1921 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Базартөбенің қасы Жайық жағасындағы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әкесі Балмағамбет ұлы Қабдырахман 1930 жылы дүниеден өткен. Ауыл мектебі мен балалар үйінде білім алған. Жоқшылық пен ашаршылықтың ауыртпалығын молынан көрген: жабайы кендір шөптің (күл-қоқыста өсетін дикая конопля) дәнін теріп, саршұнақ еті мен қалдық дәнді індерінен қазып азық қылған. Үкімет Жайықтан балық аулатқызбаған, қолдарындағы малы колхоздандырылған. Мұғалімдер училищесінде оқып жүргенде 1941 жылы Қызыл Армиясы қатарына шақырылып Тәшкент обдысы Шыршық қалашығындағы ұшқыш радист-атқыш даярлайтын курста оқып жүргенде бұлардың курсын оқуын аяқтатпай 1941 ж. желтоқсан айында эшелонға тиеп соғысқа аттандырған. Жолда соқыршектен ота жасаған соң, шешесін аз уақыт көруге мүмкіндік береді. Елге келгенде ауылда бала-шаға, қарт-кемпірден басқа жан жоқ. Көлік мүлдем жоқ: жылқы, машина, трактор, өгізге дейін — барлығы майданға аттандырылған. 1944-1946 жылдары Могилев жаяу әскери училищесінде оқып офицер шенін алған. Пенза, Саратов облыстары мен ГДР әскери бөлімдерінде взвод командиры, рота командирының саяси орынбасары қызметін атқарған. Әскер қатарында 1941 жылы кеткеннен елге 1955 жылдың желтоқсанында оралды. Үш жерден жараланған. \”Германияны жеңгені үшін\” және екі дүркін \”За боевые заслуги\” медальдарымен марапатталған. 1956-1962 жылдары Орал мұғалімдер институтында сыртай оқып орыс тілі пәні мұғалімі мамандығын алып шықты. 1956-1979 жылдары Теректі ауданының Қараоба және Федоровка орта мектептерінде дене шынықтыру, военрук, бастауыш кластары мұғалімі, жоғарғы кластарда орыс және неміс тілінен сабақ берді. 1967-1971 жылдары Теректі аудандық білім бөлімін басқарды. 1979 жылы қылтамақ ауруынан қайтыс болды. Қазіргі Теректі ауылы мәйітінде жерленген.
Ғайнолла