Сабытай 1884 жылы Бозашы өңірінде туған. Жастық шағында ауыл молдасынан дәріс алып, біршама діни сауатын ашқан. Бұдан соң Форт-Александровск қаласындағы орыс-қазақ мектебінде үздік оқыған.Ағасы Ораз баласы Нұрсұлтан мен екеуін Ашхабад қаласындағы гимназияға оқытқан, бірақ әрқилы жағдайға байланысты екінші сатысын бітірмей елге қайтып оралған. Бұдан соң Форт-Шевченко қаласындағы, Құрықтағы балық зауытында төраға хатшысы және есеп қызметкері болған. Партия, Кеңес қызметтеріне белсене қатынасқан, қоғамдық жұмыстардан шет қалмаған.
Асқарбаев Сабытай