Тілік баба тарихнамасы

 

         Оқырмандарға түсінікті болу үшін тарихи түсініктеме берсек ХІV-XV ғасырларда отырықшылық жанданып, Оңтүстік Қазақстандағы қалалар (Отырар,Сауран,Сығанақ, Иассы, Саудакент, Шымкент,Созақ т.б) ояна бастады. Моңғол ұлыстарының күйреген жұрттарын да Ақорда (Көк Орда), Ноғай ордасы, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті) сияқты дербес мемлекеттер пайда болды, түріктеніп кеткен моңғол тайпаларының араласып, жымдасуыа байланысты, қазақ халқы үш этникалық тармаққа – «Үш жүзге» қалыптасты.

        Қазақ жүздерінің құрамына кірген рулардың қыпшақ, қаңлы, найман, үйсін, қоңырат, маңғыт, алшын, тама руларымен қатар ноғай халқының құрамына т.б кірді. Бұлар тіл, заттық мәдениет, тұрмыс, халық ауыз әдебиеті, наным-сенім тұрғысынан алғанда, қазақ жүздерін құраған рулардың бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ еді. Тұтастай алғанда XV- ХІV ғасырлардың шеңінде бүл тайпалар «Қазақ» есімі түркі тілдес халыққа тұтасып болды да «Қазақи» бір тілді ғана пайдаланды.

       Жошы ұрпақтарының, ру көсемдерінің талас тартыстарнан туып, үздіксіз жүріп отырған соғыстар, өндіргіш күштердің, адамдың қордың азаюына, экономикалық шөгуіне, туыстық этникалық топтардың айрылысуына, саяси-шаруашылық байланыстардың үзілуіне әкеліп соғып, халықтың тұтастығына елеулі нұқсан келтірді. Этникалық жағынан жақын тайпалардың, басын біріктіріп, мемлекет құру мүддесі пайда болды. Бұл ниет қазақ хандығының құрылуымен іске асты.

       Қазақ хандығы алғаш кезде Жетісудың батыс тарабын, Шу мен Талас алқаптарын алып жатты. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан қоныс аударып келген қазақ ру тайпаларын ғана емес, сондай-ақ Жетісу алқаптарын, тау-сілемдерін

Ежелден мекендеп келе жатқан басқа да тайпаларды біріктірді. XV—ғасырдың аяғына қарай Жәнібек және Керей, одан кейін Бұрындық хандар(1480-1511жылдар), Қасым сұлтандар Сарысу мен Сырдың орта және төменгі, ағыстарындағы Аралдың солтүстігіндегі алқаптарын, Қаратау сілемдерін мекендеген қазақ ру тайпаларын өз билігіне алды. Мұхаммет Шайбани мені екі арада Сыр бойындағы әкімшілік саяси, сауда өнерлік мәні зор Сығанақ, Отырар, Иассы (Түркістан) Саудакент, Құмкент, Созақ сияқты қалалар үшін қырқысқан соғыс жүрді.Осыдан барып қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының Қазақстан мен Орта Азия аймақтарында этникалық территориясы қалыптасты. Қазақ хандығының қуатының артқан уақыты XVІ ғасырдың алғашқы ш ирегінде, Қасым ханның (1511-1523 жылы) кезінде еді. Мемлекет шекарасы батыста Жайыққа дейін кеңіді, оңтүстік шығыста Іле мен Қаратал өзені аралығына дейін барды. Қасым иелігіндегі жерлер Ұлытаудан ары Есіл мен Ертіске дейін, оңтүстікте Сайрам уалаятына дейін жетті. Мүхаммед Хайдардың «Тарихи Рашиди» кітабы бойынша халық саны миллионға жеткен еді.

XV- ХVІ ғасырларда Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сібір хандықтары біржола ыдырағаннан кейінгі жерде, осы мемлекеттердің құрамында болып келген қазақ рулары, өз жеріне келіп, өз халқының құрамына қосылды. Осыдан кейін қазақ хандығының шекарасы кеңейді.

          ХVІ ғасырдың басына қарай ыдыраған Моғолстанның солтүстігіндегі Ертістің жоғарғы сатысындағы, Тарбағатайдың шығысындағы, Іленің жоғарғы ағысындағы жерлерде Ойраттың (жоңғар)  бірлесуі жүріп, 1635 жылы (ХVІІ ғасыры) жоңғар хаңдылығы құрылды. Сібір хандары мен жоңғар тайшылары ХVІ ғасыр кезінде ал ХVІІ ғасырдың 30-жылдарынан бастап жоңғарлар мен қазақ хандығы өзінің солтүстігі және шығысы үшін ұзақ күрес жүргізді. ХVІІ ғасырдың 20-жылдарынан бастап, жоңғарлар қазақтарды оңтүстікке және батысқа ығыстырды. XVІ- ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысында жоңғар хандылығымен жүргізген ұзақ және ауыр соғыс, қазақ хандарының ықпалын әлсіретті.

         Жоңғарлар талқандағаннан кейін де, тыныштық болмаған. Батыстан қоқандықтар, қазақтардың жоңғарлармен соғысып әлсіреген кезінде, ықпалын жүргізді. Қазақтар соғыссыз алым-салығын төлеуге көнді. Осыған байланысты «Датқалық» басқару жүйесі пайда болды.

      Ысты ұрпағынан тарайтын Ойық (Қоспанбет) пен тіліктің (Доспанбет) Сызықтың (Садық) өмір сүрген кезі, тарихшылардың болжамдауынша, ХVІ ғасырдың 20-30 жылдарына тұспа-тұс келіп тұр. Бәйдібек бабамыздың өмір сүрген кезі 604 жылмен, VІІ ғасырдың басынан бастау алады екен. Қазіргі кезде тарихшы, шежірелердің тұжырымдауы бойынша, бір ғасырда үш буын, екі ғасырды жеті буынға өсетінін дәлелдеді. Есептеп көрсек, «Тұп тұқияннан өзіме шейін»  деген Қазыбекбек Тауасарұлының арабша жазылған еңбгінде (аудармашы академик Сәрсенбі Дәуіт, құрастырушы автор Қыдырбек Балғабекұлы), Ойық пен Тіліктің арасында жиырма тоғыз буынның барын айтып кеткен. Белгілі шаруашылық, партия қайраткері Берден Байқошқаровтың өзінше тарихы құжаттарды зерттеуінің арқасында, жиырма тоғыз атаның тізбелерін келтірген. Атап айтқанда, Ыстының Ойығы мен Тілігінің ортасына атақты батырлар, билер, шешендер, ақындар, балгер-бақсылар және діндарлар үзілмеген. Айта кетейік, жоғарыдағы айтылған үздіксіз жүрген жойқын соғыстардың салдарынан жан-жаққа тозып сіңісіп кетіп отырған. Соның  бір мысалы, Сызықтан (Садық) тараған ұрпақтар өзбекке сіңіп кеткен. Ал Ойық пен Тілік аталарымыздың батырлығының, кемеңгерлігінің арқасында төңіректеріне елді топтастырып, тізе қосып билік жүргізген, азулы жауларымен соғыса жүріп, ұрпақтарын жалғастырған. Осы екі атадан тараған ұрпақтар, бүгінгі күнге кейін жалғасын табуда. Яғни, Ыстының Ойығы мен Тілігінен тараған кейінгі ұрпақтарынан да, билері, шешендер, батырлар, датқалар, болыстар, ғалымдар, саяси қайраткерлері, еңбек соғыс ардагерлері үзілмеген.

        Ойық пен Тілік бабалар өз заманының озық ойлы, елінің қамын ойлаған батыр тұлғалы, дау-жанжалды тура билік айтып шеше тұғын кісілер болғандығы туралы қариялар қызықты әңгімелер айтып отыратын. Тілік бабаның ұрпағы Қаратаудың теріскейі мен күнгейін мекен еткен. «Үш көкшенің» құмы мен теріскейдің  қырларын қыстап, Көсегенің «көк жонын» жайлау еткен. Қазірге Жаңатас қаласы мен Саудакенттің ортасындағы қырқадағы «Қоратас» – деген жерді қыстау етіп, туын биік төбенің басына қадап қояды екен деген сөздерді қариялар үзбей айтатын. Сол қариялардың ішіндегі ең мықты шежірешісі, сүлгетайдың боқмұрын атасынан Құлыбек пен Мырзақоңырдан Жүсіпәлі Құдайбергенұлы, Жүзен Пірназарұлы, Мілиан Сағындық ұлдарының айтқан әңгімелерін мен жастайымнан тыңдап өстім. Бүгін де бұлардың алды 130 арты 115 жасқа келген болар еді. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың 60-70 жылдарына дейін өмір сүрген кісілер. Сүлгетайлар туралы Есеншора Сайлаубек Есмырзаұлының қолжазбасы 1947 жылы, баласы Асайынға жаздырған «Атабаян» атты еңбегі және басқа да басылымдарда жарық көрген дүниелер толық мағлұмат береді. (391 беттегі Сүлгетайлар тармағында толық берілген).

          ХІХ ғасырда орыстар келіп, сайланбалы «болыстық» басқару жүйесін жүргізді. Келімсек «мұжықтарын» қарша боратып, қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алды.

          ХІХ ғасырда патшалық Ресейде октябрь революциясының жеңуіне байланысты, Қазақстанда социалистік құрылыс енді Қайда барсаң да Қорқыттың көрі дегендей, қазақтарға, «қызыл империядан» да, тыныштық болмады. Қолдан жасаған ашаршылық,  Ұлы Отан соғысы және орыстың әкімшіл-әміршіл саясаты қазақты тұншықтырумен болды.

       ХХ ғасырдың соңында қазақтың егемендік алуымен көзі ашылып, бұрынғы жоғалтқандарын түгендеуге мүкіндігі туды. Бұрмаланған тарихын, шежіресін, жоғалған ата-бабасын түгелдеу мүмкіндігі туды. Там-тұмдап жазылған тарихи деректермен қоса өткен кәрі құлақты қариялардан жазылып алынған, естіген деректердің арқасында келешек ұрпаққа аз да болса шыққан тегін, тарихын шамамыз келгенше жеткізуге тырысып, бағдарлама бере алдық деп ойлаймын.

 ХХІ ғасырдың өткен ғасырлардағы тағдырдың тәлкегіне ұшырап, туған туыстарынан ажырап қалған ағайындардың «бірігу ғасырына» айналды. «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» деген қазақтың аталы сөзін басшылыққа алып, бұрын қателесіп жүрген туыстардың біріккенінің айыбы жоқ.

 

                                                                                                               

 

 

 

                                                                                                                                   Серікбек Еркінбеков

 

Тілік баба туралы толғау

 

Ақын Сабыр Сматов

 

 

                                         

 

                                           Арамызда ғасыр жатыр көптеген,

                                           Бұл жалғанда кімдер келіп кетпеген.

                                           Жолың ұзақ болғанмен бірақта,

                                           Ұмыт бомас Туған жер мен Тек деген

 

                                           Қарашаұлы Бәйдібектен-Жәлменбет

                                           Ұлы бабаң бәйтерегің құрмет ет.

                                           Нитімді қабыл ет деп жалынып,

                                           О, қалайық, бір Аллаға тағзым ет.

 

                                           Жәлменбеттің Ыстысынан үш бала өскен қатар,

                                           Ойық,Тілік, Сызықтар соған жатар.

                                           Елбасына күн туған кездерінде,

                                           Ұрандап жауға шапқан деп «Жауатар»!

 

                                           Тілік баба, кіндігінен бес бала,

                                           Төрт арысың Ойықты, бауыр сана.

                                           Осылардан тараған ұрпағың бар,

                                           Ежелден Қаратауды еткен пана.

 

                                           Тілік баба білесіңбе қай заман?

                                          «Елім-ай», – деп зарламайды Еламан.

                                            Белгі қойып шартты түрде басыңа,

                                           Елің күйлі, бәйге берді аламан.

 

                                           Той басталды бүгін сенде Қаратау,

                                           Тілік бабам тігіп жатыр бір Отау.

                                           Жатыр қайда, білмесек те мазарын,

                                           Бабам сезіп, аунап қазір жатыр-ау?!

 

                                           Осы болар тірілердің парызы,

                                           Болғанда біз артта қалған бір ізі.

                                           Көңілің толса бата берші, О Бабам?

                                           Аяқталды деп ұрпағымның қарызы.

 

  • Қолыңды жай, ұрпағым, қарақтарым!

                                            Құс болғанда дер едім қанаттарым.

                                          «Бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай»

                                          «Бол» – деген, Баба сөзі – бір айтарым – Әумин!              

 

 

Тілік
Tagged on: