Құсмұрынның Нұраға қараған етегіндегі Төртауылдан сәл жоғарырақ жайлы қоныста Қаракесек – Қуандықтың жер дауы, жесір дауы дегенін шешетін сияз өтіп жатқанына біраз күн. Құсмұрынның шоқасына соғылған бұлт бытырай қашып, жазы жаңбырсыз, кысы борансыз тұрмайтын. Тектұрмысқа қарай жөңкілген. Арқаның жазы да қызық. Қызғалдақ, сырғалдақтан көз тұнған жайлауда қым-қиғаш ұшқан көбелек бұлт болса жасырынып, күн көзі қайта шықса, әп -сәтте жанырлап шыға келеді. Ойнап шыққан бұлт та оңай, жаз күнінің жадырауы да тез. Он екі канат ақ үйдің төрінде кешеден бері сайыс тіпті үдей түскен. Әсіресе, екі жұртты соңғы кезде қатты арандатып келген, талай барымта-сарымтаның себепшісі ру- рудың шегін бөлу.

Қуандық жағынан Қияштың Нұрланы бастаған үлкендері ақ үйдің оң жағына тізілсе, Қаракесектің ендігі болысы Нарымбек, Кәнделетке Ескене, Көшкінбай, Байсеит, Бөде сияқты тәуірлер қарама-қарсы тізе қосыпты.

Қаракесек-Қуандық арасындағы бұл дау осыдан жиырма шақты жыл бұрын бір шешілгендей еді. Екі жақта Көбей бидің Төбе би боп шекара бөлігін анықтауына келіскен. Қаракесек өзіміз ғой десе, Қуандық жағы Көбейдің пендешілік жағынан үміт күткен. Есептері теріс болмапты. Жел ұшынан жалғасып, түн баласы тіл алса, Көбей ыңғай танытыпты, сұрайтыны үш жүз қой, бір түйе, бір байтал.

Ақыры екі жақтың дауына әбден қанған болған Төбе бидің шешімі шығатын күн де жетті. Көбейді өзіне санап отырған қаракесектер, оны сатып алып отырған қуандықтар. Тілі байланғандай жер шұқып Көбей бас көтерер емес. \” – Әй, айтсайшы! \” – деген төзімі таусылған Қарқаралы оязы.

-Атам сайынын болсын.

-Нe дейді? — деп қайта сұраған ояз қьш-қызыл боп ашуланып, жер тебе күйінді. По шел … Әкемсайы … Әкемсайы.

Ыза болған ояз екеуі елдің шекарасын, тіпті Көбей айтқан жерден де бері бөлдіріп тайып отырған. Көбейдің алған малы да көпке бармады, келесі жылы топалаң тиігі қырылған. \’Гүйесі бошалап кетіп жоғалды, байталын ұрлап құртқан. Көбей атын дұрыс атамауға тырысқандар, алғаны байтал емес, бір келіншектің етегі екен деп ие қауесет таратып жіберген. Көбей көрер күні де қысқа екен, әуелі өзі, сонан соң жалғызы дүниеден қайтқан. Ел қарғысы тиді – десті үлкендер.

Бүгінгі күннің дауында да екі елдің арасындағы сөздің ұтамыз деген жері, тілге тиегі осы Көпбай шешімі, Көпбайдың пендешілік ісі. Бірін-бірі сөзбен қарпып тастаған екі жақтың да сөзуар шешендері астан ауыз тиісіп, ендігі сөздің түйінін іздеуге үйді- үйіне тарасқан. Өзара туысқан боп жиналған бес атаның балаларының да қабағы жараспады.

Ертеңіне ақ ордаға жиналған қаракесек-қуандықтың сөз ұстар үлкендерінің ішінен бірінші болып тағы Нұрлан сөз алды. Қаракесекке жиендігін арқа тұтып, кей-кейде асыра айтатыны да болушы еді, бұл жолы да сөзінің бір ұшығын қалжаққа сүйеген.

Иә, Қарқабат анамыздан туған бауырлар, бүгінгі ойлағандарыңды ортаға салыңдар. – Нұрланның бұл сөзінде Қарқабат күң еді, \”сендер соның ұрпағысыңдар\” деген астар жатқан. Мейрам сопының қалған төртеуі бәйбіше Момын ана балалары боп есептелген. Момын ана шешемізден туған бауырым, ананың ақ сүтінен ауыр не бар дейсіз. Білсең осыны айтпас па ең. Шешеміз Момын ана төзсіз қалып, Мейрамның төртеуін және менімен бесеуін Қарқабат мамасын беріп асыраған еді.

– Сол төсті ембедім деші, қане – деп Байсеит оң жақтағыларға ежірейе қарады. Нұрлан бөркін шешіп тізесіне қойып, оң бармағының жұмсақ етін сүйіп, апамның ақ сүтінің дәмі аузымнан кеткен жоқ дегеннің белгісін жасаған. Қаракесек – Қуандық бір әке, бір шешеден туғандығының айғағын көріп бір жеңіліп қалған.

Байсейіттің бетіне бір қарап алып, ендігі сөздің тізгінің Нарымбек қолына алған. Мына Нұрлан айткандай кешеден бері бітпес даудың сүрлеуіне түсіп кетіппіз. Өткен заманның үлкенінің қателігі де болар, бірақ біз сияқты ағайынның арасы ашылып кетпесін деп ойлағаны көп.

– Қазақта бітпес дау – жер дауы екен. Сонда сол үлкендер \”ағайынның жер айрығы болсын\” деп шекараға не батырын, не біліктісін қояды екен. Солай ма, Нұрлан?

– Оған дау жоқ қой.

– Ендеше біздің дауымызға не жол?

– Көмейіңдегіні айт.

– Жатқан жоқ па арада сол аруақ, соны неге аттай береміз.

  • Уау, жөндеп айт ішіңдегіні.
  • Айтсам, ағайыңның арасында Керней Батықтың мазары тұр. Осыны неге көзге ілмейміз? Ұрпағым бір-біріне тарпа бас салмасын деп Қаракесек- Қуандық үлкендері қолымен койып, көзбен көрсін демеді ме.

Жер дауының сөзі осымен бітіп                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   сыяз сонында екі жақтың адамдары шекараны қайта бөлісуге кіріскен.

Бұл жиынның ендігі бір шешпек мәселесі – тағы осы жер дауының жалғасы. Серіктің уақиғасы. Көптен біраз өрісінен айрылған. Қояншытағай жағы күшігін алдырған бөрідей ызалы еді. Нартәуекелшіл Серік қарсы жағын ойсыратып өтсем дегенді көптен айтушы еді, бірақ онысына онша көңіл қойған ешкім жоқ. Үлкендер жағы ұрысып тыйып тастағандай, жортуылға барар қол жиғаны да көзге түспеген. Сонынан ертен төрт- бес жолдасына Серік:

-Күннен туған деп әкемізге енші бермеген бұлар, соның есесі! – деп болашақ қимылының мәнін ескі кекпен түсіндірген. Жаз жайлауға кеткенде                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         байлар дүниесінің жарымын тығып кетеді, соны алу керек. Қуандық коймасы деп, Қарамұрындағы төрелердің тығындысының үстінен шыққан Серік және басқалары тоқсан үйді алған еді. Көрші отырған елдің ұрлығы жатпады. Серіктің істегеніне көзі жеткен Жәңгір тұқымдары айыпкерлерінің үстінен Семейге шағым түсіреді. Мына тықырдын оңай емес екенін Бөде де ұққан. Бәйбішеден жалғыз еді, әрі өзінен әлі тұкым жоқ деп баласы Серікті іштей аяды. Бармасаң қайтеді шақырғанына, – деп баласына ақыл салды. Серікте іштей ойланулы екен, тұнжырып төмен қарап ұзақ отырды. Не демек әкеге? Қан жылаған әке жүрегін танып отыр. Сонда не істемек.

– Әке! Барғаным дұрыс шығар. Елден қашып, тағы боп қалай өмір сүрмекшімін?

  • Қайдан білейін, Секен. Алдым бұлдыр, көзім ештеңеге жетпейді. Губернатор Серік пен оның жанындағы әкесін ақыра қарсы алды. Мына бетінде сөзге қонақ берер түрі көрінбейді. Итжекеннің ауылы төбе артынан қылтиып көрініп-ақ қалғандай.

-Ұрысың, бүкіл далаға тыныштық бермейсін!

  • Жала ғой …
  • Мынау да жала ма? – Губернатор бір уыс приговор қағазды ұстап үстіне шашып жіберді.

 – Мойындайсың ба?

– Тақсыр, мұның бәрі касақана істелген. Бұл менің жауымның ісі.

  • Солай ма? Мүмкін Мұстафа мырза да өтірік айтар. Ол да сені ұры

деді.

  • Жала тақсыр. Ол мен, мен оны танымаймын.

Губернатор қарқылдап күлді.

– Таныса қай жазаңызға да көндім, танымаса құтқарыңыз жаладан.

  • Жақсы. Әй! – деп губернатор көмекшісін шақырды.

– Мұстафаны келтіріңіздер тезірек.

Серіктің жолдастары күбір-күбір. Я, сәт деседі іштей. Серіктің жанында туысы Сіндібай киімнің сәл жұпынылығы болмаса аса көрікті, сұлу мұртын құлағына шиырған, денелі жігіт. Қалғандары осы екеуінің екі жағында.

-Мұстафа мырза, – деді губернатор есіктен кіре берген кісіге, – Мыналардың ішінен баукеспені корсетіңізші. Сәл шегініп қалған Мұстафа көзбенен әрлі-берлі шолып өткен. Өңінде толқу бар. Серік пен Сіндібайға қарағыштай берді.

– Кәне, қайсы? Айтыңыз.

– Мынау, – деп Мұстафа Сіндібайды нұсқады.

  • Не деп тұрсыз?
  • Осы.
  • Танымайды екенсіз ғой. Сізге сеніп. Жоғалыңыз.

Осыдан кейін Серік Семейден ақталып келгенімен, ел арасының дауы басылмады. Не айыбын төлесін, не тұрысатын жерін айтсын дегенге де барысып қалды. Ел арасының бүлінуінен сескенген ақсақалдар жең ұшынан жалғасып, араға ағайын түсті.

Ақ ордаға екі жақтың бар жақсысы жиналғандай ұзын бойлы нар кеуделі қызыл шырайлы жігіт сәлем бере кіргенде бәрі серпіліп қалған. Серікті танымайтындар көзбен ішіп-жеп барады. Бір тізерлеп отырып қалған Нұрлан да сұқтанған. Япырай, өңі неткен келісті. Кешегі заман болса Абылайдай ел басшысы болмаса да, Ағыбайдай қолбасы болар еді-ау. Есбай тұқымы момын деуші еді, бұл кімге тартты екен. Сонан Нұрланның есіне Есбай байдың Бәдені үйлендірғен хикаясы түсті: Сол Серік, міне алдарында бір тізерлеп отыр. Кейпінен ұстамды ақыл сезілсе де, кейде жарқ ете қалған жанары өжет қыймылды танытқандай Төбе би Бекқожа Серікке қараған. Манағы бір тізерленген қалпынан бір аумапты. Бүлдіргісін қарына іліп, таянған тобылғы сапты қамшысы сәл жерге кіргендей екен.

– Ал, Серік, өзіңнің не айтарың бар?

– Не айтайын? – Серік еңсесін түзеп, төрдегілерге жағалай қараған – Менің ісімді Семейдегі ұлық шешкен, мен ақпын, енді ешкімнің жоласы жүрмейдіге басып үйімде де жата алам. Орыстың ұлығы шешпеген дауды қазақтың биі шешсін деп осында келіп отырмын. Манадан алдарыңызда жүгінігі отырғанымнан-ақ қай шешімдеріңізге болса да көндім дегенімді ұққан жоқсыздар ма.

  • Сабаз! – деді іштей сүйсінген Қияштың Нұрланы. Бірбет, істегенінен қайтпайтын өжет дейтін Серіктің осыншама салиқалы сөз айтқанына Бекқожа да таң. Сақалын тарамдап отырып қалды.

Қаракесек, Қуандық арасындағы шекараны жаңаша бөлуге атқа қонған Нұрлан мен Көшкінбай бастаған топ, тамырымен қопарған теректі екі жағынан арқан тағып, тамырымен сүйреткен қос атты темірдің тісі тиіп, ауырмен жаншылып көрмеген құйқалы жерді сақадай жыртып үлкендері бас қоскан алдыңғы топтың соңынан ерген. Қарамұрыннан Қозыкөш жердегі Бес атаның анасы сұлу Бикенің мазарына дұға оқып, Мәдина басында ат шалдырған бұл топ онан әрі жүріп кеткен. Әуелі Ақойга қарай қиыстай тартқан басшылар бірте-бірте түстікті бетке ала бастады. Жаман Тағылының бір шоқысынан тұсаулы атын сайға тастап, тоқтаған жігіт сәлем берді.

– Қай туысқансың шырағым?

– Қараның ауылынан.

– Аманшылық па, әйтеуір?

Жігіт аман не жаман деуге тілі келмей, қиналыс білдірді. Сонан маңдайының терін сүртті де, Серікке тіке карады.

– Біреулер Өскеңнің үстінен арыз айдап, біраз старшын қол қойып, болыска мөр бастырыпты. Әуелі келген приставы да Өсекеңе өштеу ме, калай, әйтеуір дігірлеп әкетіп барады. Қағаз калаға тисе, итжеккенге жібереді деседі.

  • Ал, – деді Көшкінбай. Көз қиғымен Серікті бағдарлаған Серік сазарып тіс жарар емес. Өскенді досы деуші еді не ойлағаны бар мұның.

– Көшке – деді ат тізгінін жиып алған Серік, – менің қайтуым керек сияқты. Ендігі қалған аз-мұз шекараны өзіңіз де бөлесіз. Рұқсат болса осы жерден оралайын.

Серік атына мініп, артына бұрылып қарамастан ұзай берді. Былай шыға Қара ауылынан келген жігітті, – Приставтың қалаға қайтқанын хабарлаңдар – деп қайырған.

Бір сәт көз ілгені болмаса, Серік бүгінгі түн ұйыктап жарытпады. Күн шыға орнынан тұрып, сыбдырсыз тысқа шығып кеткен. Ауыл әлі ұйқыда. Үйқысыз бірең-сараң қариялар болмаса, тырс еткен ешкім көрінбейді. Сонау еңістен тайпалаған жорға мінген жалғыз атты көзге түсіп  еді, ат басын іркіп, Серіктің жанына аяндап кеп тоқтаған. Өңінде шаршау да жабырқаулық та бар.

– Иә, не жаңалығың бар?

– Қоржын толы пригауарын артып, пристав кеше түсте ауылдан шығып, қалаға қарай кетіпті.

Арқандаулы Кербалақ атты суартып, ер салдырған. Ертеңгілік асын асығыстау ішті, сенгені жан-торсықтағы сусыны мен қалтасына салған бес- алты сықпа. Кеше түсте кеткен пристав жолшыбай бір ауылға конарына көңілі сенген. Алды аяндап, арты бүркек қаққан Кербалақ ат жер табанын қуырып-ақ келеді. Ат әлдененше тезек тастап, дснесі кызды-ау деген шамада жосылтып-жосылтып алды. Жолай кезіккен ауылды айналып өтіп, не малшы, не жүргіншіге жолықпай Қарқаралы қайдасын, деп тарта берген.

Кең даланың асуына күн батуға арқан бойы қалғанда зорға ілікті. Енді ғана жеңілденіп, канжығадан жанторсығын шешкен. Күні бойы шайқалған бал қымыздан бірер жұтып:

  • Иа Алла, сәтін бере көр – деді.

Күн де батып барады. Кенет Кербалақ ат пысқырып-пысқырып жіберді. Сәлден кейін ат тұяғының тықыры естіліп, қалың ағаштың бұрылысынан жалғыз атты жүргінші көрінді. Бұл сонына ергендерді ауыл- ауылына тастап, енді қалаға жалғыз беттеген пристав еді. Қапылыста шыға келген Серік бас салып, мылтығын тартып алған. Көзі атыздай боп, мұрты едірейіп кеткен приставта ес жоқ, қалт-құлт. Қоржынын шештіріп, ішіндегі бар қағазды өз қолымен өрттеттіріп, оғын суырған мылтығын лақтырып тастап.

– Енді осындай жалалы жұмыс жасасың, ағашқа асып кетемін! – деді де жүре берді.

Арада он шақты күн өтпей жатып Серіктің өз                                            үстінен арыз жүріп, басын қорғауға мәжбүр болды. Серіктің басына кара бұлт үйріле түсті. Ел арасындағы даулы мәселелерді шешетін Қызылшоқы сиязына Серік әкесі Бөдемен бірге ояздың ерекше пәрменімен шақырылған. Шақырған соң бармасқа болмасын ұкқан әкелі-балалы екеуі жолға шыққан. Екеуі де еңкейген кәрі әкесі Еспаймен коштасып шықты.

Енді айналып бұл босағаға қайта келулерінде сенім жоқ. Алқақотаң тігілген ақбоз үйлердің нақ төріндегі үлкен ақ ордаға ояз түскен. Кіріп шығып жатқандар көп. Есік алды толған пристав, үрядниктер. Бөденің жүрегі солқ етті. Іші бір жамандықты сезгендей.

Ашулы ояз Бөдені Қызылжарға сол бетте айдатып жіберді. Бес атаның жақсылары боп жиналып енді Бөденің ісін бұзуға ақыл қосқан. Серікке көрінуге болмайды десті. Қуушы келіні Рысжан, атқосшы ретінде Серік, жолбасшысы Көшкінбай боп жандаралға баруға шешкен. Қызылжардағы Балтабас арқылы Көшкінбай жандарал маңының адамдарымен жақындасты. Олар Рысжанды жандарал әйелімен жолықтыруды ұйымдастырған.

Қазақтың сұлу келіншегі жандарал нақсүйеріне өте ұнады. Оның үстіне «сый» деп тартқан тай тұяқ жамбы да жол ашты. Шығынға деп әйеліне тағы біраз ақша кеткен. Ақыры іс бұзылып, Бөде босап шықты7

 

Бөдеұлы Серік
Tagged on: