Жаманбайулы Курбан Орта жуздін Конырат руынан, ежелгі Отырар жерінде дуниеге келген. Ол кісннін кіндігінен тараган Киікші, Жары, Сасык, Тіней, Жартыбас, Котен аталары бул кунде оркен жайган, іргелі елге айналып отыр. Курбан ата ел кадірлеген касиетті кісілердін бірі болган, адамшылыкты пір туткан, кісі акысын жемеген, аділетсіздікке жаны кас, иман жузді, аса діндар кісі болган. Мазары Арыстанбаб гимаратынын ауласында.

Ел ішінде сақталған деректерде Құрман Атаның тоғыз жасында әкесі қайтыс болады. Күнкөрістері қиындаған соң, ағалары мал ұрлап, «Қыл белбеу» ұры атанады. Ұрлықтарын айтып қоя бергендіктен, Құрман Атаның көзін байлап, Созақ өңіріндегі Жартөбе деген жерге апарып тастайды. Ол хантағылық Ақтамбердіден діни оқу үйреніп, соңынан Түркістан медресесінен екі жыл дәріс алады. Отыз жастан асқанда туған жері Сыр бойына оралады. Меккеге қажылыққа барады. Діни білімі, ақыл-парасаты, турашылдығымен аты шыққан ол ел ішінде әділ би, Құрман әулие атанған. Тәуке хан тұсында қабылданған қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан.

Өмірбаяны
Tagged on: