Бегенов Мәди Қайпыұлы (Қазақша)

Мади (Меди) Кайпиевич Бегенов (Русский)

Бегенов Мәди Қайпыұлы (1916, қазіргі Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы — 1.10.1943, Украина, Запорожье қ.) – екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, бөлімше командирі.

Ұлты – Қазақ (Кіші Жүз. Адай). Руы- Әли.

1931-1932 жылдардағы ашаршылық (Голодомор) кезінде, басқа қазақтар сияқты, туған жерін тастап түркмен жеріне қоныс аударуына тура келді.

Ликбез курстарын бітірген соң Түрікмен АССРның Жебел кенорынында (руднигінде) бригадир қызметін атқарды.   

Кеңес әскері қатарына 1938 ж Түрікмен АССРның Небитдаг аудандық әскери коммисариатынан  (Небитдагский РВК Туркменской АССР)  шақырылған.

Совет-Фин соғысына (СССР мен Финляндия арасындағы 30.11.1939 – 12.03.1940 жылдардағы соғыс) қатысқан.

1940 жылы демобилизацияланған (әскерден босатылған).

1942 жылы қайта әскерге шақырылған.

1942 ж. желтоқсанында Ұлы Отан Соғысы майданына жіберілді

1943 жылдың қыркүйегінде атамыз сержант Бегенов 619-атқыштар полкінің (З-Украина майданы, 12-армия, 203-атқыштар дивизиясы) бөлімшесін басқарған.

Днепр үшін шайқас кезінде көзге түсті.

1943 жылдың 25 қазанында Новый Кичкас (қазіргі Запорожье қ.) маңында Днепр өзенінен өту кезінде ерлік көрсетті. Бегенов жау пулеметінің атыс нүктесі орналасқан жерді анықтап, артиллерия оғымен атқылады. Содан кейін оның бөлімшесі жаудың траншеясына бірінші болып жетіп, қолма-қол шайқаста 7 гитлершіні жойды. Бегенов екінші траншеяны басып алу үшін жауынгерлермен шабуылға шықты. Нәтижесінде полк әскері алға жылжуға мүмкіндік алды. Бегеновке жасаған ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (19.3.1944). Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталды.

Бегенов Мәди Қайпыұлы
Tagged on: