Сағынтай Аманжол баласы түылғаннан Аманжолдын Ізтөлеу деген інісіне берілген.  Аталарымыздын сондай маңызды  шешімін бұзуға дәтіміз бармай Сағынтайды Ізтөлеу баласы деп қойдық. 

  1. Сағынтай Ізтөлеу-Аманжол ұлы 1939 жылы 23 февральде, Қорғалжын районы, Қорғалжын совхозының Уш-Сарт ауылында туған, руы Енем.

Он жылдық мектепті 1957 ойдағыдай жақсы бітірді.

Институтқа түсү үшін ол үақытта жумыс стаж керек болатын, сондықтан әртүрлі жумыс істеді. Сол жылдары мектепте ауданның бірінші иженері Байтлесов Қабиден ағай автомобильден сабақ өткізеді. Бұкүл ер балалар оныншы сынып бітіргенде, аттестатпен бірге шоферлық права алып шағатын.  Солардын ішінде қыздардан Ержанова Клара да болды. Сағынтайда права водителя алып шыққан, сондықтан бірінші еңбекті Дружба совхозында шофер болып бастады. Екі жылдан сон Қорғалжын райпотребсоюз заготконторасының диреторының көмекшесі болып орналасқан. Бір жылдан сон ответ секретрь правления общества знанияға сайланды.

1959 жылы Целиноград қаласының сельхоз институтының инженерлік факультетіне түсіп оқый бастайды.

1961 жылы Қарағанды медициналық институтының студенті, құрбысы, мекткптен ғашық болып жүрген  қызы Алма Мухамеджановна Байпакова ға құда түсіп ұйленеді.Тойлары Август айында өтеді. Сағынтай ұйленгенсоң Алманы оқытамын деп, сельхоз институтын екінші курсынан кетіп, әке шешесінің келісіммен, Қарағандыға жұмыс істеуге келеді.

1963 3 кл шофер болып Қарағанды №3 автопаркінде істейді. Жұмысты ықтиятты, тиянақты істейтін, арақ ішпейтін, шылым тартпайтын, сондықтан уш айдан кейін ол 2 –ші класстық шоферлыққа ауысты. Тәғы коп ұзамай ақыры «Қарағанды гипроуглемаш» институтының бірінші класстық автобус жұргүзіші болып ауыстырылды. Осында істеп жұргенде көп теген грамматалар, алғыстар алып жүрген. Алма екеуіне тегін квартира берілген.

1963 жылы Сағынтайда тұнғыш қызы Мейржан түды.

1965 жылы Алма мед институтын бітіріп Қорғалжынға направление алып Сағынтай екеуі ауданға келеді. Алма дәрігер болып райбольницаға орналасады. Сағынтай райпотребсоюзге жүргізуші болып орналасады. Содан кейін Дружба совхозына шофер болып қайтады.

1966 жылы райком комсомолаға зав сектором учета и финансовке ауыстырлады.

Екі жылдан кейін 1968 жылы Целиноград Инженерно строительный институтіне инженер автомобилист факультетіне түсіп. Алма жұмыс істеді. Сағынтай оқыды.  1973 жылы институтті бітірді. Сағынтайды осы институтта \”эксплуатация автомобилей\” кафедрасына  преподователь ретінде  қалдырылады.Сол себебпен Москваға оқуға барды. Институтта оқыған кезде жане жұмыс істеген кезде тәртіпті болды,жаксы оқып, студенттердін алды болды, Студенттік құрылыс отрядтарды басқарды, группасының старостасі болатын,. Қоғамдық жұмыска белсене қатысты. Озі член партии еді.Факультеттік комсомол ұйымына жетекші болды., Бірге оқып жүрген студенттерден Сағынтай 10 жастай үлкен болатын. Олар оны \”дед\” деп атады.Бір демалыс күні Алма сіңілісі Сауле Нуркишева екеуі Сағынтайдын жатақханасына барыпті. Болмесінің жабық есігін қағып тұрғанда :\”Девушки зря не стучите- к деду приехала жена и он ушел к ней!!!\”- депті, қасынан өтіп баражатқан студенттер…

 Бес айдан кейін, , әкесі Ізтөлеу қатты ауырлап , ден сауылығы нәщарлап қалғанна кейін,институттн жұмысын тастап Сғынтай үйге қайтуға мөжбұр болды. Қорғалжынға келіп райкомда инструктор болып, содан кейін \”Дружба\” совхозында бас инженер болып істейді.

1975 жылы  \”Казсельхозтехниканың\” меңгерушісі болып тағайндалады.

1986 жылы \”Сабынды\” аулуна директор болып барады. Келген кезде онда қысқы мал баздары көлдің арғі жағында орналасқан екен. Қыстай жұмыскерлер мұз үстімен базға тракторлармен өтетін көрнеді екен.  Сол себептен жыл сайын  талай адам және мал мен техникалар су астына кетіп қалады екен. Және баздағы мал, ол жақта су болмағаннан, цистрнамен әкелген  суға толық  қамбағаннан жем -шөпті де дырыс жемиді екен. Содан дүрыс семірмейді екен. Сағынтай барған бетімен, ауданнан водоканалдын жұмыскерлерін шақыртып, водонапорнлық вышка салғызады. Су құбырларын өткізеді. Насос қойып базаларға сумен қамтамамасыз еткізеді.Баздарға қарай грейдер жол салғызады. Бағаналарды қойғызып элетр свет өткізеді.

 Ауылдан жоғары қар суын тоқтататын бөгет бар еді. Сол бөгет жаз келген саин бұзылып. қар суы аулға кіріп кететін. Сол бөгетті де ондатуға аудандан специалистерді шақыртіп ондады. Құрылысшылар уйлер сала бастады, жолдар ондалды. Келген жұмыскерлер : \”Біз өзі Сағынтай Ізтелеуовичпен бірге көшіп келу керек болды ғой бұл ауылға!\” деп әзілдейтін…

Ауылдың дәл орталығында Отан қөрғаушыларға ескерткіш қойылған. 

Бұл жұмыстан өз тлеумен шығып Қорғалжынға келді. Осында РСУ да Болат Тулебеков пен бірге  инженер болып жымысқа кіріседі. Содан кейін Бас инженер болып АТП-22025-де  жұмыс атқарады.

Зам председателя иполкома Кургальджинского поселкового совета депутатов болып тағайындалады. Содан кейін председатель болып те жұмыс атқарады.

1995 жылы Қорғалжын ауыл округінің әкімі болып сайланды.

2000 жылы денсаулығына байланысты жұмысынан өз тілеуімен босады де зав отделом миграции и демографияға ауысты.

  Көп жылдық еңбегінде көптеген граматалар, благодарностьтер алды . 1973 жылы \”За трудовую доблесть\” медальмен СССР Президиумнің жоғарғы советтін биілігімен марапатталды. 2004 жылдары Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтын жарлығы бойынша \”Тынға 50 жыл\” медальменен марапатталды.

     От басында тату-тәтті өмір сүрді. Ардақты, сыйлы адам болды. Тату-тәтті осылай Алмамен 46 жыл өмір өткізді. Көршлер:  сендер неге ренжиспейсындер деп, таңғалатың. Өмірде мінезі жұмсақ, жұмыста қатал болган. Әр үақытта семьяға барлық жағдайды жасап жұретін. Жолдастары өте коп болды, силасып өтті,ойыңшыл болды, музыкаға жақын еді. Бала кезінде мектепте горнист болды, осе келе гармонь мен баянда ойнады. Мереке кезінде мектепте Сағынтай баянда ойнап би кештерін, концерттер өткізетің.  Демалыс кештерінде аудан жастары клубта кейде клубтын қасында, далада би үйімдастратын. Ай жарығы жоқ болса жас жургузішілер екі-үш жақтан машинанын фарасын жағып жарық түсіретін.Далада шаң-тозаң көтеріп жастар мәз болып би бийлитін. Өмірде Сакең оте ойыншыл, мысқылшыл болды, жұртті күлдіріп жүретін, ешкімді ренжітпейтін, ақкөңіл, сеңгіш адам. Үлкенді силап, кішіні қолдап, әрқашан көмекке дайын болушы еді. Бір күні белгілі дәрігер Нуркеш Карибжановна  Сағынтайға: «Сен үлкен-кіші жиналыстарда менің артымдағы қатарға, мәған тақау отырмашы, сенің айтып отырған күлкілі сөздеріңнен жиналыстарда мен күліп отырамің…» деген екен. Зайыбы Алма : «Сен мені көп күлдіресің, бетіме күлкіден жасым келмей әжім түсетін болды ғой!».

  Сағынтай арақ ішу мен темекіні шегу дегенге өте қарсы еді.

   Бір тойда ойнап –күліп жолдастармен отырғанда қасына бір жігіт келіп, қолында бір бутылка арағы мен рюмкасы бар екен. Кел де кел «ішіп жіберейк»- деп болмайды,- «өткен тойда айғайлап шулап қып-қызыл мас болып отырғансын» дейді   екен. Сакеңнің жолдастары : «Қүй-қүйып жібер! Бізге көнбей отыр, өте көп ішушеді…» дейді. Сакең «ішпейм» дегеніне жанағы жігіт нанбайды. Сакеңнін жанындағы жолдастар Кеңбидайық совхозының директоры Узденбаев Болат, заврайоно Оспанов Муталәп Тленович, РСУ дын басқарушысы Болат Толебекұлы, ол кезде кинопрокаттын және кинотеатрдің бастығы Кожахметов Болат дегендер жанағы жігітті жайына жібереді.

  Тағы бірде ауылға емші келді. Сакең аурып жұрген еді. Сонда кезекпен кіргенде емші қарап –қарап: «Сен көп арақ ішесін содан ауру болыпсын: өкпең, бауырың, бұйрегің аурады» депті. Емшінің қасында жұрген Сакеңді танитін ауылдың медсестралар шалқасынан құлап қалажаздапты: «Бұл кісі өмірі ешқашан не ішпеген не темекі тартпаған…!» деп.

    Сағынтай он бес күн пенсияға шығуына қалғанда қатты ауып қалды, инсульт алып жарты денесі қозғалмай қалды.Көп емделді, балалары мен зайыбы апармаған дәрігері, емшісі болмады. Павлодарға Ұміт апаға апарды, ол кісі: «Бұл адам журмейді» деп бетіне айтып тастады. Туркестанға да апарды. Ата-бабалардын топрағына аунатты. Бірақ комегі болмады. Алты жылға созылған аурудан 2007 Сағынтай, кіші ұлың қолында, 68 жасында  қайтыс болды. Артында бес баласы қалды.

  Үлкені Мейржан деген қызы семья қурған. Жолдасы Құмар, екі үлы Гизат және Бекзат деген бар . «Республиканский Центр материнства и детства» деген жерде VIP центр де жерде жұмыс істейді.

   Екінші қызы Наргул. Жолдасы Қайрат. Бір кыз бала Дидара және екі ұлы Данияр мен Динмухамед деген бар. Министерство Обороны РК де департамент финансов те жумыс атқарады

   Бірінші ул бала Бауржан жолдасы Маһаббат. Екі улы Олжас және Ерасыл, бір қыз бала Шакира деген бар. Жастан әскери оқуына жіберіліп Алматы да содан кейін Литвада Вильнюс деген қалада, офицер оқүын бітірді. Кәзір Алматы қаласында жеке фирмада жумыс істейді.

  Екінші улы Темирғали жолдасы Айнагүл . Ұш ул бала Ескендір, Альмансұр, Інсар дегендер бар. Бұл бала Сағынтайдын ізін басып ЦИСИ ді бітіріп. Кәзір Халық Банкі де бас менеджер болып жұмыс істейді.

  Кіші қызы Гүлдана. Туғаннан инвалид болганнан ұйде отыр.

Алма Мухамеджан қызы Байпакова, Сағынтай Ізтөлеу ұлының зайбы. Руы Тоқа.

1965 жылы Қараганды медициналық институтын бітіргеннен Қорғалжын аудандағы емханада дәрігер болып 30 жыл еңбек етеді.

Алма Кокшетау обылысы, Айыртау районында дұниеге келген. Астраханка ауылында Күляш деген сіңілісі тұрады. Ресей де Жәлібек деген інісі бар.

   Әкесі Мүхамеджан Қарағанды обылысы Нура ауданы Жамбыл ауылында туған. Өмір бойы әр қалаларда, райондарда военком болып еңбек еткен. Партия мұшесі, еңбекқор, жұмысына тианақты адам болған. 1945 жылы тұберкулез ден қайтыс болды.

 Мүхамеджан қайтқаннан кейн Алманы Мүхамеджаннын апасы Әлиман мен жездесі Садубеков Нүркіш дегендер өздерінің үш баласына қосып алады. Әлима апағ партия мұшесі , райкомда жен отделді басқарді. Беделді, белгілі ауданда адам болды. Жолдасы Нұркіш аға мал шаруашылығын басқарған, партия мұшесі, еңбекқор еді. Бұл адамдар елге көп еңбегі сінген болатын. Жездеміздің руы Тарақты. Апамыздың екі ұлы бір қызы болған. Үлкен баласы Сақтай Ұлы Отан соғысына қатысқан, мамандығы юрист, жолдасы Гүлхан Қорғалжын ауданнын банкіде көп жылдары бас бухгалтер болды. Екіңші ұлы Нұркишев Амірғали «Коммунизм нұры» гәзетінң бас редактор болған. Атақты журналист болған. Зайыбы Касира Шакирова  өмір бойы муғалім болып жұмыс атқарды.

 Алма Мұхамеджановна мектептен кейн, 1956 обланодан екі адамға направление келген болған екен  Ленинград қаласына физико-математика университетіне. Соған документ Алманы тағайындапты.  Бірақ  Алматыда мұмкүн әдейлеп пе әлде басқа жағдайымен бе документін шатастырып, басқа баланы Алманың орына оқуға жіберіпті. Сол жылы оқүға жолы болмай Алма Қорғалжында жұмыс істеуге кіріседі. Басында белгілі Калимуса Кусаиновтің театірінің мүшесі болып істеді. 1957 жылы Қазахстан театірінің тұнғыш фестиваліне қатысып Алматыдан екінші дәрежелі диплоп алып қайтті. Алматыда би студиясына қалуға шақырылып кеңес берілді, бірақ ол медицинаны таңдады. Ақмолада медициналық институт болмағандықтан Қарагандыға барып түседі. 1695 жылы бітіреді.

1961 жылы Ізтелеуов Сағынтаймен бас қосып семья құрады де Қорғалжын емханасында 30 жыл еңбек етті. Емханада жұқпалы аурулардын бөлімшесін басқарды, тәғі әйел дәрігері де болып істеді. Партия қатарында болып, қоғам жұмысына белсе қатысты. Емхананың художественная самодеятельностьті басқарды.

 Ол кезде Қорғалжын ауданы өте үлкен болатын. Ауданға, Баршын, Аршалы. әәші партсъезд, Краснознамен ауданы қарайтын. Соларды бәрін выездной бригада құрып Алма тәғі басқа дәрігерлермен бірге екі –уш жумалап аралайтын.

 Бір жылдары , қантар айында, күні түні көп қар жауіп, баран соғып турғанда, Эліп-тұмар деген мал базасынан келіп, бір жігіт сағат түнгі 12 де, «Әйелім толғатып жатыр, көмек керек!!!» деп Алманың үйінің есігін қағады. «ЧТЗ» деген трактормен келіпті. Алма жылы киініп, қасына қорыққаннан Сағынтайды алып далаға шығады ды тракторге мінеді. Тракторде үсті басы қара май, бетауызы майдан қапқара, көзі ғана көрініп турған тракторші отыр екен. Сол трактормен Арықты ауылына қарай тартады. Көп ұзамай жанағы трактор тоқтап қалады. Тракторші: «Мен айтқам трактор сынып түр деп, жана ғана ондап жатқан едім, болмай жіберді!»-деп ауылға қайтып кете барды. Боран соғып түр, қар дізеден асады, жол жоқ…. Келген жігіт атын жетектеп алда жүреді. Аттын үстінде 5-6 жасар ул бала отырді. Артынын көмек көрсету сумкасын көтеріп, бір-бірін қолтықтап  алып Алма мен Сағынтай жайау жүребереді. Әліптұмарға жеткенсон, ортасынан  пешпен бөлінген бір бөлмелі ұйде, Алма, ерлерді пештін бір жағына отырғызып, екінші жағына жерге кілемнің үстіне таза көрпе мен ақ простыня төсеп, әйелді жатқызып босандыра бастайды. Қолын пештін үстіндегі шайнекпен жуып, спиртпен сұртіп, жұмысқа кірісті.

  Таң ата әйел аман-есе босонып, қыз бала туады. Атын қолма-қол Алмагүл деп қояды.

Таңғы сағат 8 де Алма мен Сағынтайды Ат шанамен аудан басына апарып тастайды.

  Тағы бір жолы Біртабан ауылынан таңға жақын комек шақыру келеді. Бензовозбен сумкесін арқалап көп ұзамай Алма да жетеді. Пештін әржағында жатқан әйелдін қалын сүрайды. Қал- жағдайы жақсы екен. Өзі аман есен босаныпты. Төрде екі-үш  үлкен әйелдер отыр екен, олар тек баланың жолдасы түспепті дейді. Алма қөлына су құйып жіберуді отінеді. Бір келіншек пеш үстіндегі тұрған шайнектен қөлына су құйып жібереді. Алақандары судан күеді  де калады…Келіншек «жана ғана шайнекке суық су құйыған едім…» деп шырылдайды. Қолына жалма-жан дәргерлік перчаткелерін  киіп, босанған әйелді қарап жіберсе –бәрі дұрыс екен, бірақ шыныңда баланың жолдасыжоқ екен. Әйелдер жолдасы тускен жоқ депті. Қай жерде босанганын сүраса , анау төсектінаяғында деді олар. Сол жерде іш киімдердін арасынан дәргер баланың жолдасын тауп алды. «Ойбай-ойбай!!! Біз ол жерді қарамаппыз….» деп үйдегі үлкен әйелдер беттерін шимшіп қалды…

  Сағынтай Сабындыға ауысқанда Алма жанғыз дәрігер болып, күні-түні жұмыс істеуде болды. Тәңертенне түскедейн амбулаторияда ауруларды қабулдады, түстен кейін шақыруларда кешкедейн жүретін.

1995 жылы Алма зейнеткерлікке шықты.

 Зейнеткерлікте жұріп Қорғалжын мәдениет ұйіне барып коцерттерге комектесіп, катысып жүрді.

  Сағынтай қатты аурып, жарты денесі жансіз қалғанда, алты жыл бойы бағып, Сәкең қайтқанша қасынан шықпады. Олардын екеуінің маһаббаттарынын кұшіне ел танғалатын…

Қәзір Алма Мұхамеджановна Астанада кіші үлдын қолында. Немерелерін бағып отыр.

Сағынтай
Tagged on: