Мұхтар Бердіханұлы-Бейнеу гимназиясының алғашқы директоры.

Артына өшпес із қалдырған тұлға, ақ сөйлеп, адал өмір сүру мен әділдіктің болмысындай болып өмірден өткен Мұхтар Бердіханұлы-Бейнеу гимназиясының алғашқы директоры. Обылыстың ауылдық жерінде ашылған тұңғыш гимназиясының жұмысының алға басуы, ұжымның қалыптасуы, материалдық тұрғыдан жабдықталуы-барлығы Мұхтар ағайдың шебер ұйымдастыра білуінің арқасында қол жеткізген үлкен еңбек. Мұхтар ағайдың тура мінезді, белсенді мықтылығын, білімдарлығын, адамгершілігін, туған топырағына сіңірген еңбегін замандастары бағалайды, мойындайды. Бейнеу гимназиясының ұжымы оның берген біліміне тәнті болып \” Ұрпақ бойына ұлттық қан мен ұлттық жан енгізуді мақсат тұтқан парасатты, білікті басшы еді\”-деп бағалайды. Мұхтар Бердіханұлы өзі өмірден өткен соң, 2018 жылы жарық көрген \”Құндыз ғұмырдың\” тұсауын кескен ардагер ұстаз Бақыт Бозов ағай айтпақшы:

Ол-өзі білім алған Сам мектебінің мақтанышы, Ғылым жолын қуғанда атақты ғалым болар еді. Өнер жолын қуғанда, белгілі өнер адамы болып шығар еді. Өзі мектепте мондалина, домбыра тартқан.

Құрылғанына 45 жыл болған Бейнеу ауданының білім беру саласын дамытуда Мұхтар Бердіханұлының үлкен үлесі бар. Ол ірге тасын қалаған Бейнеу гимназиясы аз ғана жылдар ішінде облысқа, республикаға танылып, республикадағы таңдаулы он мектептің қатарына енді. Облыстағы тұңғыш екі \”Алтын белгі\” иегерінің бірі осы мектептің түлегі болды. Гимназияда мықты мұғалімдерден құралған кадырлық әлеуетті қалыптастырады. Бүгінгі гимназияның жас ұжымы ардақты ұстаздың есімін, оның ел үшін атқарған ерен еңбегін ұмытпайды…

 

Мұхтар
Tagged on: