Өтеулі 1927 жылы Тиген жерінде дүниеге келген. Ауыл жалғызілікті болғандықтан да шығар оның кіндігін Құлымжан деген ағасы қылышпен кескен екен. Ол Таушық кентінде орналасқан Ленинградтың тау-кен зерттеу экспедициясында жұмыс істеген. 1945-49 жылдары армия қатарында Отан алдындағы азаматтық борышын өтегеннен кейін Атырау қаласында жұмыс істеп, Жансая деген қызбен отбасын құрған.

         1963 жылы Таушық кентінен Ералиев кентіне қоныс аударып, «КЭ МНГР» тресінің материалдық-техникалық жабдықтау базасында есепші және қойма меңгерушісі қызметтерін атқарды.

         Ол домбыра, сандық, жүк аяқ және құлпытас жасаудың  шебері. Жасаған бұйымдарына шеге пайдаланбайды, ағашпен ағаштың жігін білдірмей қиюластырылады. Бұл бұйымдарының бетіне сүйек қосу арқылы оюлап жасады. Ол жасап шығарған  домбыралар саусақ тисе безілдеп тұратын. Сондай-ақ ақ мәрмәр тастың бетіне жазу жазғанда өте әдемі және айқын шығатын. «Құлпытас мәрмәрға жазу өнерін мен Өтеулі ағамнан үйренгенмін» деген Оңғалбаев Қалидың талай рет айтқаны тегін емес. Өтеулі  шебер домбырашы, күй құдіретін түсіне білген адам. Халық композиторы, атақты күй өнерінің майталманы Мұрат Өскінбаевтың дос-жараны болатын.

         Өтеулі 54 жасында тәңір ажалынан қайтыс болды. Құрық кентіне таяу жердегі Сағындық Ата қауымдығына жерленді.

Көреғұлұлы Өтеулі /Тілеген Өтеулі/
Tagged on: