Жарбай

Кедей-кедейді сағалап, бай-байды жағалаған да Есбай жалғызы Бөде жеті жасқа келгенде мына Айтпай – Оспан жағыңдағы өзі сияқты бір байдың қызына кұда түскен.

Арадағы алық-берік дегендер уақытында өтіп кетіпті. Бөде он үш жастан асқан шақта Есбай інісі Жарбай болашақ келінін көруге барады. Бай інісі дегені болмаса, Жарбайдың үстіне кигені шидем шекпен, жарғақ шалбар. Өзі де аса ұсқынды жан емес еді. Құдасына сәлем бере келген. Қыз әкесі құданың ұсқынына көңілі толмай, не әңгімесіне жарымай, біраз отырғанда, шығып жүре берген.

Құдасына берген қонақасын да ауылының үлкендерін жіберіп, өзі келмей қалады.

Белінің құяңы ұстап, тұра алмай қапты дегізеді. Тышқанның түрін көрде, қалжасынан түңіл деген есіне түседі. Есбайдың сенері жалғыз інісінің кейпі мұндай болғанда, баласы не жетіскен жан деген сауал да көмейіне тірелген. Ертеңіне еліне қайтуға рұқсат сұраған Жарбайдан:  

– Не бұйымтайы бар екен?-деп сұратқан.

– Құда қиса, ана екі арғымақтың бірін берсін, – депті. Жақында ғана алдыртып, өзі де әлі қызығын көре қоймаған екі сәйгүлікті сұрай қояр демеген.

Бермепті.

– Ендеше қызынды тоқалдыққа ғана алдырам – деп төңкеріс мінез танытып аттанған Жарбай Қанды – Қараша Қансеит қызына құда түсе келгенде алды-артына қаратпай келін қылып түсірген. Сол Қалды келіннен мына Серік жалғыз. Серік дүниеге келгенде Есбай бай малын түгендеп кетсе керек. Соңынан қуа жеткен жігіт:

– Шүйінші, Есеке, келініңіз ұл туды! – деген.

– Ә, жәрар қалағанынды ал.

– Бопты.

– Ау, қалай бала қалай өзі?

– Несін айтасыз балықтай ұл, шалқалап жылай туыпты.

– Не дейді? Аттандап туған екен ғой, әй бұзатар боп ел бүлдірмесе жарар еді, – депті. Бесата атасының бір асында, бәйгеден келіп тұрған Баймырза балаларының Қоянкөз деген атының бәйгесін, ас басқарып жүрген Кәрсен Көпбай болыс зорлық жасап,тамыры Ысты Бөлтірік бидің кулігіне байлап беріпті. Баймырза балалары ашық кетейін десе Көпбайдың өзі де бәйгіден келіп тұрған Құсқанатын ауызға алмапты. Еспайға қарағанда Жарбай шақар мінезді екен. Жарбай айтыпты: «Аман болам не атын мінем, не қатының мінем» – деп. Содан уақыт өте береді. Көпбай болса Жарбай мінбек тұрсын Құсқанатының басынан құс ұшырмайды. Сөйтіп Жарбайдың амалы таусылып, дымы құрып жүреді. Бір күні есе қайтарудың сәті түсе кетеді. Жарбай Кәрсеннің Баймұрат елінде конақ болады. Оның ішінде Қандақараша батыр үйінде жатып төбелік айтады. Сонда Жарбайдың ойына баяғы Көпбайға берген серті түседі. Әлгі үйдің ай десе аузы, күн десе көзі бар Айса есімді бойжетіп отырған қызы бар екен. Жарбай соны Есбайдың Бөдесіне айттырады. Мұны естіген Есбай шалқасынан түсіпті:

  • Тұқымымды бүлдірдің! – деп. Олай деп айтатын себебі, Баймұраттар Карсөннің Алықұлынан тарайды. Ал Алықұл жөнінде ел аузында «Алықұлдың алтынына сенбе» деген сөз бар. Мұнан басқа «Баймұраттан бала туады, туар-тумастан бәле қуады\” деген сөз бар. Жарбай болса ағасына: – Саспа әлі атын да мінеміз. – депті. Сөйтсе Жарбай бір нәрсені біліп, қайткан екен. Оның білгені Көпбай болыс әлгі Айсаның өкіл әкесі екен. Сонан Жарбай қайтып келіп әлі түспеген келінін үгіттейді.

Түсімде аян берді. Сен біздің елге Құсқанатпен келіп келін болып түскен екенсің. Өкіл әкеңнің алдынан өтіл, қалауыңа Құсканатты ата деп. Көпбай екі сөзге келмепті. Өйткені ұлдың, не қыздың меселі қайтарылмайды екен. Көп ұзамай Жарбай қалыңмалын келтіріп, Айсаны келін қылып түсіреді.

Бұғылы, Тағылы ішінде Айса, Құсқанат деген жер атаулары бар.

 

Жарбай
Tagged on: