Сақып Нұрсұлтанов
/1915-1991/
Сақып Нұрсұлтанов Форт-Шевченко қаласында туған. 1932 жылы жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін жүргізуші, құрылысшы болып еңбек еткен. 1937 жылы Кеңес армиясы қатарына алынып, 1940 жылы елге қайтып оралған. 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасып, атқыштар полкінде пулеметші болған. Майдан төрінде жүріп, екі рет Жоғарғы Қолбасшының Алғыс хатына, Германияны жеңгендігі үшін медальмен марапатталған.
Соғыстан кейінгі жылдарда Форт-Шевченко қаласында ұлутас өндіру карьерінде әрқилы қызмет атқарған. Алпысыншы жылдардың басында Жетібай кентіне көшіп келіп, мұнай өндірісі саласында өмірінің ақырына дейін еңбек етті. Ол қайда жүрсе де өз ісіне ұқыпты, майталман маман болды. Он саусағынан өнері төгілген шебер, ел тарихы, шежіреге де мықты топты жарып сөйлеп отыратын шешендігі де болған.
Сақыптың Жүсіпбек, Жұмабек, Асылбек, Ақылбек атты балалары бар . Жүсіпбектен Жалғасбек, Сәрсенбек текті тұлғаның ұрпағы Сақып та ағайын-туыс арасында өз орны бар ел ақсақалы болып өмірден өтті.