Шоғы (Қырықмылтық) батыр Мұңалұлы (1667–1726) — Байұлы тайпасы Адай руынан шыққан айтулы батыр. Айтулы тұлға Баһадүр Бөкенбай мен Есет Көкіұлының замандасы.[1] Қазақ халқының басқыншы қалмақ-жоңғарларға қарсы тұрған талай ұрыс алаңдарында көзге түскен Шоғы батыр бекінісі мықты, қорғанды қала саналатын Сауранды қайтарып алу үшін болған шешуші айқасқа қазақ әскерінің Бас батыры болып қол бастап, жеңіске жетіп, ұрыста өзі қатты жараланып, ерлікпен қаза тапқан.[2]
Қырықмылтық