағы елдерге басшылық жасаған.

КӨШЕЙ АТАСЫ; Жанай,Өмірзақ,Кенбаба атты кіші аталар өрбиді.Бұлар негізінен Қаратаудың көрікті аймағы “Үсіктас”жерін мекендеген. Осы атадан атақты Жанай би шыққан. Өмірзақ тармағынан; Кеңес үкіметі тұсында облысымызда партия,кеңес органдарында жауапты қызмет істеген Білісбекұлы Дәулетбек,Тілеу-Кенбаба тармағынан; суырып салма ақын Рыспанбетұлы Ыбырай шыққан

СЫРЛЫБАЙ АТАСЫ; Естемір,Қалы,Байсары деген кіші аталарға бөлінеді.Естемірдің сегізінші буынындағы ұрпағы Мұратұлы Қалтай Қаржандағы елдерге болыс болған.Ол жоғарғы Қайшылы аталатын ауылға мешіт салдырып балаларлды оқытқан ғұлама молда.Ол Ташкетентегі “Көкелташ”медресесін оқып бітірген. Ал Қалы тармағының кейінгі ұрпақтарының бірі Сағынбек Юсупов Кеңес одағы тұсында бірінші болып(1957ж)Милиция Генералы атағын алған. Ол туралы “Комиссар жазбалары”деген кітап шығарылған.

ЖЫЛКЕЛДІ АТАСЫ; Жаңбыршы, Көрікші деген кіші аталарға бөлінеді. Жылкеді атасынан;Елшібайұлы Тастанбек болыс және ”Әлем таныған академик” Бәйімбетұлы Өнер(Жамалов) шыққан. Ол кісінің есімі кәзір Қаржандағы мектепке берілген.

КӨШЕК АТАСЫ: Қонақбай, Сырымбет және Марқа деп кіші аталарға бөлінеді. Көшек атасы оңтүстік аймақтарда және Өзбекстан аумақтарында көп шоғырланған.

ҮШТАҢБАЛЫ (ҚАЗАЯҚЛЫ) ЖӘНЕ ҚАРАҚАЛПАҚ ҚАЙШЫЛЫ

ҮШТАҢБАЛЫ -таңбасы қаздың аяғына ұксас болғандықтан осылай аталады. Қайшылы,Тутаңбалы,Көңірдек – Үштаңбалыға бірігеді. Үштаңбалы бірлестігі бұрынғы Ноғай ордасы ыдыраған соң халқының бір бөлігі барған солтүстік Кавказда да кездеседі. Тәуке хан тұсында Қарақалпақтардың Қазақ хандығының құрамында болуы екі халықтың бұрынғыдай ру араласып қоныстануына әсер еткен. Жоңғар шапқыншылығы кезінде “Алакөл сұлама” “Сауран ауған” оқиғаларына ұшырап Қоңырат Қыпшақ, Қайшылы рулары ауа көшіп жүріп бір бөлігі Қарақалпақта қалып қойған.Қазақ хандығы кұрылғанға дейінгі Алтынорда кезінде қайшылы үштаңбалы құрамында болады сол кездерде қаракалпақ териториясында қалған үштаңбалы қазаяқлы деген атпен қалған.Ал кейін қазақ хандығы кезінде қайшылы жеке атала бастаған уақытта қазақ қауымы алакөл сұламаға ұшырап ауып барған кездегі қайшылылар қарақалпақта қайшылы атымен сіңген. Сондықтан қарақалпақта қазаяқлы және қайшылы рулары туыс саналады. Қарақалпақ алты ірі тайпалық бірлестіктен тұрады;Маңғыт,Қытай,Мүйтен,Қыпшақ,Қоңырат,Кенегес. Осының ішінде Қытай бірлестігі 12 рудан тұрады олар; Бессары,Бексыйық,Қазаяқлы,Қайшылы,Анна,Құйын,Әйтеке,Шериуши,Аралбай,Манжиули,Боклықытай.Қырық. Қарақалпақтың 12 ата Қытай бірлестігіндегі Қайшылы руы тоғыз тармақтан тұрады; Ақымбет,Жуансан,Қатерқожа,Танамырза,Бақы,Төре,Көрпе,Сыйпақ,Ежақ, Қарақалпақ қайшылылары өздерін Қанғабай батырдан таратады.Қанғабай батырдың арғы тегі Қаян деп есептейді.Қаянды -Қара тұқымы деп есептейді. Және Қарақалпақта Қайшылы, Қырқарлы, Қырықтамғалы рулары ата-тегі жақын туыс тайпалар деп есептейді. Осылардың біразы Теңқожа биді \”Баба\” сипатында таниды екен.Араб саяхатшысы Ибн Фадланмен жолығып қарақалпақ қайшылылар тарихын жазып қалдырған Турмуҳаммед (халық аўзында Турғанбай) ишан қарақалпақ қайшылыларының түп бабасы болып табылады екен.Қарақалпақтар Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығына қараған, негізінен Түркістан маңын мекендеген, әкімшілік-территориялық бөлініске орай Ұлы жүзге жатқызылған. XVІІІ ғасырда қалмақ-қазақ соғысы ушығып, «Алқакөл сұлама», «Сауран айналған»оқиғаларына ұласады. Ел дүрлігіп, көшкенде Қайшылылардың бір тармағы Қаратаудағы қонысынан Түркістанмаңындағы қарақалпақтармен бірге Үргеніш, Бұқара жаққа ауып, соларға сіңіп кетеді. Қазір олар қарақалпақтың Онтөрт ру арысының ірі руы. Орыс ғалымы Л. С. Толстов көрнекті ілімпаз Т.А. Жданконың «Қарақалпақтардың тарихи этнографиялық очерктері» атты кітабында (Москва-Ленинград. 1950ж.) қарақалпақ руларының төркіні әпсаналар түрінде жазылған. Мысалы, «Қайшылы мен Қазаяқлы рулары» жөніндегі әпсанада «Бұқара ханы той берген. Батырлар арасында қайшылылардың бабасы Байполат пен қазаяқлылардың бабасы Сунан болған. Біріншісіне хан қайшыны тамға қылып берген, екіншісіне қаздын аяғын тамға қылған» деген дерек ұсынады. Бұл дерек қарақалпақ құрамындағы қайшылылар Қаратау маңынан көшкен деген біздің ойымызды тағы да дәлелдей түседі. Өйткені, қарақалпақ құрамындағы қайшылы мен қазаяқлы руларының таңбасы қазақтың Ұлы жүз ішіндегі Сіргелінің Үштаңбалы тармағы мен оның ішіндегі Қайшылының таңбаларын еске түсіреді. Қарақалпақтар мен Бұқара ханы ауып келген екі жаңа елді (Қайшылы мен Үштаңбалы) туыстығына қарай ажыратпаған, бірге қоныс берген болып шығады, тек екіншісінің таңбасының қаздың аяғына ұқсастығына байланысты ру атауын аздап өзгерткен.

Шығыс Еуропа жұртындағы Қайшылы таңбалылар

15-17 ғасырларда Қырым хандығы Ұлы Литва княздігімен одақтас болғанын тарихтан білеміз. Бұл одақ негізінен соғыс жағдайында өзара әскери қолдап отыру, көмектер алмасып отыру мақсатында құрылған. Одақтың аясында Қырым хандығы ақсүйектерінің қатарында Ұлы Литва княздігіне одақтас әскери көмек қатарында барып, сонда қалған «қайшылы» таңбалы (герб) польша-литва татарларының, поляк ақсүйектерінің түпкі тегі Қаратау Қайшылылары болса керек, оған дәлел Ноғай Ордасын билеген Едіге бидің шыққан тегі. Ресейдің татартекті князь әулеттерінің тізімінде «Қайшылы» таңбалы Дәугәллә (Довгялло, Даўгяла) әулеті княздері кездеседі. Бұл әулетті түптен келгенде XV ғасырда Асан Қайғыға ілеспей қалған, не одан да ертерек уақытта Ноғай ордасындағы Сіргелі немесе Үштамғалы ішіндегі қайшылы таңбалы ақсүйек әулеттерден шыққан тұлғалардың Ноғай ордасы мен Қырым хандығының әскери қызметімен Ұлы Литва княздігіне барып, сарай маңындағы қызметтермен сонда қалып қойған тұқымынан шығады. Тіпті орыс пен белорустың танымал тарихшы-археографы Дмитрий Иванович Довгялло (белор. Дзмітрый Іванавіч Даўгяла); 1868 ― 1942) өзін орыс санағанымен, өзінің шыққан тегі Ұлы Литва княздігіне қатысты көне әулеттен шыққанын мақтан еткен екен. Демек, әулет тарихын, түп-төркіні түркі текті екенін жақсы білсе керек-ті. Бір қуанарлығы – әулет (род-қазақша ру) таңбасы, тіпті аталуы да сол күйінде сақталуы еді. Әулеттің «Дәугәллә» аталуы да қазаққа жақындататын сызықтың шетін бастайды (дәу – большая, кәллә – голова), мұндай сөзжасамды оңтүстіктің қазақтары әлі күнге пайдаланып келеді. Тарих үшін, жазба тарихы әлі толық зерттеле қоймаған қазақ тарихы үшін мұны да қағазға бір түртіп қойған дұрыс. Халқымыздың тарихына қатысты кез-келген сызықтарын зерттей беру керек. Кейінгі ұрпақ үшін, тарихи тәлімі үшін.
Қайшылы таңбасына ұқсас таңбасы бар рулар: Жалайырдың Қалпе руы Керей руы Тілеу, Кенегес, Уақ рулары. Керей мен Уақ және т.б руларда бұл таңба ашамайлы деп аталады түйеге міну үшін жасалатын
Үштаңбалы таңбасына таңбасы ұқсас рулар: Төре т.б

Пайдаланылған әдебиеттер:
1).З.С.Қаржани, “Біз(Қазақ)Қас Сақпыз” 2) З. Қамшыбаев. \”Қайшылы Жалайыр шежіресі\”. 3) Түрлі тарихи сайттар. 4) Википедия.   https://docs.google.com/document/d/1cjJ_Oyv3G7gh1PS1tT_u1Xg_PtPm2YHUqWARv8OeZgU/edit?usp=drivesdk

 

Қайшылы
Tagged on:
 ҚАЙШЫЛЫ – ескіден келе жатқан қазақтың ежелгі руының бірі. Бұл ру өкілдері жер жүзіне тарыдай шашылып кеткен. Қазіргі уақытта негізінен Қазақ халқының Ұлы жүз құрамындағы Сіргелі тайпасының құрамына жатқызылады. Және бір бөлігі Жалайыр тайпасының құрамында да аталады. Кіші жүз Төртқараның ішінде Қайшылылар кездеседі деген дерек те бар. Бұлардан басқа Қарақалпақ, Солтүстік Кавказ,Өзбек халықтарының құрамдас руы ретінде де кездестіреміз. Тіпті сонау Иран Ислам Республикасының оңтүстігіндегі Фарс провинциясында көшпенді ғұмыр кешетін Қашқайлардың (Әзірбайжан мен түрікмен тілдерінің ортасындағы жеке тілде сөйлейді) құрамында жеке ру ретінде Кайшуглы, Гайшгулы немесе Гашгули атауымен кездестіруге болады. Міне осыншама территорияға шашылған ру өкілдерінің түп-төркіні қасиетті Қазығұрт пен қарт Қаратау (бүгінгі күні Бәйдібек ауданындағы Үсіктас ауылы) саналады.Қазіргі күні қазақ құрамындағы Қайшылы ұрпақтары негізінен Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш, Шардара аудандарында, Өзбекстанның Ташкент қаласының бірнеше бөліктерінде: 4 жильгородокта, Қыбырайда, Шыршықта топтасып тұрады. Таңбасы барлық Қайшылыға ортақ \”Х\” (қайшы) таңба, алғашқы ұраны жалпы үйсінге ортақ «Бақтияр», кейінгі ұраны «Ақшабдар». Жылына бір рет бас қосып отыратын «Ақсақалдар алқасы» жұмыс істейді, әр жыл сайын Қазығұрттағы Алтынтөбе ауылында «Ғайып ата» молалар қорымындағы «Нан ата белгісінде» арнайы ас өткізіп отырады. «Алтын қайшылы Ізбике ана» қайырымдық-қоғамдық қоры жұмыс істейді.
ҚАЙШЫЛЫ АТАУЫНЫҢ ШЫҒУЫ                                                          Таңбасының қайшыға ұқсастығына байланысты және тағы бір нұсқада Қайшылы атауының шығуы ауыздан ауызға айтылып келе жатқан “Ойсын қырғыны”аңызымен байланыстырылып айтылады. Аңыз бойынша Ойсынның отыз ұлы болған екен олар; Әліхан, Бақырхан, Қорқыт, Төбеке,Тура, Шолақ, Бәйгел, Әмірбек, Өтеп, Тыныбек, Шыныбек, Нұрбек, Нұрымбет, Құлымбет, Қосақбай, Алшынбай, Жұрынбай, Байымбет, Жарымбет, Садық, Сыдық, Төлеп, Арыстан, Бораш, Жарас, Жанас, Сырымбет, Тұрымбет, Жалманбет(З.С.Қаржани). Кейбір шежіреде оның 16 әйелі болғаны жайлы айтылады да ұлдарының тізімі өзгертіледі,  бұдан бұл тізімде жүйеге келмейтін қайшылық бар екенін аңғаруға болады.Мүмкін шынында Ойсынның отыз баласы болған шығар, мүмкін Ойсын қырғынына дейінгі Ойсын бірлестігіндегі рулардың санымен осылай айтылған болар,оны біз дөп басып айта алмаймыз. Осындай сәйкессіздіктерге қарамастан айтылып жүрген“Ойсын қырғыны”аңызы шыныменде бір болған оқиға төңірегінде өрбігені анық.   Айтылып ,жазылып жүрген рулар шежіресінде Ойсылдың Төбеке батыр деген баласынан Өтеп батыр туады. Өтеп батырдың Сырымбет,Тұрымбет деген ұлдары болады. Сырымбеттің жұбайы Ізбике Жәнібек хан ордасында киім тігетін ұстасы болған. Ал енді Ойсылдың тағы бір баласы Әліханнан Арыстан батыр одан Бораш мырза тарайды. Бораш мырза Жеңешесі Ізбике Қайшылыға киім тіктіруге келіп жүргенде  Жәнібек ханның қызы Аманбикемен көңіл жарастырады да уақыт өте аяғында хан қызының аяғы ауырлап қалады. Бораштың алдында Алшын Қыдырбайдың қызынан алған бәйбішесі болған. Қызының  Бораш мырзада ойы бар екенін және одан аяғы ауырлап қалғанын білген Жәнібек хан алғашқыда қызын оған бермек болады. Алайда аңыз бойынша оның уәзірі Қырғиқабақ \”Хан қараға қызын бермес болар\”деп оны айнытады. Сөйтіп уәзірінің берген ұсынысымен Ойсын және оның бетке ұстар азаматтарын тоқсан тоғыз киіз үй тіктіріп құдалыққа шақырады, құдалыққа кірерде қару жарақтарын жиып алады. Сөйтіп әр үйдің алдына қаруланған жендеттерін қойып жау шапты аттаныңдар деп атау салып, жау кеп қалды екен деп үйден жүгіріп шыққандардың бәрін қырып салған екен. Ойсын қырғыны аңызы осылай қалған екен, кейін сол ойсын қырылған жердегі төбені  өлікті деп атап кеткен екен. Құдалық тойға бармай қырғыннан аман калғандар жорықта жүрген тубегі Арыстан,Тұрымбет батырлар болған. Сырымбет батыр қырғында мерт болады оның артында қалған жұбайы Ізбикемен ұлдары Нан және Тола қалған.Аңыз бойынша Қайшылы руы таралуының басында тұрған осы ұлдары Нан менТола.Қайшылы атауының шығуы Сырымбеттің әйелі Алтын Қайшылы Ізбикеге байланысты болған. Ізбике ана хандықтағы шебер тігінші болғандықтан, ханның өзі оған алтын қайшы сыйлаған екен. Сондықтан халық Ізбике ананы – Алтын Қайшылы Ізбике деп атап кеткен екен.Қырғынды есіткенде Ізбике ана бір баласы Толаны төркіні Жалайыр еліне жіберіп,бір ұлы Нанды өзімен алып қалған. Осы балалардан тараған ұрпақ Ізбике Қайшылының атымен Сіргелі және Жалайыр Қайшылылар болып аталған екен. Хан қызы бұл оқиғадан кейін жасырын босанып хан әкесінен қорқып баласын көңнің арасына жасырып қояды. Кейін оны ордада тігінші болған Қайшылы Ізбикеге беріп қамқор болуын өтінеді, ол баладан кейін Көңірдек руы шығып тарайды.Арыстан Тұрымбет батырлар жорықтан келген соң қол жиып Жәнібек ханнан бауырларының кегін алмақшы болған кезде Жәнібек хан шалғайға қөшіп кетіп ізін суытқан екен. Тұрымбет әмеңгерлік жолымен ағасы Сырымбеттің жұбайы Ізбикеге үйленеді,олардан Манап деген ұл туады және одан кейін Тутаңбалы руы тарайды. Ал Бораштың бірінші әйелі Алшын Қыдырбай қызынан туған Құбасайдың ұлдары Ақсйық,Қожасиық,Құлымсиықтан; Батыр, Жайдақ,Қарабатыр,Шалдар,Байжігіт,Айтбозым,Елібай,Жаңабай рулары тарайды.  Кейін олар Қайшылы,Көңірдек,Тутаңбалымен қайта бірігіп он екі ата Сіргеліні құраған екен олар;  Қайшылы,Тутаңбалы,Ақкөңірдек,Қаракөңірдек,Батыр,Жайдақ,Қарабатыр,Шалдар,Байжігіт,Айтбозым,Елібай,Жаңабай. СІРГЕЛІ: Таңбасы тайға анасын еміп қоймау үшін тайға кигізетін сіргеге байланысты шыққан делінеді. Сонымен қатар Сіргелі атауының шығуы Сыр өзенімен байланысты екені туралы нұсқа да бар.
ҚАЙШЫЛЫЛЫ ТАРМАҚТАРЫ
СІРГЕЛІ ҚАЙШЫЛЫ; Андақожа,Наурыз,Темір,Көшей,Сырлыбай,Жылкелді,Көшек деген аталардан тұрады.                                          .  
ЖАЛАЙЫР ҚАЙШЫЛЫ; Ербөлен,Бисамке,Байқұтты,Жолқұтты,Мәмбетәлі деген аталардан тұрады.
ҚАРАҚАЛПАҚ ҚАЙШЫЛЫ:  Ақымбет,Жуансан,Қатерқожа,Танамырза,Бақы,Төре,Көрпе,Сыйпақ,Ежақ деген аталардан тұрады.
СІРГЕЛІ ҚАЙШЫЛЫ АТАЛАРЫ:  
АНДАҚОЖА АТАСЫ: Байкелді,Айдос,Өтепбай деген кіші аталарға бөлінеді.  Байкелді тармағынан өрбитін Қарымсақ ата бақуатты,беделді ел ішіндегі дау дамайды шеше білетін турашыл кісі болған екен. Соның бірінде  Қайшылының Сырлыбай атасы ішіндегі Қалымбет деген кісі рулас бір жесір қалған келіншекке көзі түсіп басы дауға қалады. Осы жағдайды ушықтырмас үшін Қалымбетпен жақсы таныс Қарымсақ бабамыз ол келіншектің де Қалымбетте ойы бар екенін ескере отырып, екеуін де  өз әулетімен бірге ертіп, Қайнарбұлақ өзенінің төменгі ағысына келіп қоныстанған екен. Кейін ол жер Қарымсақ қыстағы атанады. Ол мұнда Пошан датқамен бірігіп диірмен салдырған және одан түскен пайданы екеуі бөлісіп отыратын болған. Қарымсақтың турашылдығын бағалаған Пошан датқа ел ішіндегі дау дамайды екеуі бірлесіп шешіп отырған екен.
НАУРЫЗ АТАСЫ;  Жаманай Жаңбыр, Бектас деген кіші аталарға бөлінеді.            Бектас тармағынан; Нұрышұлы Дүйсенбай болыс. Жаңбыр тармағынан би-болыстардан атақ даңқы абыройы кем болмаған Дәулетұлы Керім мырза.Кеңестік кезеңде аудандық аудандық партия комитетінің бірінші хатшы қызметінде болып,Кеңес одағы комунистік партиясының 21-сьезінде делегат болып қатысқан Тайбекұлы Тәліп шықты.
ТЕМІР АТАСЫ;  Байдәулет,Байтоқ деген кіші аталарға бөлінеді. Байдәулет тармағынан Есбайұлы Байсүгір батыр.Жоңғаршапқыншылығы кезінде 18ғ Әбілқайырхан бастаған үш жүздің қолы біріккен шайқаста Қайшылы руының жасақтарын басқарған батыр. Есейе келе елбасшысы болды, сондықтан оны Байсүгір әкім деп те атаған.Оның есімі Сама-биден кейінгі Қайшылы руының ұраны болған.Байсүгірдің Рүстем деген баласынан туған немересі Мүсірәлі батыр.Ол Қоқан ханынан датқа лауазымын алып,Қаратау мен Арыс өзені аралығындағы елдерге басшылық жасаған. 
КӨШЕЙ АТАСЫ; Жанай,Өмірзақ,Кенбаба атты кіші аталар өрбиді.Бұлар негізінен Қаратаудың көрікті аймағы “Үсіктас”жерін мекендеген. Осы атадан атақты Жанай би шыққан. Өмірзақ тармағынан; Кеңес үкіметі тұсында облысымызда партия,кеңес органдарында жауапты қызмет істеген Білісбекұлы Дәулетбек,Тілеу-Кенбаба тармағынан; суырып салма ақын Рыспанбекұлы Ыбырай шыққан
СЫРЛЫБАЙ АТАСЫ; Естемір,Қалы,Байсары деген кіші аталарға бөлінеді.Естемірдің сегізінші буынындағы ұрпағы Мұратұлы Қалтай Қаржандағы елдерге болыс болған.Ол жоғарғы Қайшылы аталатын ауылға мешіт салдырып балаларлды оқытқан ғұлама молда.Ол Ташкетентегі “Көкелташ”медресесін оқып бітірген. Ал Қалы тармағының кейінгі ұрпақтарының бірі Сағынбек Юсупов Кеңес одағы тұсында бірінші болып(1957ж)Милиция Генералы атағын алған. Ол туралы “Комиссар жазбалары”деген кітап шығарылған.
ЖЫЛКЕЛДІ АТАСЫ; Жаңбыршы, Көрікші деген кіші аталарға бөлінеді.  Жылкеді атасынан;Елшібайұлы Тастанбек болыс және ”Әлем таныған академик” Бәйімбетұлы Өнер(Жамалов) шыққан. Ол кісінің есімі кәзір Қаржандағы мектепке берілген.
КӨШЕК АТАСЫ: Қонақбай, Сырымбет және Марқа деп кіші аталарға бөлінеді. Көшек атасы оңтүстік аймақтарда және Өзбекстан аумақтарында көп шоғырланған.
ҮШТАҢБАЛЫ (ҚАЗАЯҚЛЫ) ЖӘНЕ ҚАРАҚАЛПАҚ ҚАЙШЫЛЫ
ҮШТАҢБАЛЫ-Таңбасы қаздың аяғына ұксас болғандықтан осылай аталады. Қайшылы,Тутаңбалы,Көңірдек – Үштаңбалыға бірігеді.   Үштаңбалы бірлестігі бұрынғы Ноғай ордасы ыдыраған соң  халқының бір бөлігі барған солтүстік Кавказда да кездеседі. Тәуке хан тұсында Қарақалпақтардың Қазақ хандығының құрамында болуы екі халықтың бұрынғыдай ру араласып қоныстануына әсер еткен. Жоңғар шапқыншылығы кезінде  “Алакөл сұлама” “Сауран ауған” оқиғаларына ұшырап Қоңырат Қыпшақ, Қайшылы рулары ауа көшіп жүріп бір бөлігі Қарақалпақта қалып қойған.Қазақ хандығы кұрылғанға дейінгі Алтынорда  кезінде қайшылы үштаңбалы құрамында болады сол кездерде қаракалпақ териториясында қалған үштаңбалы қазаяқлы деген атпен қалған.Ал кейін қазақ хандығы кезінде қайшылы жеке атала бастаған уақытта қазақ қауымы алакөл сұламаға ұшырап ауып барған кездегі қайшылылар қарақалпақта қайшылы атымен сіңген. Сондықтан қарақалпақта қазаяқлы және қайшылы рулары туыс саналады. Қарақалпақ алты ірі тайпалық бірлестіктен тұрады;Маңғыт,Қытай,Мүйтен,Қыпшақ,Қоңырат,Кенегес. Осының ішінде Қытай бірлестігі 12 рудан тұрады олар; Бессары,Бексыйық,Қазаяқлы,Қайшылы,Анна,Құйын,Әйтеке,Шериуши,Аралбай,Манжиули,Боклықытай.Қырық. Қарақалпақтың 12 ата Қытай бірлестігіндегі Қайшылы руы тоғыз тармақтан тұрады; Ақымбет,Жуансан,Қатерқожа,Танамырза,Бақы,Төре,Көрпе,Сыйпақ,Ежақ, Қарақалпақ қайшылылары өздерін Қанғабай батырдан таратады.Қанғабай батырдың арғы тегі Қаян деп есептейді.Қаянды -Қара тұқымы деп есептейді. Және Қарақалпақта Қайшылы, Қырқарлы, Қырықтамғалы рулары ата-тегі жақын туыс тайпалар деп есептейді. Осылардың біразы Теңқожа биді \”Баба\” сипатында таниды екен.Араб саяхатшысы Ибн Фадланмен жолығып қарақалпақ қайшылылар тарихын жазып қалдырған Турмуҳаммед (халық аўзында Турғанбай) ишан қарақалпақ қайшылыларының түп бабасы болып табылады екен.Қарақалпақтар Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығына қараған, негізінен Түркістан маңын мекендеген, әкімшілік-территориялық бөлініске орай Ұлы жүзге жатқызылған. XVІІІ ғасырда қалмақ-қазақ соғысы ушығып, «Алқакөл сұлама», «Сауран айналған»оқиғаларына ұласады. Ел дүрлігіп, көшкенде Қайшылылардың бір тармағы Қаратаудағы қонысынан Түркістанмаңындағы қарақалпақтармен бірге Үргеніш, Бұқара жаққа ауып, соларға сіңіп кетеді. Қазір олар қарақалпақтың Онтөрт ру арысының ірі руы. Орыс ғалымы Л. С. Толстов көрнекті ілімпаз Т.А. Жданконың «Қарақалпақтардың тарихи этнографиялық очерктері» атты кітабында (Москва-Ленинград. 1950ж.) қарақалпақ руларының төркіні әпсаналар түрінде жазылған. Мысалы, «Қайшылы мен Қазаяқлы рулары» жөніндегі әпсанада «Бұқара ханы той берген. Батырлар арасында қайшылылардың бабасы Байполат пен қазаяқлылардың бабасы Сунан болған. Біріншісіне хан қайшыны тамға қылып берген, екіншісіне қаздын аяғын тамға қылған» деген дерек ұсынады. Бұл дерек қарақалпақ құрамындағы қайшылылар Қаратау маңынан көшкен деген біздің ойымызды тағы да дәлелдей түседі. Өйткені, қарақалпақ құрамындағы қайшылы мен қазаяқлы руларының таңбасы қазақтың Ұлы жүз ішіндегі Сіргелінің Үштаңбалы тармағы мен оның ішіндегі Қайшылының таңбаларын еске түсіреді. Қарақалпақтар мен Бұқара ханы ауып келген екі жаңа елді (Қайшылы мен Үштаңбалы) туыстығына қарай ажыратпаған, бірге қоныс берген болып шығады, тек екіншісінің таңбасының қаздың аяғына ұқсастығына байланысты ру атауын аздап өзгерткен.
Шығыс Еуропа жұртындағы Қайшылы таңбалылар
15-17 ғасырларда Қырым хандығы Ұлы Литва княздігімен одақтас болғанын тарихтан білеміз. Бұл одақ негізінен соғыс жағдайында өзара әскери қолдап отыру, көмектер алмасып отыру мақсатында құрылған. Одақтың аясында Қырым хандығы ақсүйектерінің қатарында Ұлы Литва княздігіне одақтас әскери көмек қатарында барып, сонда қалған «қайшылы» таңбалы (герб) польша-литва татарларының, поляк ақсүйектерінің түпкі тегі Қаратау Қайшылылары болса керек, оған дәлел Ноғай Ордасын билеген Едіге бидің шыққан тегі. Ресейдің татартекті князь әулеттерінің тізімінде «Қайшылы» таңбалы Дәугәллә (Довгялло, Даўгяла) әулеті княздері кездеседі. Бұл әулетті түптен келгенде XV ғасырда Асан Қайғыға ілеспей қалған, не одан да ертерек уақытта Ноғай ордасындағы Сіргелі немесе Үштамғалы ішіндегі қайшылы таңбалы ақсүйек әулеттерден шыққан тұлғалардың Ноғай ордасы мен Қырым хандығының әскери қызметімен Ұлы Литва княздігіне барып, сарай маңындағы қызметтермен сонда қалып қойған тұқымынан шығады. Тіпті орыс пен белорустың танымал тарихшы-археографы Дмитрий Иванович Довгялло (белор. Дзмітрый Іванавіч Даўгяла); 1868 ― 1942) өзін орыс санағанымен, өзінің шыққан тегі Ұлы Литва княздігіне қатысты көне әулеттен шыққанын мақтан еткен екен. Демек, әулет тарихын, түп-төркіні түркі текті екенін жақсы білсе керек-ті. Бір қуанарлығы – әулет (род-қазақша ру) таңбасы, тіпті аталуы да сол күйінде сақталуы еді. Әулеттің «Дәугәллә» аталуы да қазаққа жақындататын сызықтың шетін бастайды (дәу – большая, кәллә – голова), мұндай сөзжасамды оңтүстіктің қазақтары әлі күнге пайдаланып келеді. Тарих үшін, жазба тарихы әлі толық зерттеле қоймаған қазақ тарихы үшін мұны да қағазға бір түртіп қойған дұрыс. Халқымыздың тарихына қатысты кез-келген сызықтарын зерттей беру керек. Кейінгі ұрпақ үшін, тарихи тәлімі үшін.
Қайшылы таңбасына ұқсас таңбасы бар рулар: Жалайырдың Қалпе руы Керей руы Тілеу, Кенегес, Уақ рулары. Керей мен Уақ және т.б руларда бұл таңба ашамайлы деп аталады түйеге міну үшін жасалатын
Үштаңбалы таңбасына таңбасы ұқсас рулар: Төре т.б
Пайдаланылған әдебиеттер:
1).З.С.Қаржани, “Біз(Қазақ)Қас Сақпыз”      2) З. Қамшыбаев. \”Қайшылы Жалайыр шежіресі\”.  3) Түрлі тарихи сайттар. 4) Википедия

     

Қайшылы
Tagged on: