Қамзин Амангелді Қамзаұлы
(1940-2009)
(23.02.1940 жылы туған, (ШҚО) Семей облысы, Көкпекті ауданы, Кіндікті өңірінің Алғабас ауылынан) – дәрігер. Семей мемлекеттік медициналық институтың бітірген (1968 жылы). Мамандығы – емдеу ісі. Оқуды бітіргеннен кейін Ақсуат ауданы \”Амангелді\” учаскелік ауруханасына бас дәрігерлікке қызметке келді. Аудандық санэпидстанцияға бас дәрігерлікке тағайындалып (1969 ж), содан 1998 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанша, 30 жыл бір салада қызмет етті. 1970 жылдан 1985 жылға дейін медицина қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ комитетінің председателі болып қоғамдық жұмысты қоса атқарған. 1969 жылдан кеңес үкіметі тарағанға дейін, Ақсуат ауылдық советінің депутаты, ауылдық совет атқару комитетінің мүшесі болып сайланып келген. 1970, 1974, 1978 – жылдары Алматыда дәрігерлердің білім беру институтында, ауруларды бақылап анықтайтын (Кавказ – Закавказье противочумный институт) білім жетілдіру курсынан өтті. 1984, 1993 жылдары – Алматы білім жетілдіру институтында дәріс алған. Қазақ ССР – ның денсаулық сақтау министрлігі мен республика эпидемиологтары, микробиологтары, паразитологиары мен инфекционнистерінің ғылыми қоғам басқармасының біріккен 1970 жылы 1-3 маусымында, 1980 жылдың 17-19 желтоқсанында үшінші өткен съездеріне шешуші дауыспен делегат болып қатысты. 1985 жылы Алматыда өткен \”Дүниежүзілік денсаулық сақтаудағы одағы\” форумына делегат болып қатысқан. Зейнетке шығып өмірінің соңғы күндеріне дейін, аудан өмірінің тыныс-тіршілігіне араласып, ауданның мәдени-экономикалық көркеюіне үлес қосқан. Ақсуат ауыл ақсақалдар кеңесінің мүшесі, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің аудандағы мүгедектерді оңалту кеңесінің төрағасы деген қоғамдық жұмыстарды атқарған.
Жұбайы: Құмарқызы Гүлжан.
Балалары: Мейір, Мейрам, Мират, Меруерт, Мейрамгүл.
Немерелері: Мейіржан, Дияна, Еркежан, Мирас, Дамира, Диас.