1954 жылы 23 наурыз айында Атырау қаласында /бұрынғы Гурьев/ дүниеге келген. Жас кезінен-ақ домбыраға, әншілік өнерге құмарлығымен көзге шалынды. 1976 жылы Бүкілодақтық бірінші өнер фестивалінде лауреат атанды. Маңғыстау-мұнайгаз барлау экспедициясында еңбек ете жүріп, көркемөнерпаздар үйірмесінің белді мүшесі болды. Республикаға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Орын Құлсариевтің бастауымен құрылған «Маңғыстау маржандары» вокальды – аспаптар ансамблінің белді мүшесі ретінде танылды. Осы ансамбльдің құрамында Алжир елінде болып өнер көрсетуге қатысты.
Қазіргі кезде «Ракушка» жерінде «КаспииойлГаз» мекемесінде жүргізуші болып, жемісті еңбек етуде.
Сембайдың есімі белгілі өнер саңылағы ретінде кеңінен танымал.