Сырлыбай атасы Естемір,Байсары,Қалы деп бөлінеді.Естемірдің сегізінші буынындағы ұрпағы Мұратұлы Қалтай Қаржандағы елдерге болыс болған.Ол жоғарғы Қайшылы аталатын ауылға мешіт салдырып балаларды оқытқан ғұлама молда.Ташкенттегі Көкелташ медресесін бітірген.Қалы тармағының кейінгі ұрпағының бірі Жүсіпұлы Сағынбек Юсупов Кеңес үкіметі тұсында Қазақ халқы арасында бірінші болып үшінші дарежелі милиция генералы атағын алды.Ол туралы Алматыдағы Қасиет баспасынан Комиссар жазбалары деген кітап шығарылды.З.С.Қаржани.Біз Қазақ.ҚасСақпыз

Сырлыбай Қайшылы
Tagged on: