Әлімбек Жүрсүнұлы 1893-1982 жылдары ШҚО, Абыралы өңірінде өмір сүрген.  Таңат, Ақбұлақ (Әміре аулы. Әміре Қашаубаевтың туған ауылы) ауылдарынды қырманшы болып қызмет еткен. Екінші дүнежүзі соғысында \”Труд армияда\” балтық елдерінде қызмет етіп көптеген марапаттармен аман-есен елге оралған. Атам өңірге әйгілі ұста болғанын жазушы Бауыржан Жақып өзінің \”Ұста шал\” өлеңінде суреттеп  жазған. Әжем Мақтай (Рахима Жәмпейісқызы 1912-1997) екеуі заманның қиындығын бірге кешіп 11 бала тәрбиелеп өсірген. Атамыз соғысқа кеткенде оның кәсібін өзі мойнына алған екен. Әңгімелерінде әжем: ауылдан 300 шақырым жерде орналасқан  Семейге өгіз арбамен боранды, аязды қыста кішкента балаларымен қасқырдың қалыңдығында астық тасығанын айтып отыратын. Атам мен әжем менің әкем Дәуітбектің қара шаңырағында  немере-шөбере-немене сүйіп 80-90 жастарында дүние салды.
Ұста шал

Көңілім-дархан дала, зеңгір аспан,
Ол кезде өмірге енді аяқ басқам.
Дүкені бар болатын ұста шалдың,
Шетінде ауылымыздың дөңге ұласқан

Қыздырған бөктерін сол адыр, беттің
Есімі ұста шалдың Әлімбек-тін.
Әлекең атап кеткен үлкен-кіші,
Бөлеген қадіріне қалың көптің.

Боз таңнан сілкіндірер бар маңайын,
Керекті құралдары қолда, дайын.
Ашса егер, алақанын -балта дерсің,
Ал жұмса, жұдырығын-балтадайын.

Қос бетін қонқақ мұрын ұштастырды
Шот маңдай, шодыр мінез, күш-тасқынды.
Қайшы мұрт, қашау қасты, шеге көзді,
Бір тоға, шамырқанша, қысқаш тілді.

Төсі-төс, ара тісті, көрік кеуде.

 

Әлімбек
Tagged on: