Еркін   1974  жылдың  18  ақпаны  күні   Маңғыстау облысы   Қарақия   (бұрынғы  Ералиев)  ауданының  орталығы    Құрық  (Ералы )  кентінде  дүниеге  келген.Сол жердегі  мектепте 8  сыныпты   бітіріп, содан  Алматы  қаласындағы   құрылыс  техникумының құрылыс  факультетіне   оқуға  қабылданып,  1994  жылы  техник-құрлысшы мамандығы  бойынша  бітірген.  Білімін  одан   әрі  жалғастыру  үшін  сол  жылы  Ш.  Есенов  атындағы  Ақтау  техникалық  университетіне

түсіп,  оны 2000  жылы  инженер-құрлысшы  мамандығы  бойынша   бітіреді.

           1991- 1996  жылдар   арасында  КЭ  МНГР -ге (Маңғышлақ  мұнай –газ  барлау   кешенді  экспедиция)  қарасты,  Құрық  кентіндегі  СМУ-да (Құрылыс  монтаж  басқармасы)  столярдан  бастап,  учаскенің  құрылыс шеберіне  дейінгі  еңбек  жолынан  өтеді.  1996 – 1998  жылдар  Жетібай  кентінде  ММГ  АҚ-ның   ПМК -2  мекемесінде  құрылыс  шебері,  1998-2001 жылдары  Қарақия  аудандық  салық  инспекциясында  жетекші  салық  инспекторы,  2001-2002  жылдары  Қарақия  аудандық  әкімшілігінде  өндіріс және  төтенше  жағдайлар  бойынша  бас  маман  болып  қызметтер  атқарды. 2002  жылдың  қыркүйек  айынан  бастап   ММГ  АҚ-ның  әлеуметтік – әкімшілік   бөлімінде  инженер – құрылысшы,  2006 -2009  жылдары  менеджер,  2009 жылдан  қазіргі  уақытқа  дейін  өзіне  сеніп  тапсырылған  қызметті  абыроймен   атқарып   келеді.

              Сондай – ақ,  Тоқтамыс  атаға  берілген  аста  да, белсенділік  танытып,  өзіне  сеніп  тапсырылған  шаруашылық   бөлімін  ұйымдастырып, мінсіз  атқарып  шығып  халықтың  ықыласына  бөленді.

              Қызмет  атқарған  жылдардағы  еңбектері  де  елеусіз  қалмай  аудан,  облыс,  мұнай – газ  саласында,  «Нұр  отан»  партиясынан   да  бірнеше  мәрте  мадақтауларға   ие  болды.

               Облыс  әкімінің  алғысы,

              Маңғыстау  мұнайына   50  жыл  төсбелгісі,

              ҚазЭнерджи   ассоциациясының   Құрмет  грамотасы  және  т.б.

Оңғалбаев Еркін Ғалиұлы
Tagged on: