Құсылбасұлы Қосай-(Шабанқара).
Қосай біздің тура атамыз. Пыштанай батырдың әкесі, Бегіске ағалығы бар. Қосай атамыз өз заманында. Қара-Қосай балуан атанған, зор денелі, шабан қимылдайтын адам болған екен. Үлкейе келе, денесін, шау басып көп қозғалмайтын болған. Ауыл жайлауға шығып немесе бір орыннан екінші орынға көшіп жатқанда да. Қосай атамыз қозғалмай отыра береді екен. Қосеке ел көшіп кетті ғой, ескі орында отыра бересіз бе? дегендерге: Е балалар келіп көшіріп алады ғой, дейді екен. Содан ел ішінде Шабанқара атанып кеткен екен. Қосай атамыз қайтыс болғанда, баласы Пыштанай он екі жаста екен. Содан кейін, Бегіс атамыз жеңгесі мен інісі Пыштанайды өз қолына алады. Пыштанай атамыз төртбақ денелі, жауырындары қақпақтай, екі иығы мен мойыны тұтаса біткен, аса қарулы, шапшаң, ат құлағында ойнайтын шабандоз, құралайды көздемей түсіретін мерген, еш нәрседен қорықпайтын жүректі де батыл болып өскен. Қосайдың кенже інісі Қожай Есенғұл руынан шыққан Айша анамызға үйленгеннен кейін, көп кешікпей, оқыстан қайтыс болады да, төркініне кеткен Айша анамыздың ішінде бала кетеді. Бала нағашыларының қолында туылып, атын Бөлек қояды. Пыштанай он сегіз жасқа толғанда бір күні Бегіске: Көке, соңғы жылдары ел ішінен бір әңгіме естіп жүрмін, рұқсат етсеңіз соның жайын сұрайын деп едім дейді. Бегіс атамыз басын көтеріп: Ол не әңгіме балам анығын білсем айтайын деп қасына отырғызады. Көке бұл әңгіменің жайын Құдайберді мен Орман ағаларымнан сұрап едім, олар жарытып ештеңе айтпады сізге сілтеді. Марқұм Қожай көкем қайтыс болғаннан кейін, Айша жеңгем төркініне барып ұл туыпты, атын Бөлек қойыпты, сол ұл кәзір алты жаста, нағашыларының қолында өсіп келеді дейді рас әңгіме ме? дейді. Ие балам рас әңгіме, Қожай көкеңнің жүзін өткізгеннен кейін Айша келін төркініме барып келейін деп рұқсат сұрады. Келін сол кеткеннен кейін қайтып оралмады босанғаннан кейін бір екі жыл өткен соң. Қаратөбе жақтағы Таналарға ұзатылып кетті ал бала нағашы атасы біздің құдамыз Келдібай ақсақалдың қолында қалды. Баланы қайтарып өз туыстарына қосайындеп біраз жұмыстандым. Екі үш рет арнайы адам жіберіп сұратқаныма Келдібай құда ыңғай бермеген соң, бала үш жасқа толғанда өзім бардым. Келдібай құда жақсылап қарсы алып қонақтап ертеңінде жүрерімде. Құда шаруаңды сұрамай ақ кешеден біліп отырмын. Құдай басқа салған соң, амал бар ма қызым келген соң қайтадан барғысы келмеді менде күштей алмадым. Келінімізді аламыз деп сізде дау-дамай шығарған жоқсыз жас жанның жанын түсініп басына бостандық бердіңіз. Оныңызға шексіз разымын рахмет айтамын. Қожайдан қалған кішкентайды сұратып бұрында екі рет адам жібергенсіз, енді өзіңіз келіп отырсыз. Не айтамын? Қолымда туылып, бауырымда өсіп, исі сіңіп әбден бауыр басып кеттім, оның үстіне менде толып тұрғаным жоқ, анау жалғыз ұлға бауыр серік іні болсын деп қимай жүрмін. Қыздан тоғанның қиығы жоқ, деген ғой бала сізге немере болса, мағанда немере көзімнің тірісінде оған шеттік кемдік көрсетпеспін. Құдалығымыз туыстыққа жалғассын бір ұрпағыңды маған қи құда!? деп Келдібай отырып қалды. Мен де ештеңе айталмай жүріп кеттім, деп Бегіс әңгімесін аяқтады.