Байталяков Қозы Азаматұлы, 1992 жылы 13 желтоқсанда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Ивановка ауылында дүниеге келді. 1999 жылы Кәрім Мыңбаев атындағы мектепке 1-ші сыныпқа барып, 2010 жылы мектепті аяқтады. Мектепті аяқтаған сон, 2010 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне \”Құқықтану\” мамандығына түсіп, оны 2014 жылы үздік (қызыл) дипломмен аяқтады. 2014 жылы сол университетке \”Кеден ісі\” мамандығы бойынша магистратураға түсіп, оны 2016 жылы аяқтады. 2017 жылдың 10 ақпанынан бастап, \”Нұра ауданы әкімі аппараты\” мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы болып қызметін бастады. 2020 жылдың қараша айынан бастап, сол бөлімнің басшысы лауазымында қызмет атқарып келеді. Жастайынан спортпен шұғылданады, сүйікті спорт түрлері: футбол, жеңіл атлетика, волейбол. Хобби – балық аулау. Әкесі – Азамат, 1969 жылы туған. Анасы – Айгүл, 1969 жылы туған. Екі бауыры бар, Азат және Жасұлан. Әкесі Азамат, көп жылдар бойы ауылда сварщик (дәнекерлеуші) болып жұмыс атқарған, қазір үйде үй шаруашылығымен айналысады (мал өсіру), анасы Айгүл, ауыл мектебінде тарих пәнінен сабақ береді. Екі бауырыда анасы сияқты мұғалім, Жасұлан информатика пәнінен, ал Азат денешынықтыру пәнінен. Бауыры – Азат, 2021 жылы отбасы құрды, жолдасы Аяулым. Спорт саласында өте көп жетістіктерге жетті, жеңіл атлетикадан ауданның 7 дүркін чемпионы, облыстың 1 дүркін чемпионы. Шағын футболдан ауданның 5 дүркін чемпионы, ал облыстан «Кока кола» былғары доп шағын футбодан қола жүлдегері.

Байталяков Қозы Азаматұлы туралы
Tagged on: