Тиген өңірінде дүниеге келген Нәжмаддин діни сауатты, көзі ашық адам болған. Форт-Шевченко және Ералиев кентінде наубайхана меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1942-1944 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасып, одан кейін жұмысшы батальонына ауысып, көмір өндіру орынында жұмыс жасаған. Елге келгеннен кейін бұрынғы кәсібі наубайханада ұзақ жылдар еңбек еткен. Өмірінің соңғы жылдарында Маңғыстау мұнай-газ барлау экспедициясында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан.
Еңбек еткен жылдарында үкімет марапаттауларына ие болып, медальдарымен, Құрмет грамоталарына ие болған.
Сабытаев Нәжмаддин /Шайхы Нәжмаддин Күбірә/