1959 жылы 10 сәуірде Маңғыстау облысының Құрық кентінде дүниеге келген Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетінің математика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Маңғыстау облыстық байланыс басқармасына қарасты мекемеде электромонтер, электромеханик, Маңғыстау ауыл шаруашылығы өндірісі құрылыс бірлестігі мен Каспий Мұнай құрылыс мекемелерінің бөлімдерінде құрылыс шебері, жабдықтаушы, директордың коммерция жөніндегі орынбасары, Ақшұқырдағы М.Әбдіхалықов атындағы мектепте математика, қолданбалы экономика, есептеуіш техника негіздері, бастауыш әскери дайындық пәндерінің мұғалімі болды. Қазіргі кезде осы мектепте директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары. Қайырғали қай істе де алғыр, өз ортасында үлкен бедел мен абырой иесі. Болашақ барлаушылары-шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде озық өнегелі ұстаздардың алғы сапынан көрінуде.