Балмағамбет ұлы Қабдырахман 1880 жылы Жайықтың жағасы Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Базартөбе ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінде сауатын ашқан. Төрт түлік малдың арқасында бала-шағасын бағып өмір сүрген. Екінші ұлы Қамидолла 1905 жылы туылғанына қарағанда, тұнғышы Қалиолла 1902 жылы көрінген болар. Негізі, түгел ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі уақыт қазақ халқына қолайлы жылдар болғанға ұқсайды. Әкем Ғайнолланың айтуынша ағасы Қамидолла Самар облысы жерінде тұратын атасы Балмағамбеттің бауырында ер жеткен. Соған қарағанда, Тайпақ аймағын мекендеген қазақ шаруалары ерте кезден бері Самар жағын жайлағанға ұқсайды. Жайықтың оң жақ бетін — Самар беті, Жайықтың сол жақ жағалауын — Бұқар беті деп осы күнге дейін атайды. Қабдыпахман атам елді ашаршылық жайлаған кезде 1930 жылы қайтыс болған. Әкемнің тірі кезінде елге бара алмадық. Кейінгі жылдары әкемнің немере апасының айтуынша Базартөбе қасындағы Қызылжар ауылында жерленгенін білдім. 2017 жылы ұлым Әлібек екеуіміз ол қорымды аралап, атамның кәбірін таба алмай кері оралдық. Әжем Дүйсенғали қызы Қазиза Алаша Шағалақтың Құттыбай бөлімінен 1880 жылы Атамекен (бұрынғы Антон) ауылында 1884 жылы туылған. Соғыстан кейін үлкен ұлының қолында Орынбор облысы мен 1956 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Сүгірбай ауылында тұрды. Қамидолла тәтемнің балаларын өсіруге көмек қылды. 1963 жылы Сүгірбай ауылында қылтамақ ауруынан қайтыс болды. Сол ауылдың зиратында немерелері Мақсот пен Махметтің қасында жерленді.
Қабдырахман